Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси география.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆

4 Тақырып. Дүние жүзі саяси географиясының дамуының негізгі кезеңдері, олардың сипатты белгілері

Тапсырмалар:

  1. Саяси картаның қалыптасу кезеңдеріне сипаттама беріп, сол кезеңдер бойынша карталар құрастыру

  2. Еуропа бойынша номенклатура тапсыру

Әдістемелік нұсқаулар

1. Берілген тапсырма негізінде келесі жоспар бойынша саяси картаның қалыптасу кезеңдеріне жазбаша сипаттама беріп, сол кезеңдердердегі дүние жүзінің саяси карталарын құрастыру (әр кезеі картасын таңдау бойынша 2 студент құрастыруға болады):

Жоспар:

  1. Ұлы географиялық ашулар кезеңі

  2. Феодалдық кезең

  3. І дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезең

  4. І дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең

  5. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең

  6. ХХ ғ. 90-шы жылдарынан кейінгі кезең.

  1. Еуропаның саяси картасы бойынша (әр студент жеке) номенклатура: мемлекет, астанасы, мемлекеттік құрылымы, тапсыру.

Негізгі әдебиет: [1,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57,59,61]

5 Тақырып. Соңғы жылдардағы «мемлекеттік идея» (ұлттық идея) және иконографияның дамуы

Тапсырмалар:

  1. «Мемлекеттік идея» (ұлттық идея) ұғымына анықтама беру

  2. «Иконография» ұғымының мазмұнын ашу

  3. Оңтүстік Америка материгі бойынша номенклатура тапсыру

Әдістемелік нұсқаулар

1,2. Берілген ұғымдарға негізгі әдебиет көздері, кезеңдік басылымдар: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» т.б. газеттер негізінде 2-3 беттік ғылыми мақала әзірлеу керек. Мақала мәтініне қойылатын талаптар: шрифт – Times New Roman, 14 кегель, жоларалық интервал – 1,5. Мақалада статистикалық мәліметтер, кесте немесе диаграмма, пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы міндетті.

  1. Оңтүстік Америка материгі саяси картасы бойынша (әр студент жеке) номенклатура: мемлекет, астанасы, мемлекеттік құрылымы, тапсыру.

Негізгі әдебиет: [1,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57,59,61]

6 Тақырып. Саяси географияның жаңаша даму бағыттары, әлемдік саяси географияның дамуындағы, оның қазіргі кезеңінің бұрынғыларынан айырмашылығы

Тапсырмалар:

  1. Саяси – экономикалық ареалдардың құрылуына сипаттама беру

  2. Азияның саяси картасы бойынша номенклатура тапсыру

Әдістемелік нұсқаулар

  1. Берілген тапсырма бойынша: а) АҚШ-тың ғаламдық көшбасшы ретіндегі рөлі, оның ХХІ ғасырдағы геосаяси болашағы, АҚШ-тың әміршілдігіне әлемдік қарама-қайшылықтар т.б.; ә) Батыс Еуропа: ЕО – АҚШ стратегиялық серіктестік немесе ..., Біріккен Еуропа – жаңа полюс немесе жаңа фантом, ЕО-тың жаңа геосаяси жағдайдағы қарым-қатынастары т.б.; б) Жапония – геосаяси стратегиясы: әсер етуші факторлары, геосаяси келешегі, діни өмірдегі жапондық модель т.б.; в) Қытай – геосаяси болашағы, әлемдік көшбасшылыққа ұмтылудағы қарама-қайшылықтар, этникалық сепаратизм т.б.; ТМД – КСРО ыдырауының геосаяси зардаптары, Ресей постсоветтік кеңістікте – геосаяси ықпал шекараларының тарылуы т.б. саяси-экономикалық географиялық баяндама әзірлеу. Әр тақырыпша бойынша студент таңдауы негізінде жеке тапсырма орындауына болады.

  2. Азияның саяси картасы бойынша (әр студент жеке) номенклатура: тапсыру (мемлекет, астанасы, мемлекеттік құрылымы).

Негізгі әдебиет: [1,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57,59,61]