Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси география.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆

Әдістемелік нұсқаулар

1 тапсырманы орындау үшін қосымшада берілген 1,2,3-суреттерді (Х.Маккиндердің, К.Хаусхофердің және әлемнің қазіргі геосаяси суреті) пайдаланып, әр автор өз суретінде ұсынған әлемнің ядролық зоналарын анықтап, салыстырмалы сипаттама құрастыру. Салыстырмалы сипаттаманы төмендегі үлгіде беруге болады:

3 – кесте (үлгі)

№

Автор

Негізгі (орталық) зоналары

Аймақтық жіктеу принциптері (себептері)

Сәйкестіктері немесе айырмашылықтары

1.

Х.Маккиндер

2.

К.Хаусхофер

3.

Әлемнің қазіргі геосаяси суреті

2 тапсырмада Александр де Северскийдің ұсынған (жетілдірілген) әлемнің геостратегиялық суретін пайдаланып, дәптерде жазбаша сипаттама беру. Ол үшін қосымшада берілген 4-суретті пайдалану керек. Тапсырманы орындау барысында автор ұсынған идеяларын, заңдылықтарын, концепцияларын анықтап, мазмұнын ашу керек.

Негізгі әдебиет: [1,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57,59,61]

3 Тақырып: «Қырғи қабақ соғыстан» кейінгі әлем: бірполюстік және көпполюстік

Сұрақтар:

  1. Бірполюсті әлем дегенді қалай түсінесіз ?

  2. Көпполюсті әлем ұғымының мазмұнын ашыңыз

  3. «Қырғи қабақ соғыс» ұғымының мазмұнын ашыңыз

  4. Бірполюсті әлемдік кеңістік туралы И.Галтунг концепциясының маңызы

  5. Ж.Аттали концепциясы

  6. К.Сантороның ғаламдық хаос теориясы

Тапсырмалар:

  1. Жоғарыда аталған сұрақтардың мазмұнын ашып, дәптерге жазу, ауызша жауап беруге дайындалу

  2. И.Галтунг пен Ж.Аттали концепцияларына салыстырмалы сипаттама беру

  3. К.Сантороның ғаламдық хаос теориясының мазмұнын ашу

Әдістемелік нұсқаулар

1 тапсырманы орындау үшін берілген әдебиеттерді пайдаланып, дәптерге әр ұғымның мазмұнын ашатын анықтама беру. Осы әдебиеттер көмегімен және дәрістерді пайдаланып ауызша жауап беруге дайындалу.

2 тапсырманы орындау үшін төмендегі үлгідегі кестені пайдалануға болады

4-кесте (үлгі)

№

Концепция авторы

Концепцияның қысқаша мазмұны

Концепция бойынша негізгі супердержавалар

Концепцияның тиімді жақтары

Концепцияның утопиялық жақтары

1

И.Галтунг

2

Ж.Аттали

3 тапсырма дәптерге жазбаша түрде негізгі әдебиетті пайдалану арқылы орындалады. Аталған автор теориясы бойынша ғаламдық хаосты туғызатын негізгі факторларды атап көрсету міндетті.

Негізгі әдебиет: [1,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57,59,61]

4 Тақырып: Қазақстан – Ресей қарым-қатынасы: проблемаларының экономикалық-географиялық және геосаяси аспектілері

Сұрақтар:

  1. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас түрлері

  2. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қатынастардың тиімді жақтары

  3. Қазақстан мен Ресей арасындағы геосаяси қатынастардың мазмұны

  4. Ресей геосаясатындағы хартленд теориясының маңызы

  5. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық қарым-қатынастардың геосаяси, экономикалық тиімді және тиімсіз жақстары

Тапсырмалар:

  1. Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық, саяси қарым-қатынас түрлеріне жазбаша сипаттама беру

  2. Ресей және Қазақстан арасындағы трансшекаралық жолдар мен өзен-көлдердің екіжақты шаруашылық маңызын көрсететін кесте құру

  3. Ресей мен Қазақстанның құрлық және су бойынша шекараларын кескін картада көрсетіп, даулы аймақтарын анықтау