Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

Қарсылықты салалас (противительные)

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. Қарсылықты салалас жалғаулыкты және жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді. Жалғаулықты қарсылықты салалас бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, әйткенмен, сонда да жалғаулықтары арқылы жасалады. Мысалы: Жыртық шапанның өңі, жұртта бір жыл жатқан қу шүберек тәрізді,сонда да аздап жылуы бар. Тұрмыстары жүдеу, дегенменалдымызға бәрін қойды. Мұғалім сұрай бастайды,бірақоқушылар дайын болмай шығады.Мен ерте тұрдым, әйтсе де сабаққа кешіктім.

Жалғаулықсыз байланысатын қарсылықты салаласты жалғаулықсыз қарсылықты салалас дейміз. Жай сөйлемдер жалғаулықсыз байланысса, екі жай сөйлемнің орнына үтір, сызықша қойылады. Мысалы: Мойнымды созам, - көрінбейді. Есікті олай итерем, бұлай итерем, - ашылмайды. Үйде шешен, - дауда жоқ.

Түсіндірмелі (указательные) салалас

Құрамындағы жай сөлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

Түсіндірмелі салалас жалғаулықсыз іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбіне сілтеу есімдігі мен сілтеу мәнді сөздер болады. Түсіндірмелі салаластың кұрамындағы жай сөйлемдердің арасына қос нүкте немесе сызықша қойылады. Сызықша сілтеу есімдіктерінен кейін койылады. Оның қорыққаны сонша - үйді басына көтеріп айқайлады. Мараттың айтқаны сол - барлығы да мойындады. Жай сөйлемдердің арасында есімдік болмаса, онда қос нүкте қойылады. Әйел де ай сәулесі сияқты: есікті жапсаң, түндіктен түседі. Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай, таған деймісің - бәрі де бар.

Талғаулы (разделительные) салалас

Құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың біреуін ғана жүзеге асыратын құрмалысты талғаулы салалас дейміз. Талғаулы салалас құрамындағы жай сөздер жалғаулықтар арқылы байланысады. Жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, болмаса, не болмаса, әйтпесе, әлде. Мысалы. Бүгін киноға не Асан барады, не Марат барады.Жаңбыр жауады, немесе қар жауады. Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады. Немесе шылауы сөйлемде бір рет қайталанса, онда екі жай сөйлемнің араларына еш нәрсе қойылмайды.

Кезектес (чередующиеся) салалас

Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін кұрмаластың түрін кезектес салалас дейміз.

Құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген шылаулармен

байланысады.

Сабақтас құрмалас сөйлем (сложноподчиненное предложение)

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы тиянақсыз болып, соңғы сөйлемге бағына байланысатын құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады. Бұл кұрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені ол тиянақсыз. Мұндай тнянақсыз сөйлемдерді бағыныңкы сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемнің екінші сыңары тиянақты, олар өз бетінше сөйлем құра алады. Мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз.

Сабақтас сөйлемнің беретін мағынасы бағыныңқы сыңарға тікелей байланысты. Мұндай мағыналардың өзі әр түрлі болады. Құрамындағы бағыныңқы сыңарының мағыналық ерекшеліктеріне қарай сабақтас құрмалас сөйлемдер алты түрге бөлінеді:

1.Шартты (условные) бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

2.Қарсылықты (противительные) бағыныңқы сабақтас

3.Себеп (причинные )бағыныңқылы сабақтас

4.Мезгіл (времени)бағыныңқы сабақтас

5.Амал(сын-қимыл)(действие и степень) бағыныңқы сабақтас

6.Мақсат (цель) бағыныңқы сабақтас

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]