- •050609 – «География» және 050116 – «География» мамандықтары үшін
- •1.1. Оқытушылар жөнінде мәлімет:
- •1.3. Пререквизиттер:
- •1.4. Постреквизиттер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. «Саяси география геосаясат негіздерімен» пәнінен тапсырмаларды тапсыру және орындау кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •Студенттердің білімін бағалаудың рейтингілі шкаласы
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар.
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •1.8. Бағалау хабарламасы:
- •Төменде білімді бағалаудың шкаласы берілген Бақылау-шкаласы
- •2.2. Дәріс сабақтарының тезистері
- •2) Өтпелі экономика елдері.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Зертханалық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып: Геосаясат және саяси география: бір-бірімен байланыстылығы және қарым-қатынастылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2 Тақырып: Дүние жүзі саяси географиясының дамуы және қоғамның саяси – аумақтық ұйымдасу концепциясы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •3 Тақырып: «Қырғи қабақ соғыстан» кейінгі әлем: бірполюстік және көпполюстік
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •4 Тақырып: Қазақстан – Ресей қарым-қатынасы: проблемаларының экономикалық-географиялық және геосаяси аспектілері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •5 Тақырып: Қазақстан – Қытай қатынастарындағы мемлекеттік шекара проблемалары, делимитация және демаркация мәселелері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •6 Тақырып: Орталық Азия мен Қазақстандағы басты геосаяси мүдделері бар күштер мен топтар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2.5 Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстарының жоспары
- •1 Тақырып. Қазіргі таңдағы еуразиялық мәселелер бойынша қр Президентінің геосаяси еңбектеріндегі, оның негізгі идеяларын анықтау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қр Президенті н.Ә.Назарбаев еңбектері
- •2 Тақырып. Еуразияның географиялық, саяси және экономикалық біртұтастығына сипаттама беру.
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •3 Тақырып. Саяси география. Оның 1960-1970 жылдардағы анықтамасы. Қазіргі кездегі анықтамаларына талдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •4 Тақырып. Дүние жүзі саяси географиясының дамуының негізгі кезеңдері, олардың сипатты белгілері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •5 Тақырып. Соңғы жылдардағы «мемлекеттік идея» (ұлттық идея) және иконографияның дамуы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •6 Тақырып. Саяси географияның жаңаша даму бағыттары, әлемдік саяси географияның дамуындағы, оның қазіргі кезеңінің бұрынғыларынан айырмашылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •7 Тақырып. Қоғамның саяси – аумақтық ұйымдасуы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •8 Тақырып. Дүниежүзілік жүйе және шекараларды зерттеулердің қазіргі қағидаларының байланыстылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •9 Тақырып. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері
- •10 Тақырып. Тмд елдерінің геосаяси және экономикалық жағдайы
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •1 Тақырып: Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы, қалыптасу кезеңдері
- •Тақырып 2. Австралия мен Мұхит аралдары елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 3: Африка елдері саяси картасының қалыптасуы
- •Тақырып 4: Шетелдік Азияның саяси картасы
- •Тақырып 5: Латын Америкасы елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 6: Еуропа елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 7: Ғаламдық бейбітшілікті сақтау мәселелері
- •Тақырып 8: Саяси тұрақсыздық – ғаламдық мәселе
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Саяси география геосаясат негіздерімен пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
- •050609 – «География» және 050116 – «География» мамандықтары үшін
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
2) Өтпелі экономика елдері.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы.
ТМД елдеріне жалпы экономикалық-географиялық шолу,аймақтың саяси картасы (4 сағат)Дүние жүзінің саяси картасындағы ТМД-ның орны.Пәннің мақсаты, курс міндеттері, оның әдістемелік міндеттері.Курстың экономикалық , саяси, әлеуметтік география жүйесіндегі орны, әдебиеттерге шолу.
1991 жылы КСРО-ның күйреуі нәтижесінде 15 тәуелсіз мемлекет пайда болса, оның 12-сі Ресей, Украина, Белорусь, Молдова, Грузия, Армения, Азербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Таджикстан, Қырғызстан өзара келісім негізінде бірікті, қалған 3 республика аймақтық жіктеу бойынша ОШЕ елдеріне жатады. Ынтымақтастық территориясы Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азияның көп бөлігін, солтүстігінде Солтүстік мұзды мұхит, шығысында Тынық мұхит, батысы және оңтүстік батысында Атлант мұхит суларымен шайылып жатыр. Жер көлемі бойынша бұл аймақ 22,25 млн км² жерді алып (жер шарының 5%-і), батыстан шығысқа қарай 10 мың км, солтүстіктен оңтүстікке 4500 км-ге созылып бірнеше белдеулік табиғат зоналары ( шөл зонасы, тундра, орманды тундра, орман зонасы, орманды дала, дала, жартылай шөл және субтропикалық белдеуде болып II сағаттық белдеуде) орналасқан. Барлық мемлекеттер өзінің тәуелсіздігін алған соң бірыңғай республикалық басқару формасын таңдады.
ТМД елдерінде 100-ден аса ұлттар мен ұлыстар өкілдері тұрады. Халқы 290 млн. адамнан асады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемімен Ресей, Украина, Қазақстан ерекшеленсе, Өзбекстан, Армения, Азербайжан, Түркменстан, Қырғызстан, Грузия, Молдова, Тажікстан төменгі дәрежеде.
ТМД – қоғамдық-саяси шаруашылықтың әртүрлі салаларында біріккен аймақтық саясат жүргізетін өзінше бір іс-әрекеті бар интеграциялық құрылым.Дүние жүзілік банктің бағалауынша ТМД елдері экономикалық либерализациялау деңгейі бойынша елдерді 2 топқа бөледі. Бірінші топқа Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Грузия, Армения кіреді. Бұл елдерде бұрынғы экономикалық байланыстар жойылып, жаңа құрылымдар жүргізілсе, екінші топқа Белорусь, Өзбекстан, Тажікстан, Түркменстан, Украина, Азербайжан кіреді. Бұл елдерде нарықтық экономикаға біртіндеп көшу және экономикасында әлі де болса мемлекеттік сектордың үлесі басым ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері. Қазіргі таңда орын алып отырған проблемалардың түп негізі тарихпен тамырлас мәселелер. Осыдан бұрын, дәлірек айтсақ, 1991 жылы желтоқсанда, тұтастай Еуразия цивилизациясында және ортақ халықтық шаруашылық кешені тарихында төңкеріс орын алды.
ТМД-ның геосаяси жүйесі және оның даму кезеңдеріне сипаттама. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)- дүние жүзінің саяси картасында. Дүние жүзінің саяси және экономикалық картасында ТМД ерекше аймақ ретінде ерекшеленді. . ТМД-ны ұйымдастыру мәселесі 1993 жылдың қаңтар айында шешілді және ТМД уставы қабылданды. 1996 жылы ТМД туы және эмблемасы ережелері бекітілді.
Қазіргі кезде 50-ден аса мемлекетаралық консультативтік және кординациялық органы бар. ТМД-ның жоғарғы органы – мемлекет басшыларының Кеңесі (12 президент), Үкімет басшылары Кеңесі (12 премьер –министр).
ТМД экономикалық және әлеуметтік географиясы.8 желтоқсан 1991 жылы Белоруссияда, Беловеж пущасындағы Вискуль қаласында Ресей Федерациясы, Украйна, Белорусь республикалары ТМД-ны құру жөнінде келіссөз жүргізді. 21 желтоқсан 1991 жылы Алматыда 11 мемлекет басшылары жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тең праволы ұйымын құру жөнінде мәмілеге қол қойды. 1993 жылдың желтоқсанында ТМД құрамына Грузия қосылды. Осы жылдар аралығында ынтымақтастық елдері арасында бірнеше одақтар мен интеграциялық топтасулар жүргізілді. 15 мамыр 1992 жылы Ташкентте Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздік келісіміне қол қойды. Бұған 1993 жылы Азербайжан, Грузия және Белорусь қосылды. Ол күшіне 20.04.1994 жылы енді. Ал 1999 жылы келісімнің 5 жыл мерзімінен кейін, оны тек Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан жалғастырды.
1995 жылдың қаңтарында нарықтық шаруашылық принциптеріне негізделген және заңдастырылған сипаттағы экономиканы реттеудің бір типті механизмі мен бірыңғай таможнялық территория принциптеріне негізделген мемлекеттердің экономикалық бірлестігі Кедендік Одақ құру қабылданды. Бұған мүше ретінде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан. 1996 жылдан 2000 жылдың қазан айында осы Кедендік Одақ базасында Евразия экономикалық қоғамдастығы құрылды. Мүше елдер:Белоруссия, Қазақстан, Киргизия, Ресей, Тажікстан. 1997 жылы Франциядағы Страсбург қаласында экономикалық блок ГУАМ құрылды, оған Грузия, Украина, Азербайжан, Молдава кірді.
1999жылы НАТО юбилейіндегі Саммитте Вашингтон бұл одаққа Өзбекстан қосылды. Содан блок ГУУАМ деп аталды. 2000 жылы Нью Йоркте бұл блок халықаралық ұйым статусын қабылдады. 1993 жылы қыркүйекте үш мемлекет басшылары Қазақстан, Киргизия, Өзбекстан экономикалық Одақ құру жөнінде келісімге қол қойды. 1994 жылы экономикалық интеграцияны тереңдетіп еркін сауда және қызмет көрсету келісілген есептік таможнялық, валюталық саясатқа негізделген бірыңғай экономикалық кеңестік келісіміне қол қойды.
1994 жылы шілдеде аймақтық ұйым (ЦАС) Орталық Азия Одағы құрылды. 1998 жылы блоктың жаңа аты (ОАЭҚ) Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы яғни бұл ұйым аймақтық интеграциялық бірлестік деп аталынды. Бұған бақылаушы ретінде Ресей, Украйна, Грузия,Турция, ал мүше ретінде Өзбекстан, Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстан 1998 жылы кірді.
2000 жылы қаңтарда Ресей – Белоруссия Одағы құрылды. Одақтық мемлекеттердің жоғарғы мемлекеттік кеңесінің төрағасы болып,Белоруссия Президенті А.Г.Лукашенко сайланды.90-жылдары ТМД көптеген елдерінде экономикалық құлдырау жүргізілді.
2001 жылдың бас кезінде Достастық елдерінде 280,7 млн. адам тұрды немесе дүние жүзі халқының 7%-і. ТМД елдерінің өнеркәсіптік потенциалы дүние жүзінің жобамен 10%-ін құрайды, табиғи қорлардың негізгі түрлерінің 25%-ы. Ал Оңтүстік Шығыс Азия аймағы елдерінде, АСЕАН-де 428 млн. адам мекендесе НАФТА (АҚШ, Канада, Мексика) -398 млн. адам, ЕО-те 27 елінде 553 млн. адам. Достастық елдері жер шарының 17% территориясын алып жатыр немесе Евразия құрлығының ½ бөлігі. НАФТА 16%, АСЕАН -3%, ЕО - 7%, Қытай 7%, АҚШ 7%. ТМД елдері мұнай өндіруден -11%, АСЕАН - 4%, ЕО-5%, Газ, электр энергиясын өндіруден НАФТА-ға орын береді. ТМД елдері астық өндіруден 5%, ЕО-8%, АҚШ-15%, Қытай - 23%. ТМД елдерінде сыртқы сауда айналымында бұл елдердің үлесі өз ішінде -30% болса, НАФТА-да 50%, ЕО-та - 60% көлемінде.
ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері. Қазіргі таңда орын алып отырған проблемалардың түп негізі тарихпен тамырлас мәселелер. Осыдан бұрын, дәлірек айтсақ, 1991 жылы желтоқсанда, тұтастай Еуразия цивилизациясында және ортақ халықтық шаруашылық кешені тарихында төңкеріс орын алды.
ТМД елдерінің көпшілігі 2008 жылы Адам дамуының индекстік көрсеткіштері бойынша орташа дамыған елдердің тізіміне ілікті. Ол туралы БҰҰ-ның Адам дамуы туралы Бағдарламасында мәлім болды. Соның ішінде Қазақстан – 73 орында, Украина - 76, Армения - 83, Грузия - 96, Азербайжан - 98, Түркменстан - 109, Өзбекстан - 113, Қырғыстан – 116 және Тәжікстан – 122 орындарда тұр. Ал Литва, Эстония, Латвия, Белоруссия және Ресей жоғары дамыған елдердің ішінде, тиісінше, 43, 44, 45, 64 және 67 орындарда тұр. Рейтинг экономикалық көрсеткіштер (халықтың тұрмыс деңгейі және жан басына шаққандағы ұлттық өнім) және демографиялық көрсеткіштер (денсаулық және орташа өмір ұзақтығы, сауаттылық және ғылым мен білімнің дамуы), экологиялық жағдай бойынша жыл сайын шығарылып отырады. Биыл «адамның қарапайым бақыттылығы бойынша» жоғары дамыған елдер ретінде - 69 ел, орташа дамыған елдер ретінде - 88 мемлекет, ал төмен дамыған елдер болып 22 ел танылды.
3) Дамушы елдер. Оларға: Латын Америкасы елдері, Шетелдік Азия елдері, Африканың дамушы елдері жатады.
Латын Америка елдері
Латын Америкасы деп АҚШ пен Антарктиданың аралығында орналасқан Батыс жарты шардағы аймақты атайды. Оған Мексика, Орталық Америка елдері, Вест-Индия және Оңтүстік Америка жатады.
Вест-Индия, Орталық Америка және Мексиканы Кариб бассейні субрегионы немесе МезоАмерика (орта Америка) деп атайды.
Оңтүстік Америкада 2 субрегион ерекшелінеді: (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия,) және Ла–Плата елдері немесе Атланттық (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия).
Латын Америка атауы тарихи қалыптасып Пиреней түбегіндегі роман (латын) тілдес халықтардың, яғни негізінен испандықтар мен португалдықтардың 15-13 ғ. жаулауы, осы жердегі халықтардың мәдени және әдет-ғұрыптары мен тіл қатынастарының байланысында үлкен әсерін тигізді. Басқа Европа елдерінің (Ұлыбритания, Франция, Нидерландия) бұл аймақтағы отарлары аса ауқымды емес және санына сәйкес олардың ықпалы да аса зор емес. Қазіргі кезде 35 тәуелсіз мемлекет, олардың ішінде 18 – нің (63% халық мемлекеттік және арнайы қатынас тілі испандық, Бразилияда 34% португалдық, ал 14 кіші мемлекеттерде арнайы қатынас тілі француз 3%, англиялық (Гайана, Тринидад, және Тобаго, Барбадос, Ямайка, Багам аралдары, Гренаде, Доминика, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Сент-Китс және Невис, Антигуа және Барбуда, Белиз) голландық Суринам.
Латын Америкасы елдерін өткен тарихи тағдырларының жалпылығымен қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайлары және т.б. біріктіреді. Бұлардың барлығы бұрынғы Европалық мемлекеттердің отарлары. Испан отарларының көпшілігі тәуелсіздігін ұлт азаттық соғысында 1810-1825ж. жеңіп алды. Тәуелсіздікті жаңа ғана алған кезде бұл мемлекеттер әуелі Англия мен Францияға, одан кейін АҚШ-қа қаржы жағынан тәуелді болды.
1959 ж. қаңтарда Куба халқы ұлттық тәуелсіздігі үшін қарулы көтеріліс арқылы жеңіске жетті. Латын Америкасындағы демократиялық қозғалыстардың нәтижесінде 1979ж. Никарагуа халқы да өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
АҚШ өзінің ертеде басып алған территорияларына (Пуэрто-Рико, бұл АҚШ-қа еркімен қосылған территория статусы бар), Панама каналы және Виргин аралына үстемдік жүргізуде. Олар енді әскери базаларын орналастырған. 1973ж. Чили халқы бірлігі демократиялық үкіметі құлады.
Латын Америкасы солтүстіктен оңтүстікке 13 мың км-ге созылып жатыр. Шығыстан оны Атлант мұхиты сулары, батыстан Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Елдердің теңіз жағалауының орындары аймақтағы халықтың орналасуы мен экономикалық дамуында аса маңызы зор. 35 мемлекеттен тек екеуі Парагвай және Боливияның теңізге шығу мүмкіндігі жоқ.
Шетелдік Азия
Шетелдік Азия: Қиыр Шығыс, Оңтүстік Азия, Онтүстік-Шығыс Азия, Батыс Азия (Таяу және Орталық Шығыс) географиялық аудандарына бөлінеді.
Территориясы, шекаралары, орны. Қытай, Монғолия, ҚХДР, Ветнам – Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азия аймақтық тобын құрайды, жер көлемі 12 млн. ш.ш. бұл шетелдік Азия жерінің 2/5 бөлігінен астамы, жер көлемінің көпшілік бөлігі Қытай мен Монғолияға жатады.
Елдердің экономикалық – географиялық жағдайы негізінен үш белгісімен көзге түседі:
Біріншіден, Монғолия мен ТМД, Қытай мен ҚХДР арасындағы кең таралған көршілік жағдайы. Қытай Халық Республикасы мен ТМД арасындағы қарым–қатынас жақсарғалы, экономикалық және ғылыми–техникалық ынтымақтастық ұзақ мерізмді бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бұл елдер арасындағы көршілестіктің де маңызы арта түсті.
Екіншіден, Қытай, Корей Халық –Демократиялық Республикасының, Вьетнам Социалистік Республикасының теңіз маңында орналасуы. Тынық мұхит теңіздеріне шығуға қолайлы жағдайы бұл елдердің ТМД–мен, Жапония, АҚШ, тағы басқа елдермен сауда – экономикалық байланыстарын жақсарта түсуіне алғышарттар жасайды. Вьетнам территориясы Оңтүстік Қытай теңізін жағалай жіңішке алқаппен 1700 км-ге дейін созылып жатыр. Ал тереңдігі 50–ден 500 км-ге жетеді. Географтар сырт кескініне қарап, бұл елді бейнелі түрде «Тынық мұхиттың үстіндегі Үндіқытай балконы» деп атайды.
Үшіншіден, Монғолияның материкте ішкері орналасуы бұл елдің дамуын ғасырлар бойы тежеп келеді. Материктің төрінде жатқан Монғолия территориясы теңізге ұласпайтын дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет.
Африка елдері
Африка дегеніміз Жер шары құрлығының 1/5 бөлігі, онда 600 миллион адамға жуық халқы бар. 50–ден аса мемлекет орналасқан. Көптеген ғалымдардың пікірінше, нақ осы континент адамзаттың бесігі болған. Әлемнің басқа да аудандары сияқты мұнда да адамзат қоғамының өркендеуіне өз үлестерін қосқан ежелгі өркениеттер болған.
Осыдан біраз ғана уақыт бұрын Африканың бүкіл саяси картасы түгел дерлік отаршыл державалар: Англияның, Францияның, Белгияның, Португалияның, Испанияның түстерімен ала–құла болатын. 1990 жылы Африка континентіндегі ең соңғы отар – Намибия егемен мемлекет болды. Бүгінде Африка (ОАР-ды қоспағанда) экономика тұрғысынан дүниежүзілік шаруашылықтың ең артта қалған бөлігі, оның перифериясы. Мұның өзі көбіне Африка халықтарының тағдырына ауыр зардабын тигізген отаршылдықтың салдары.
Африкада табиғи ресурстар мол. Бұл ең алдымен минералды ресурстар. Бүгінде Африканың пайдалы қазбалар картасы едәуір «байыды» және тегі мен ауқымы алуан түрлі шикізат қорларының бар екенін көрсетеді.
Африканың саяси картасының қалыптасуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі Африканы бөлу. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси картада болған түбегейлі өзгерістер; бұрын-соңды болып көрмеген ұлт-азаттық қозғалыстар және Англия, Франция, Италия, Бельгия колониялық империяларының құрылуы. Қазіргі Африканың негізгі саяси және әлеуметтік-географиялық проблемалары. Неоколониализм және оған қарсы Африка халқының күресі. Африкадағы халықаралық саяси топтар және ассоциациялар. "Ортақ рынок", НАТО және Африка. Африка бірлік ұйымы (ОЕА) жэне басқа да маңызды ұйымдар мен одақтар.
Негізгі әдебиет: [1,2,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57-64]
Дәріс 5. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл – өте ұзаққа созылған, мыңдаған жыл тарихы бар үрдіс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі замангы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпайды.
Ежелгі кезең (б.з. V ғ. дейін) – алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар – Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ертедегі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңдегі жер бөліктеріндегі негізгі өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V-X ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер санында: Византия, Араб Халифаты, Киев Русі, Шыңғысхан және Осман империялары, Франция мен Англия, т. б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан ХХ ғ. басына дейін – капиатализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашулардың өзі Жаңа дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс – отаршылық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты.
Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптарсуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда.
ХХ ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81-ге жетті. Бұл елдердің көбі өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарына осындағы ас ірі елдер – Үндістан, Индонезия, Пәкістан, Филиппин, т. б. бар.
Осы заманғы саяси картаның алғашқы кезеңі мен 1980 жылдардың соңғы межесіне дейінгі уақытты шартты түрде оның екінші кезеңі дейді. Бұл кезеңде орталық империялар ыдырап, олардың орнында ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінде дамушы елдер деп аталынатын жүзден астам жас тәуелсіз мемлекеттер саяси картада пайда болды.
1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері – Литва, Латвия және Эстония тәуелсіздіктерін алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін, оның орнында егеменді, жас тәуелсіз мемлекетер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.
1993 жылдың қаңтарында Чехословакия Федарациялық Республикасы өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнында тәуелсіз екі мемлекет: Чехия және Словакия республикалары құрылды. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының осы үшінші кезеңіне өзіміз куә болып отырмыз.
Қазіргі кезде дүние жүзінің саяси картасында 200-ден астам егеменді тәуелсіз мемлекеттер бар. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына 194 мемлекет мүше.
«Шағын елдер» деп аталатын ұсақ мемлекеттер: Ватикан, Кирибати, Тувалу, Тонга корольдігі, Науру және т. б. елдер, БҰҰ-на қаржы және басқа да себеп-мүмкіншіліктеріне қарай кірмейді. Ал Швейцария (БҰҰ жұмысына бақылаушы құқында қатысады), осы күнге дейін оған кіру-кірмеуін әлі шеше алмай отыр. Алайда бұл елде әр түрлі жүздеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде БҰҰ-ның көптеген арнаулы мекеме-ұйымдарының штаб-пәтерлері орналасқан.
Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары.
Егеменді мемлекеттермен қатар қазіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршеңдігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол автономиялық құрылымнан (1994ж.) әлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.
Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1. Отарлар, яғни БҰҰ-ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді аумақтар, бұларға бостандық берілуі қатаң түрде талап етіледі.
2. Негізгі аумақтар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жер, бірақ БҰҰ-ның тізіміне кірмеген. Себебі оларды басқарушы мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар «теңізден арғы департаменттер немесе аумақтар», «еркін қауымдастықтағы мемлекеттер», т. б. болып табылады.
Франция Полинезияны 1958 жылдан өзінің «теңізден арғы аумағы» деп жариялап, онда (Муруроа аралы) мұхит кеңістігінде әлі күнге дейін ракеталық-ядролық қаруын сынақтан өткізуін тоқтатпай отыр (жұртшылыққа осыдан оншақты жыл бұрын мұндағы полигонында Францияның бірнеше дүкін ядролық жарылыыстар жасағаны белгілі). Ал Францияның Оңтүстік Америкадағы тағы бір отары – француз Гвианасы «теңізден арғы департамент» болып саналады. Оның Куру қаласы маңында 1968 жылы салынған ғарыш орталығы мен ғарыш айлағын Франциямен қоса бірнеше Батыс Еуропа компаниялары да Жердің жасанды серіктерін ұшыруға бірлесіп пайдалануда.
Негізгі әдебиет: [1,2,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,55-67]
Дәріс 6. Әлем картасындағы Қазақстан
Қазақстан Республикасы 1991ж. 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін айқын сыртқы саясат жүргізе бастады. Тек осы кезден бастап қана Қазақстан әлемдік аренаға халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретінде шықты.1991 жылдың соңына дейінгі екі апта ішінде Қазақстан тәуелсіздігін 18 мемлекет танып үлгерді, олардың ішінде Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан бар. Бұрынғы одақтық республикалар бір- бірінің дербестігін мойындады. Қазақстан орталық езгіден құтылып, әлемдік қауымдастықтың тең құқыөты мүшесі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін әлемнің басқа елдерінің тануы өте тез өтті. 1992ж. наурызда Қазақстан ең ірі және беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесі болды. Сондай-ақ, Қазақстан Дүниежүзілік банктің, Еуропа қайта құру және даму банкінің, Халықаралық валюта қорының, ЮНЕСКО-ның мүшесі болды.
Әлемдік қауымдастықпен бірігуге қарай жасалған үлкен қадам Финляндия астанасы Хельсинкиде жасалды, мұнда Қазақстан КСРО мен СФРЮ (Югославия) ыдырағаннан кейін пайда болған басқа да елдермен бірге, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) қорытынды актісіне қосылды.
БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі. Қазақстан 2 наурыз 1992 жылы БҰҰ-на кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды, осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыда рәсімдеді.
Қазақстан БҰҰ-да әлемдік қоғамдастықтық қатардағы жаңа мүшесі ретінді ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық мәселелері бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992 жылы Лиссабонда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпаутуралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғарғы мінбелерінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моральдық құқық берді. 1992 жылы күзде өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясы тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстандық делегация қатысқан алғашқы форумы болатын. Осы сессияда президент Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы сөз сөйледі.
Әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі БҰҰ-ның жаңа рөлін назарға ала отырып, Н.Назарбаев былай деп мәлімдеді: «Болып жатқан Бас Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн тәртібін белгілеудіталап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл орайда мен ықтимал шиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға бағытталған саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын, сондай-ақ пайда болуыныңөзі жан–жақты болжамдық талдауды талап ететін мәселелер қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды орын алады».
1965 жылы құрылған БҰҰ-ның даму бағдарламасы (ПРООН) Қазақстан ынтымақтастығында бізге ұлттық қарарды дайындауда және экономиканың түрлі секторындағы нарықтық реформалардың сондай-ақ қайта құрулардың мәселелері бойынша консультативтік көмек беруде жәрдем көрсетуде. ПРООН консультанттары жекешелендірудің ұлттық бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму жөніндегі іс-қимылдарының ұлттық жоспарын, әйелдердің жақсарту мен тұрақты даму жөніндегі іс-қимылдарының ұлттық жоспарын әлеуметтік дамуға жәрдемдесу жоспарын, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеуде және жүзеге асыруда өкіметке көмек көрсетуде.
Қазақстан Республикасы Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі БҰҰ-на 1992 жылы мамырда қабылданды. ЮНЕСКО Абайдың 150 жылдығын, М.Әуезовтың 100, Қ0.Сатпаевтың 100, М.Дулатидің 500 жылдығын, Түркістан қаласының 1500 жылдығын мерекелеуге белсенді түрде қатысты. Осы ұйым 10 атаулы, оның ішінде Қожа Ахмет Йассауи кесенесін және Тамғалы шатқалының петроглифтерін қамтитын «Қазақстанның мәдени және табиғи мұралар объектілерінің алдын-ала тізбесін» бекітті. ЮНЕСКО күнтізбесіне Тараз қаласының 2000 жылдығы, Ғ.Мүсіреповтың 100 жылдығы, Махамбет Өтемісовтың 200 жылдығы сияқты айтулы күндер енгізілді.
БҰҰ-да Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БЖКБ) жұмысына зор маңыз беріледі. БҰҰ БЖКБ-ның Орта Азияға келуі 1993 жылдың ақпан айынан басталады, сол уақытта Тәжікстандағы азамат соғысының салдарына байланысты БЖКБ Душанбе мен Ташкентте Ауғанстаннан келген тәжік босқындарын орналастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру еді.
БҰҰ-ның Әйелдер Қоры (ЮНИФЕМ) әйелдер құқығы, қорғауға және олардың қоғамдағы экономикалық және саяси жағдайын жақсартуға арналған инновациялық бағдарламаларға қаржылық қолдау мен техникалық көмек көрсетеді. БҰҰ шеңберінің жүйесінде ЮНИФЕМ әйелдердің мүдделерін білдіреді және оларды үлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі барлық маңызды мәселелермен байланыстырады.
БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) БҰҰ жұйесінің жетекші ұйымы болып табылады, ол балалардың аман қалуын, олардың қорғалуы мен дамуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешумен айналысады. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында шұғыл көмек көрсетуді насихаттайды. 1994 жылы Қазақстанда ЮНИСЕФ-тің Өкілдігі бойынша жұмыс басталады.
Өнеркәсіптің даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО) өнеркәсіп саласындағы БҰҰ қызметін үлестіруді жүзеге асыру үшін Бас Ассамблеялық қарарымен 1966 жылы құрылды. 169 ел ЮНИДО –ның мүшелері болып табылады. ЮНИДО дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен шұғылданды. Қазақстан Республикасы 1997 жылы ЮНИДО мүшесі атанды.
Сауда және даму жөніндегі БҰҰ конференциясы (ЮИКТАД) БҰҰ жүйесінің басты ұйымдарының бірі, ол сауды, қаржы, технология және инвестиция саласындағы мәселелермен шұғылданады.
Қазақстанның халықаралық Еңбек ұйымымен (ХЕҰ) ынтымақтастығы 1993 жылы кірген кезінен бастап Қазақстандық заңнаманы халықаралық еңбек құқығының нормаларымен сәйкес келтіру ХЕҰ іс-шараларымен біздің еліміздің өкілдерінің қатысуы деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Қазақстан 1994 жылдың 14 ақпанынан бастап Атом энергетика жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) 121 мүшесі болды. Оған дейін біздің еліміз ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. Шарттың ережелерінде кепілдікті қолдану туралы ҚР мен МАГАТЭ арасындағы келісімге қол қойылды.
1992 жылы шілде айында ҚР азаматтық Авиацияның халықаралық ұйымы туралы конвенция бекітті және осы арқылы өзінің ИКАО-дағы тең құқылы мүшелігін қуаттады. ИКАО осы ұйымның Ассамблеясы және Кеңесі әзірлеген немесе мақұлдаған халықаралық әуе көлігін реттеудің мәселелері бойынша өзінің саясаты туралы түрлі жарияланған мәлімдемелерін, сондай-ақ ИКАО органдары әзірлеген нұсқаулық материалдар мен ақпаратты Қазақстанға жіберіп отырады.
Теңіз флотының қызметі Халықаралық Теңіз Ұйымының (ХТҰ) құжаттарымен реттелетін халықаралық ережелерді сақтауды талап етеді, бұған теңіз қауіпсіздігіне, кеме қатынасының тиімділігіне, үкіметтер тарапынан кемсітушілік шараларымен басы артық шектеулерді болдырмауға қатысты халықаралық сауда қатынасы жөніндегі құжаттар да жатады. Осыған байланыста 1994 жылы Қазақстан ХТҰ-ның негізге алынатын кейбір конференцияларын бекітті. ХТҰ-ға мүше болу біздің кемелерімізге әлемнің халықаралық айлақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауымен кіруіне құқық беретінін атап айту керек.
1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымына (ФАО) кірді және осы ұйымның175-і мүшесі болды. ФАО-мен ынтымақтастық мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: зиянкесжәндіктерге қарсы күрес, ауылшаруашылығы жөнінде статистикалық деректерді жинау, ауылшылығында ақпараттық-маркетингтік жүйе құру, Семей аймағын оңалту, су ресурстарын басқару және т.б.
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) өзара іс-қимылы екі деңгейде жүзеге асырылады. Бас директор Г.Харлам-Брутленд басқаратын ДДҰ-ның штаб-пәтері (Женева) осы халықаралық ұйымның біздің елімізбен өзара іс-қимылының принципті түрдегі саяси мәселелерін (бюджет, кадр саясаты, ғаламдық бағдарламаларды ұйымдастыру) шешеді. Сонымен бірге елдік ынтымақтастық жөніндегі негізгі шешімдер ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының (ЕАБ, Копенгаген) деңгейінде қабылданады.
Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымымен (ДИМҰ) ынтымақтастық осы ұйымға 1993 жылы енген кезден бастап жүзеге асырылады, ондағы мақсат Қазақстан заңнамасын интеллектуалдық меншік саласындағы халықаралық құқық нормаларымен сәйкес келтіру.
Каспий жағалауы аймағында даму және қоршаған орта мәселелерін шешу үшін көптеген жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда, олардың халықаралық, ұлттық және аймақтық сипаты бар. Олардың ішінде Каспий экологиялық бағдарламасы (КЭБ) басты рөл ойнайды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Каспий аймағының экологиялық тұрақты дамуының және биоресурстарды басқаруды жақсартуды қамтамасыз ету. КЭБ Каспий жағалауының елдерімен халықаралық донорлық ұйымдардың сондай-ақ ірі жекеменшік компаниялардың арасындағы кооперайияға ықпал ететін үйлестіруші тетік рөлі жүктеліп отыр.
БҰҰ жүйесін реформалау шеңберінде ЮНДКП БҰҰ-ның халықаралық қылмыстың алдын алу жөніндегі рталығымен бірікті, сөйтіп, БҰҰ-ның есірткілерге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасы (БҰҰ. ЕБҚАБ) құрылды. ЕБҚАБ-тың ұсыныстарының негізінде «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымымен оларды қиянат жасап пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары» туралы ҚР Заңы қабылданды.
БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (ЕЭК) соғыстан күйреген елдерген тиімді көмек көрсету мақсатында Еуропаны экономикалық қайта түлету жөніндегі БҰҰ-ның уақытша органы ретінде 1947 жылы ЕЭК форум болып табылады, осы форумда Солтүстік Америка, Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның сондай-ақ Орталық Азиянық барлық елдері экономикалық ынтымақтастық құралдарын бірлесіп әзірлейді. Комиссияның негізгі мақсаты ЕЭК-ке мүше елдердің саясатын және практикалық іс-қимылын келісу, үйлестіру болып табылады.
Қазақстан БҰҰ-ның Аймақтық комиссиялары – ЭСКАТО-мен және БЭК-пен бірлесіп, Орталыұ Азия экономикасы үшін БҰҰ-ның арнайы бағдарламасын (СПЕКА) іске асыру туралы Президент Н.Назарбаевтың ұсынысын ілгері жылжыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Бағдарламаның мақсаты – Орта Азия мемлекеттеріне олардың өзара ынтымақтастығын тереңдетуде, олардың экономикалық дамуымен Еуропа мен Азия елдерінің экономикасына кіруін ынталандыруда жәрдем көрсету.
Түрлі халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен тығыз байланыс орнату және ынтымақтастықта дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының конвекторлық және теңгерімділік принциптерімен жауап береді. Еуропалық бағытта, бұл, ең алдымен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) және Солтүстік Атлантикалық Шарт Одағы (НАТО).
Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) қатысуының негізінде экономикалық мүдде жатыр. Тәуелсіздік алған кезден бастап түрлі деңгейлерде ИКҰ-мен байланыстарға жол ашылды. Джиддадағы (Сауд Арабиясы) ИКҰ бас хатшылығымен тұрақты түрде хат-хабар алмасу жүзеге асырылды. Қазақстан өкілдері Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің сессияларында, атап айтқанда Ислам даму Банкінің экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қонақтар ретінд қатысады.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) 1995сжылы құрылды және Дамудың аймақтық ынтымақтастығы ұйымның (Иран, Пәкістан және Түркия) құқықтық мұрагері болып табылады. Осы ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық алғашқы кезеңі, негізінен, екі жақты сипатта болды. 1992 жылы қарашада жаңа 7 мемлекет – Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрде жанданды. ЭЫҰ-ң негізгі міндеті мүшелердің үздіксіз әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін, сондай-ақ мәдени, техникалық және ғылыми салаларда балсенді ынтымақтастықты жолға қою үшін жағдай жасау болып табылады.
Өзінің қарамағына 140-қа жуық мемлекеттер біріктіретін Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) өзінше БҰҰ-ның сауда және экономикалық тұрғыдағы егізі болып табылады. Қазақстанның ДСҰ-на қосылуы Ұкімет қызметінің басымдық берілетін бағыттарының бірі болмақшы.
Қазақстан Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ) 1992 жылы 15 шілдеде кірді.
Қазақстан Республикасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) мүшелігіне 1993 жылы өтті. 1994 жылы Банк Алматыда өзінің тұрақты өкілдігін ашты, бұл бұрынғы КСРО-ның Орталық Азия мемлекеттерінің аумағындағы тұңғыш өкілдік еді.
Қазақстан Азиялық Даму Банкіне (АДБ) 1994 жылы 19 қаңтарда мүше болды. 1995 жылы 12 желтоқсанда Ислам клнференциясы ұйымына (ИКҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Конакридегі (Гвинея) конференциясында Қазақстан осы ұйымға қабылданды. ИКҰ-нің Жарғысына сәйкес осы факті біхдің еліміздің автоматты түрде Ислам Даму банкінің (ИДБ) м.шесі болғандығын білдірді. Қазақстан Республикасы шетелдік мемлекеттермен экономикалық және сауда қарым-қатынастарын бір-біріне қолайлы келісім негізінде еріктілік пен тең құқықтылық принциптерін сақтай отырып, өзара тиімді келісімдер құрады және сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін өз бетімен дербес шешеді.
Негізгі әдебиет: [1,2,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57-68]
Дәріс 7. Саяси география және геосаясат
Саяси география – география ғылымы өзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын басқа да саясаттану және қоғамдық ғылымдармен тікелей байланыстыруы нәтижесінде туындаған ғылым. Саяси географияның қазіргі уақытқа дейінгі нақты қабылданған анықтамасы жоқ. Л.Г.Молибицтің пікірі бойынша саяси география елдің саяси шекарасын зерттеу және әлеуметтік-экономикалық байланысын, саяси кезеңдегі саяси тарихын, этно-мәдени және табиғи ерекшеліктері мен аймақтарды және елдердің дамуы, олардың аудандары мен қалаларын зерттейді. «Саяси география» термині ХVІІІ ғ. пайда болған оны сол ғасырлардағы саяси жағдайларға байланысты, яғни әр елдің мәліметтерін көрсетті. ХVІІІ ғ. ортасына қарай Ресейде алғашқы саяси география кітабы жарыққа шықты. Осындай еңбектер батыста да орын тапты.
Негізінде саяси география ғылыми пән ретінде тек ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында ғана қолдау алды, ол неміс ғаылым Ф.Ратцельдің «Саяси география» (1897 ж.). Ратцельдің идеясын ағылшын ғалымы Х.Маккиндер әрі қарай жалғастырды.
Геосаясат - саяси географияның тағы ьір маңызды саласы. Колосовтың анықтамасы бойынша геосаясат ғылымының бағыты ішкі саясаттың тәуелсіз екенін зерделеу. Саяси жүйелермен халықаралық қатынастарда, экономикалық, экологиялық және басқа байланыстар елдердің физикалық және экономикалық-географиялық факторларын есепке алады. Геосаясат өзінің дамуында, саяси географияның кезеңдерін жалғастыруда.
Ф.Ратцель өзінің «Саяси география» еңбегінде «мемлекет – ол тірі ағза немесе зат, өзінің өмірі мен қоршаған ортасын анықтауда тірі ағзаларға теңеседі. Сондықтан, ол өзінің географиялық орнын жақсарту үшін мемлекет өзінің шекарасын өзгертуге құқылы» деп айтқан. 1924 ж. К.Хаусхофердің геосаяси журналы жарыққа шықты. Кейінірек ол фашистік геосаясаттың бастығы, Мюнхендегі геосаяси институттың іргетасы қалаушысы, германдық ғылым академиясының президенті болды. осы уақыт аралықтарында жүйелендірілген геосаяси ұғымдар тенді.
Географиялық жағдайдың категориясы, сипаттамалық жағдай категориясы немесе кеңістіктегі нысанның басқаға көзқарасы географияда кеңінен қолданылуда. осы санаттың бірнеше түрлері бар: физикалық-географиялық жағдай, экономикалық-географиялық жағдай, көліктік-географиялық жағдай. Саяси-географиялық жағдайда макро-, микро- ұғымдарын ажыратуға болады. Макро саяси география негізінде елдің немесе аймақтың саяси картадағы жағдайы. Мезо- ЭГЖ – елдің ауданы мен урбандалу жағдайы. Басты рөлде көршілік сипат ерекше бағаланады. Микро- елдер өзі шешетін ЭСГ, әскери-стратегиялық жағдайларды ескеріп, шекара тиімділігін шешеді.
Негізгі әдебиет: [1,2,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,53-63]
