- •050609 – «География» және 050116 – «География» мамандықтары үшін
- •1.1. Оқытушылар жөнінде мәлімет:
- •1.3. Пререквизиттер:
- •1.4. Постреквизиттер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. «Саяси география геосаясат негіздерімен» пәнінен тапсырмаларды тапсыру және орындау кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •Студенттердің білімін бағалаудың рейтингілі шкаласы
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар.
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •1.8. Бағалау хабарламасы:
- •Төменде білімді бағалаудың шкаласы берілген Бақылау-шкаласы
- •2.2. Дәріс сабақтарының тезистері
- •2) Өтпелі экономика елдері.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Зертханалық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып: Геосаясат және саяси география: бір-бірімен байланыстылығы және қарым-қатынастылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2 Тақырып: Дүние жүзі саяси географиясының дамуы және қоғамның саяси – аумақтық ұйымдасу концепциясы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •3 Тақырып: «Қырғи қабақ соғыстан» кейінгі әлем: бірполюстік және көпполюстік
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •4 Тақырып: Қазақстан – Ресей қарым-қатынасы: проблемаларының экономикалық-географиялық және геосаяси аспектілері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •5 Тақырып: Қазақстан – Қытай қатынастарындағы мемлекеттік шекара проблемалары, делимитация және демаркация мәселелері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •6 Тақырып: Орталық Азия мен Қазақстандағы басты геосаяси мүдделері бар күштер мен топтар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •2.5 Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстарының жоспары
- •1 Тақырып. Қазіргі таңдағы еуразиялық мәселелер бойынша қр Президентінің геосаяси еңбектеріндегі, оның негізгі идеяларын анықтау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Қр Президенті н.Ә.Назарбаев еңбектері
- •2 Тақырып. Еуразияның географиялық, саяси және экономикалық біртұтастығына сипаттама беру.
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •3 Тақырып. Саяси география. Оның 1960-1970 жылдардағы анықтамасы. Қазіргі кездегі анықтамаларына талдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •4 Тақырып. Дүние жүзі саяси географиясының дамуының негізгі кезеңдері, олардың сипатты белгілері
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •5 Тақырып. Соңғы жылдардағы «мемлекеттік идея» (ұлттық идея) және иконографияның дамуы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •6 Тақырып. Саяси географияның жаңаша даму бағыттары, әлемдік саяси географияның дамуындағы, оның қазіргі кезеңінің бұрынғыларынан айырмашылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •7 Тақырып. Қоғамның саяси – аумақтық ұйымдасуы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •8 Тақырып. Дүниежүзілік жүйе және шекараларды зерттеулердің қазіргі қағидаларының байланыстылығы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •9 Тақырып. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері
- •10 Тақырып. Тмд елдерінің геосаяси және экономикалық жағдайы
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •1 Тақырып: Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы, қалыптасу кезеңдері
- •Тақырып 2. Австралия мен Мұхит аралдары елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 3: Африка елдері саяси картасының қалыптасуы
- •Тақырып 4: Шетелдік Азияның саяси картасы
- •Тақырып 5: Латын Америкасы елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 6: Еуропа елдерінің саяси картасы
- •Тақырып 7: Ғаламдық бейбітшілікті сақтау мәселелері
- •Тақырып 8: Саяси тұрақсыздық – ғаламдық мәселе
- •Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Саяси география геосаясат негіздерімен пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
- •050609 – «География» және 050116 – «География» мамандықтары үшін
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
2.2. Дәріс сабақтарының тезистері
Дәріс 1. Кіріспе. Курстың мақсаты, маңызы, құрамы.
Саяси география, геосаясат ұғымдары бір салада қызмет етіп, бір мақсатты көздейді. Осы орайда айтсақ, геосаясат, бұл – саяси географиядан іргесін бөліп алып, ХХ ғасырда толығымен қалыптасып, ғылыми пән ретінде танылған саласаяси география және геосаясат елдердің саналы түрде жүргізіп отырған мемлекеттік саясатын географиялық факторлармен байланыстырып, географиялық аспектілер тұрғысынан (елдің территория көлемін,, географиялық орнын, теңізге шығу мүмкіндіктерін, табиғи-ресурстық потенциалын т.б.) саяси ерекшеліктерін зерттейді.
Әралуан елдердің немесе аймақтардың планета масштабындағы өзара байланыс-әрекеттерін географиялық факторлар тұрғысынан зерттейтін саяси география геосаясат негіздерімен ғылымы ХІХ-ХХ ғғ. тоғысында пайда болып, біздің заманымызда үздіксіз даму үстінде.
КСРО-да, кейіннен Ресейде де саяси география мен геосаясат даму барысынан тек 100 жыл өткеннен соң ғанағ яғни 90-шы жылдары, ғылым ретінде таныла бастады. Бұған дейін ол – буржуазиялық ғылым деп саналып, империалистік идеология қызметшісі ретінде қарастырылды. Бұлай қабылдануына екі себеп негіз болды:
1) Германиялық мектеп шығарған «Саяси география мен геосаясаттың» фашизмнің ресми доктринасының негізі болуы;
2) ХХ ғасыр бойы әрекет еткен әлемдік саяси тәртіп, ядролық қару ұстанымының және тең тұрған екі геосаяси блоктардың: социалистік – КСРО; капиталистік – АҚШ, бір-бірімен қарама-қайшылықтарының геосаяси доктринасына сүйенді.
Тек, «Қырғи қабақ соғыстың» (1947-1989 жж.) аяқталуымен, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде болған антитоталитарлық төңкерістермен (1989-1991 жж.), Германияның бірігуімен және Югославия мен Чехословакияның ыдырауымен ғана Ресейде геосаясат рөлін қайта бағалау жүзеге асты.
ХХ-ХХІ ғғ. тоғысында, ғылым ретінде, геосаясатқа деген қызығушылық қайта жандана түсті. Ол халықаралық қатынастар құрылымындағы түбегейлі өзгерістермен тікелей байланысты болды. КСРО-ның ыдырауы әлемде бір супердержава – АҚШ-тың үстемдігінің артуына байланысты – бірполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастырды.
Ғалымдардың есептеуі бойынша адамзат тарихында жыл сайын кемінде 3 әртүрлі әскери қақтығыстар болып тұрған, нәтижесінде бес мыңжылдықта олардың саны 15 мыңға жеткен. Уақыт өтуіне байланысты бұл соғыстардың ауқымы да кеңейе түскен. Бұған ссы өткен ХХ ғасыр мысал бола алады. Екінші дүниежүзілік соғысқа 71 мемлекет қатысып, кейбір мәліметтер бойынша 55 млн адам қаза болған. Ал, ХХ ғасырдың екінші жарты жылдығында болған жергілікті (локальды) соғыстарда 40 млн-дай адам қаза болып, 30 млн адам қашқындар (өз отанынан еріксіз кетуге мәжбүр болғандар) деп танылған.
ХІХ-ХХ ғғ. тоғысында саяси география мен геосаясат геокеңістікте бақылаудың механизмдері мен түрлерін орнату қажеттілігімен және әлемдік көшбасшылық заңдылықтарын зерттеу қажеттіліктерімен туындады. Мемлекеттің географиясы мен орны елдің ғаламдық саясаттағы саяси статусын анықтайтын көптеген аспектілерге ие, олар: нақты ел территориясының өлшемдері мен масштабы, оның географиялық орны, топографиясы, климаты, ауыл шаруашылығына қажетті жағдайлары, табиғат ресурстарының болуы, ашық теңіздерге шығу мүмкіндіктері т.б. сондықтан, енді ғана бой көтерген саяси география мен геосаясат географиялық детерменизмге негізделіп, елдердің саяси және территориялық аспектідегі байланыс әрекеттерін зерттеді.
ХХ ғ. қатты қарқынмен өзгеріп отырған саяси шындық саяси география алғашқы мазмұны мен ғылыми пән шекараларының өзгеруіне әкеліп соқты. Көптеген ғалымдар саяси география мен геосаясат негіздері ғылымын халықаралық қатынастардың территориялық-кеңістіктік және күштер аспектісінен қарастырады. Олардың ойынша саяси география геосаясат негіздерімен академиялық пән, зерттеу пәні – олардың кеңістіктік-территориялық өлшемдермен шартталған мемлекеттің саяси стратегиясы немесе әлемдік аренадағы елдер тобы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (1939-1945) геокеңістікті бақылау мен игерудің (әсіресе әскери-стратегиялық мақсаттарда) жаңа әдістері пайда болды.
1949 ж. НАТО және Варшава келсім-шарты елдерінің Ұйымы саяси блоктарының қалыптасуынан 1989 ж. Берлин қабырғасынын құлауына дейін, яғни бүкіл «қырғи қабақ соғыс» жылдары барысында, геосаяси кеңістік идеологиялық принцип негізінде елдердің үш блогына бөлінді. Батыс блок – экономикалық даму деңгейі аса жоғары Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония, коммунизммен күресті. Шығыс блок – КСРО басшылығымен империалистік жүйеге қарсы тұрды. Үшінш әлем – бұрын отарлар болып, кейін өз тәуелсіздігін алғаннан кейін блоктардың бірін қабылдап, бірақ уақытша қажеттіліктеріне байланысты геосаяси ұстанымдарын жиі ауыстырып отырды.
Парадигма ұғымы (грекше: парадейгма - үлгі) – философия мен әлеуметтану ғылымдарындағы ең маңызды түсініктердің бірі. Саяси география мен геосаясатта бірнеше парадигманы ажыратуға болады. Олар:
Институционалды-құқықтық – мемлекет немесе ұлт парадигмасы, бұл – халықаралық қатынастар құқықтық принциптер мен нормаларға сәйкес құрылуы керек деген қағиданы ұстанатын концептуалды схема;
Геосаяси парадигма – халықаралық қатынастар, бұл – елдердің әлемдік саясаттағы көшбасшылыққа шексіз таласы, мұнда негізгі аргумент болып әскери күш табылады;
Геоэкономикалық парадигма – қазіргі әлем геосаяси емес, жаңа геоэкономикалық заңдылықтарға сүйеніп өмір сүре бастады. Бұл дегеніміз – әлемнің танымал саясат сферасындағы шиеленіс логикасынан бизнес пен коммерция сферасына ауысуы;
Геоидеологиялық парадигма – геосаясат пен идеологияның өзара байланысы нәтижесінде туындады;
Геоцивилизациялық парадигма. Ол өркениеттік бағыт геосаясатқа мәдениеттанудан келді, мұның негізгі мазмұны – барлық халыққа тән жалпы, біркелкі заңдылықтар болуы мүмкін емес, әр адамзат қауымдастығы – бірегей, дара;
Геоақпараттық парадигма, бұл – ақпараттық революция нәтижесінде қалыптасып, ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басында дүниеге келген – жаңа геосаяси шындық. Ол қазіргі әлемді түбегейлі өзгертіп, жаңа – постиндустриалды қоғам қалыптастырды.
Негізгі әдебиет: [1,2,3,4,5,7,8,9,11,14,18,21,23,25,35,43-55]
Дәріс 2. Саяси картаның негізгі нысандары
Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси-әкімшілік құрылымы бейнеленеді. Сонымен қатар, саяси картада басты саяси-географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табалы. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып келетін саяси картада, әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік-аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарға, сондай-ақ, мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелержатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әр түрлі факторлар ықпал етеді.
Дүние жүзінің саяси картасының нысандары қтарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған – 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа: 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір-бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.
Дүние жүзінің саяси картасында мемлекеттің суреті, шекаралары, аумақтары, ірі қалалары бейнеленеді. Сонымен қоса, картаға сан алуан өзгертулер енгізеді, яғни: соғыстың нәтижесі туралы, келісімшарттары, ыдырауы мен бірігуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің білімі, мемлекеттік басқарудың өзгеруі және т.б.
Тәуелсіз мемлекеттерге монархиялық және республикалық мемлекеттер кіреді. Олар басқа мемлекетпен тең құқықтық келісімшарт жасайды. БҰҰ мүшесі, халықаралық экономикалық және саяси ұйымдарға кіреді. Мемлекеттің басқару құрылымдары қоғамды-саяси елдің өмірлік ықпалының дәстүрлерін сипаттағанмен, экономикалық даму деңгейін анықтамайды.
Монархия – мемлекеттің басқару формасы, яғни өкімет билігі бір адамға – патшаға, сұлтанға, әміршіге т.б. ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Үш түрі бар: абсолюттік (Катар, Бутан, Оман, Бахрейн, Кувейт); теократиялық – діни көсем басқарады (Ватикан – Рим папасы, Сауд Арабиясы – қауымдық дін мұсылман-сунна, Бруней - султанат); конституциялық (Ұлыбритания, Жапония, Швеция). 1990 жылдың соңында дүние жүзінде 30-ға жуық монархия қалыптасты.
Республикалар: президенттік республиканың парламенттік республикадан айырмашылығы – мемлекет пен үкімет басшылығы президент қолында болады.Федеративтік республика – Ресей; Конфедеративтік – тәуелсіз басқаруын сақтау, өзінің жеке мемлекеттік өкіметі бар. Статусына келсек, ол тек Швейцарияда, бірақ мемлекеттік басқару құрылымы федеративті республикаға жақын.
Бағынбайтын аумақтар – шетелдің қарамағындағы мемлекеттер және саяси, экономикалық дербестіктен айырылған мемлекеттер.
Тәуелді аумақтар. Ұлы географиялық ашулар мен еуропалық отарлау нәтижесінде метрополияларға тәуелді аумақтар пайда болды. Жалпы «аумақ» деген термин егемендігі жоқ жерлерге; аз игерілген аудандарға; мәртебесі белгісіз жерлерге қатысты қолданылады.
Тәуелді аумақтарға – отарлар (латынша: colonia - қоныс), протектораттар (латынша: protector – қамқоршы), мандаттық аумақтр, шалғай департаменттер мен аймақтар, ассоциациялық мемлекеттер жатады. Қазіргі кезде тәуелді аумақтардың аталған түрлеріне БҰҰ тарапынан жедел тәуелсіздік беру туралы талаптар қойылуда. Шалғай департаменттер мен аумақтар белгілі бір елдің құрамдас бөлігі ретінде танылады. Мысалы, Француз Одағына 5 шалғай департамент, 5 аумақ кіреді.
Негізгі әдебиет: [1,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57,59,61]
Дәріс 3. Мемлекеттік құрылыс және елдердің билік формалары
Тәуелсіз елдер мемлекеттік құрылымы мен басқару формалары жағынан әр түрлі болады.кез келген елдің мемлекеттік құрылымы, яғни мемлекеттің аумақтық ұйымдасу сипаты оның қоғамдық-саяси өміріне тікелей ықпал еткенімен, экономикалық даму деңгейінде шешуші рөл атқармайды. Дүние жүзінің халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттерін мемлекеттік құрылымы бойынша монархиялар мен республикаларға бөледі.
Монархия жағдайында жоғарғы өкімет билігі бір ғана адамның қолында шоғырланған. Билік ету құқығы атадан балаға мұра етіп беріледі. Дүние жүзінде қазіргі кезде 30 монархия бар.
Абсолютті монархияларда монархтың билігіне мүлде шек қойылмаған. Дүние жүзі бойынша мұндай мемлекеттер саны саны жыл сайын азайып келеді, олардың көпшілігі Азияда орналасқан.
Конституциялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектелген. Яғни нақты заң шығару билігі парламенттің қолында, ал үкімет атқарушы билікке ие. Мұндай мемлекеттерде монархтар «патшалық етеді, бірақ басқармайды», тек ұлттың символы ретінде сан жылғы дәстүрді жалғастырады. Батыс Еуропаның көптеген елдеріне монархияның осы түрі тән: Бельгия, Дания, Нидерланд, Норвегия және т.б. конституциялық монархиялар арасында жоғары дамыған елдермен қатар, Непал, Лесото сияқты шешуші елдер де бар. Азиядағы жетекші ел Жапония да конституциялық монархиялар қатарына жатады.
Теократтық (грекше theos – құдай, kratos – билік) монархияларда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады.
Дүние жүзіндегі елдердің басым көпшілігі мемлекетті басқару формасына қарай республика (латынша respublica – қоғамдық іс) болып табылады. Республикалық басқару фомасы Еуропадағы буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде енгізілген болатын. Республика – заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын өкілетті органның (парламент) қолында, ал мемлекет басшысын ел халқы өзі сайлайды. Президенттік республика жағдайында президент мемлекет басшысы болуымен қатар, үкімет басшысы қызметін атқарады. АҚШ, Аргентина, Бразилия тәрізді елдер президенттік республикалар болып саналады. Ао парламенттік реапубликаларда атқарушы билік қызметін президент тағайындаған премьер-министр атқарады. Дүние жүзінің көптеген елдеріне, соның ішінде Қазақстан Республикасына басқарудың осы формасы тән.
Мемлекеттік құрылымына байланысты унитарлы (латынша unitas – бірлік) және федерациялы (латынша foederatio – одақ, бірлестік) мемлекеттерді ажыратады. Унитарлы мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық бірліктер тікелей орталық үкіметке бағынады, ортақ заң жүзеге асырылады. Унитарлы мемлекеттер қатарына Италия, Франция сияқты республикалармен қатар, Жапония, Ұлыбритания тәрізді конституциялық монархиялар да кіреді.
Федерациялы мемлекет жағдайында оның құрамына енетін федерация мүшелерінің белгілі бір саяси, экономикалық дербестігі болады. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және басқару органдарымен, ортақ әскермен қатар, федерация мүшелерінде мемлекеттік биліктің барлық белгілері (ту, әнұран, конституция, парламент, атқарушы билік жүйесі) бар. Дүние жүзіндегі федерациялар саны 20-дан асады.
Федерациялардың әкімшілік қүрылымдары республикалар, провинциялар, штаттар, жерлер және т.б. түрде болуы мүмкін.
Саяси картада федерациялы мемлекеттер, негізінен, ұлттық-этностық ерекшеліктерге немесе мемлекеттің қалыптасу барысындағы тарихи-географиялық факторларға байланысты пайда болады.
Халықаралық ұйымдар. 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп аталатын халықаралық ұйым 1939 жылы өз жұмысын тоқтатты. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Ұйымға 188 мемлекет (2000ж.) мүше болды.
Кейбір жағдайда БҰҰ халықаралық саяси жанжалдарды бейбіт құралдарынан басқа, әскери жолын да пайдалануына тура келеді. БҰҰ қарамағындағы әскери күштер мен қаржы оған мүше елдердің жарнасы есебінен түзіледі.БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Хатшылық. БҰҰ-ның Бас хатшысын Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайды.
Сонымен қатар БҰҰ-ның халықаралық деңгейіндегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымның, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтак ұйымының, Азық-түлік пен ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор.
Дәріс 4. Елдер типологиясы және оларды топтастыру
Дүние жүзінің саяси картасы негізінде елдерді топтастыру әртүрлі критерийлер бойынша жүзеге асырылады. Елдерді территориясының көлемі бойынша топтастыруда территория көлемі жөнінен ең ірі (алып) алдыңғы 10 ел алынады. Олар: Ресей, Канада, АҚШ, Қытай, Австралия, Бразилия, Үндістан, Аргентина, Қазақстан, Судан. Өзіміз көріп отырғандай Қазақстан алғашқы ондыққа кіреді. Территория көлемі өте кішкентай (ергежейлі) мемлекеттер деп те топтастырады. Оларға: Люксембург, Ватикан, Лихтенштейн, Сан-Марино, Монако, Нидерланды және т.б. жатады. Сондай-ақ, елдерді халық саны мен тығыздығы бойынша да топтастырады. Халық санынан ең алдыңғы орындарда: Қытай – 1300 млн-дай адам, Үндістан – 1100 млн-дай адам және АҚШ – 292 млн адам шамасында.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияда елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру қалыптасқан. Осы тұрғыда елдерді топтастыру төмендегідей:
1) Дамыған капиталистік елдер. Бұл деңгейдегі елдерге: Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Канада, Жапония жатады.
Бұл аймақтағы мемлекеттердің Европаның батыс бөлігінде орналасқандықтан көбінесе оны Батыс Европа елдері деп атайды. Солардың барлығы біріңғай территориялық массив ретінде Норвегия теңізінен Жер орта теңізіне дейін 5000 км-ге созылып жатыр.Батыс Европаның жер көлемі 3,7 млн км² немесе құрлықтың 2,5 %-ін алып жатыр.Осы аймақта 24 мемлекет бар. Олар бір-бірімен жалпы тарихи тағдыры ұқсас және тығыз экономикалық ,саяси ынтымақтастық байланыста дамыған. Мемлекттік құрылымы бойынша жартысы республикалық басқару формасында болса ,жартысы монархиялық басқару түрінде.Батыс Европның экономикалық –географиялық жағдайы 3 басты ерекшелігімен сипатталынады.
Біріншіден, территориясының ықшамдылығы және көптеген елдердің бір- бірімен көршілес жағдайлары.
Екіншіден көптеген елдерінің теңіз жағалаулық орны. Осының барлығы бұл елдерде ертеден теңіз шаруашылығының дамуына мүмкіндік берді. Аймақ елдерінің Атлант мұхитына, және оның Жер Орта, Солтүстік теңіз, Балтық теңіздеріне шығуы барлық дүние жүзі елдерімен сауда байланысын артыру үшін ыңғайлы жағдай туғызды.
Үшіншіден Шығыста Орталық Европа және Азия елдерімен байланыс жасауда жалпы Евроазиялық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік жасайды.
Солтүстік Америка елдері. Америка Құрама Штаттары
Америка Құрама Штаттары көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің жетекші державасы. Оның 50 штат пен федералдық Колумбия округінен (астанасы Вашингтонның аумағы) тұратын демократиялық республика екені белгілі. 48 штаты шоғырлана орналасқан, екеуі негізгі аумақтан бөлек: Аляска (ресейлік патша үкіметінен 1869 ж. сатып алынған) және Гавай аралдары. «Мұхиттың арғы жағында» орналасқандығы және Европа мен Азияда тұтанып тұрған соғыс ошақтарынан шалғайлығы бұрынғы уақытта бұл елдің қауыпсіздігіне сенімді кепіл болды. Атлантика, сондай-ақ Тынық мұхит аймағында орналасқан мемлекеттермен еркін сауда қарым – қатынастарын оңайлатады.
Құрама Штаттардың қазіргі өркендеп отырған жағдайы орасан мол табиғи байлықтарды игеруінің нәтижесі. Бүгінде АҚШ Батыс әлемінде тас көмір мен қоңыр көмір, сондай-ақ, уран қоры жөнінен бірінші орын, газ, мыс, мұнай, темір рудасының қоры жөнінен алтыншы орын алады. Соның өзінде пайдаланылып жатқан көптеген кен орындары (әсіресе мұнай, газ, темір рудасы) сарқылған. Никель, марганец, хромит, кобальт және т. б. жетіспейді (не мүлдем жоқ).
Су ресурсатры мол әрі сан алуан. Бірақ олардың көбі елдің шығысында. Мұнда АҚШ–тың басты өзен артериясы – тармақ – салаларымен бірге шаруашылық маңызы зор (көлік, энергетика, жер суару тұрғысынан) – Миссисипи ағып өтеді. Осы өңірде, Канадамен шекарада әлемдегі зор көлдер жүйесі – Ұлы Америка көлдері орналасқан.
АҚШ-тың топырағы, әсіресе елдің оралық бөлігінде қара топырақты өңірлердің топырағы жаратылысынан өте құнарлы, бұлардың барлығы жыртылып, елдің негізгі астықты, малды өңірі болып отыр. Орман кесіліп өте сиреген, бүгінде АҚШ аумағымен шамамен төрттен бірін алып жатыр және дені қайта өсірілген ормандыр. Орман әсіресе Аляска мен Кордильерде көп.
Тұтас алғанда Құрама Штаттардың орасан зор аумағы (Кордильер сондай-ақ, Аляска мен шөлдерді қоспағанда) адамның тіршілік және экологиялық қарекетіне қолайлы. Ал климат жағдайының әр алуан екені соншалық іс жүзінде қоңыржай белдеудің барлық өсімдіктерін, көптеген субтропиктік және тіпті тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.
Канада. Минералдық шикізатқа және металл ресурстарына, мұнайға, калий тұздарына, гидроресурстарға және орман ресурстарына бай..
Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан және жер көлемі жөнінен Ресейден кейінгі екінші орынды алады. Жер көлемі – 10 млн км2-ге жуық. Аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 4600 км, шығыстан батысқа 5100 км-ге созылып жатыр. Оның құрлықта АҚШ-пен ғана шекарасы бар. АҚШ-пен көршілестігі – Канаданың саяси және экономикалық географиялық жағдайын анықтайтын шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып жатқан Әулие Лаврентий өзені елдің басты «теңіз қақпалары» қызметін атқарады. Тынық мұхиты арқылы Азия елдеріне баруға болады. Солтүстік Мұзды мұхитта Канаданың Ресеймен шекарасы өтеді.
Мемлекеттің құрылысы – егеменді мемлекет. Мемлекет басшысы шартты түрде ағылшын королі. Канада 10 провинция және 2 аумақтан тұратын федеративті мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы.
Жапония. Күншығыс елі деп атайтын Жапония қазіргі дүние жүзінің экономикалық көшбасшыларының бірі. Көптеген өнеркәсіп тауарларын өндіру жөнінен (автомабильдер, кемелер, видиомагнитафондар, өнеркәсіп роботтары, металл өңдейтін станоктар және т. б.) бұл ел дүние жүзінде жетекші орындарда.
Жапония – ежелгі мемлекет. Алайда оның сыртқы дүниеден өзін оқшау ұстауы себепті ол тіпті ежелден бастап еуропалықтардан «көзтаса» болып келді.
Елінің құрылымы – конституциялы монархия. Заң шығарушы жоғарғы органы – парламент.
Төрт ірі аралда (Хоккайдо, Хонсю, Сикоку және Кюсю) және Еуразияның шығыс жағалауына жақын көптеген ұсақ аралдарда орналасқан ел батысында Жапон теңізімен, шығысында Тынық мұхитымен шектеседі. Аралдарда орналасқан жағдайының теңіз шаруашылығының дамуына ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарының сипатына және т. б. әсері көп.
Жапония – таулы ел. Халықтың қоныстанып, шаруашылық жүргізуіне неғұрлым жайлы ойпаттар теңіз жағалауының бойларында және аралдардың ауданының жартысына шамалас. Ең үлкен Канто жазығы Токио шығанағын бойлай жалғасқан. Елде пайдалы қазбалар мардымсыз. Сондықтан табиғи ресурстардың маңызы ерекше. Оңтүстік Жапония субтропктік және тропиктік өңірлерде ылғал мен жылу мол болғандықтан жалына екі рет өнім алуға болады.
Табиғи жағдайы және ресустары. Жағалардың тілімделуі, таулы жер бедерінің басымдылығына байланысты жер сілкіну апттары жиі болып тұрады. Климаты муссонды және теңіздік ағыстардың әсері зор. Жапонияның өзендері – энергияның негізгі көзі. Минералды шикізатқа салыстырмалы түрде алғанда кедей болып келеді.
