Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

Баяндауыш (сказуемое)

Бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемдітиянақтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз.Баяндауыштың негізгі белгілері:Бастауыштың ісін, жай-күйін білдіреді;Оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;Жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен киыса байланысады;Сөйлемді тиянақтап тұрады; Кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; Өзіне тән сұрағы жоқ. Баяндауыш қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді. Баяндауыштың жасалу жолы:

Баяндауыш көбіне етістіктен болады. Мысалы: Біз ұшқыш болуға уәделесіп қойғанбыз.

Баяндауыш есім сөздерден болады. Мысалы: дәрігер – ардақты мамандық.

Күн шайдай ашық.

Бұлар он бес.

Баяндауыш есімдіктерден жасалады. Мысалы: Біздің қақпан әне.Нағыз теңіз

романтикасы деген осы.Қызылшаңыздың биылғы бабы қалай?

Әр тарап сөздерден жасалады. Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты.

Дара, күрделі баяндауыш

Баяндауыш құрамына қарай дара, күрделі баяндауыш болып бөлінеді. Дара баяндауыш бір сөзден болады.

Күрделі баяндауыштың құрамында екі немесе одан да көп сөздер болады.

Күрделі баяндауыштыңжасалу жолы:

Сөз тіркесінен. Ұзақ ауданы - облыстыңең жырақ ауданы.

Күрделі етістіктен. Ауыл мәдениетіөсіп келеді.

Күрделі сан есімнен. Биыл жасым отыз сегізде.

Негізгі етістік пен көмекші етістіктен. Қазір балалардың бәрі ғарышкер болғысы келеді.

Тұрақты сөз тіркесінен. Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын.

Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)

Сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды. Толықтауыштың негізгі белгілері:

Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғаулары жалғанған сөздер болады.

Толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында, деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады. Заттық мағынаға ие барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септікткерінің сұрақтарына жауап береді. Меңгеріле, жанаса байланысады.

Толықтауыштың жасалуы

Сөз табы

Шарты

Мысалдар

Зат есім

Кез келен

Әлияның балалық шағы жақсылыққа толы

Есімдік

Зат есімнің орнына қолданылатыны

Оған аздап көмектесуге болады. Сен мұны аналарға сездірген жоқсың ба?

Сын есім

Заттанған

Жақсылық жасау – имандылық белгісі

Сан есім

Заттанған

Он – екіге бөлінеді.

Есімше

Заттанған

Оқыған озар.Көрмес – түйені де көрмес.

Толық мағыналы сөзге туралы, жайында, жөнінде шылауларының тіркесуі

Сөз арасында жол жайында сұрап қалды. Бақыт туралы әркім әрқалай түсінеді.

Бір сөзден болған толықтауышты дара толықтауыш дейміз. Мысалы: Бейсен Жомартпен кейін қайтты. Ол әлгі орманды картадан көрсетті. Еңбек бәрін жеңеді. Бұл құрылысқа Толғанбай қатты куанды. Әр жастың жүзінде мақтаныш сезімінің толқыны ойнайды. Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты.

Сөз тіркесінен, күрделі сөзден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз.

Мысалы: Біз Ақтүбек алқабын шолып тұрмыз. Менеңбек жолымды нағыз қиын жерден бастадым. Мәмбет теңбіл көкке жеңіл фаэтон жеккен.Отыз екіні төртке бөл. Келген кісімен танысқысы келетінін айтты. Щербаковүй ішінебайыппен қарап тұр. Жаңа ірі өндірістің қажетінқамтамасыз етугетемір жол керек.Ата-анасымен кездесуге асығып тұрғаны көрініп тұрды.

Толықтауыш тура толықтауыш және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Табыс септік тұлғасындағы толықтауыштытура толықтауыш дейміз. Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды.Мұғалім кітапты таратты. Табыс септігі кейде түсіріліп те айтылады. Мысалы: Ауыл бізгеазық-түлік ( нені?) жіберіпті. Мұнда табыс септігі түсіріліп айтылып тұр, негізі азық-түлікті болу керек еді. Жидебай ауылындабалық (нені?) та өсіреміз. Мұнда да табыс септігі түсіріліп айтылып тұр . Оның табыс септігінде тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

Марат хат( нені?) жазды. Марат хатты жазды.

Мейрам кино(нені?) көрді. Мейрам киноны көрді.

Асан тамақ(нені?) ішті. Асан тамақты ішті.

Перизат сабақ(нені?) оқыды. Перизат сабақты оқыды.

Апай тапсырма(нені?) сұрады. Апай тапсырманы сұрады.

Бізге кітап(нені?) таратты. Бізге кітапты таратты.

Табыстан басқа септіктің тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларының тұлғасындағы толықтауышты жанама толықтауыш дейміз. Мысалы: Бердіке әлгібалаға (кімге?) көз тоқтатып қарады. Небір мықтылар дәл осындайлардан (кімдерден?) шығады. Көптеген фермаларда сиырды машинамен (немен?) сауады. Өнертапқыштық жаңамашиналарды жасау жөнінде де ( не жөнінде?) алдыңғы қатарға шығуымызға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]