Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орыс китап оригинал.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

Қазақтың шешендік өнері

  • Б.Адамбаевтың зерттеуінде қазақтың шешендік өнері 5 кезеңге бөлінеді:

Кезеңдер

уақыты

би-шешендер

1-кезең

XI-XIIIғ.ғ.

Майқы би,Аяз би

2-кезең

XIV-XVIғ.ғ.

Асан қайғы,Жиренше шешен

3-кезең

XVIIIғ

Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би

4-кезең

XVIII-XIXғ.ғ.

Хан-сұлтандарға қарсы

шыққандар:Байдалы би,

Тіленші би,Тарақты тұяқ,Шалқар шешен

5-кезең

XVIII-XIXғ.ғ.

Бек-болыстарға қарсы шыққандар:

Сырым Датұлы,Досбол шешен.т.б.

ҚАЗАҚТЫҢ АТАҚТЫ ҮШ БИІ

Төле би Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы,Шу ауданы,Жайсаң жайлауында дүниеге келген.Ол – қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руы.

Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1763) Сырдария өңірінде туған. Ол – қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руы.

Әйтеке би (Айтық) Байбекұлы (1689-1766) Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша мекенінде туылған. Ол – қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Әлімұлы руы.

ҮШ АҒАРТУШЫ

Шоқан Әлиханов

(1835-1865)

Туған жері:қазіргі Қостанай облысы,Құсмұрын бекеті.

Қызметі:тарихшы,этнограф,географ,саяхатшы,ағартушы-демократ,әдебиетші,заңгер.Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым.

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)

Туған жері:қазіргі Қостанай облысы,Алтынсарин ауданында.

Қызметі:аудармашы,жазушы,ақын,ағартушы-ұстаз,қазақтың тұңғыш ұлттық педагогикасының негізін салушы,қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтардың авторы.Тұңғыш қазақ мектебін ашты,тұңғыш қыздар мектебін ашты.Балалар әдебиетінің негізін салушы.

Абай Құнанбайұлы

(1845-1904)

Туған жері:қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданына қарасты Қасқабұлақ деегн жер.

Қызметі:қазақ халқының данышпаны,ұлы ақын,кемеңгер ойшыл,жазба әдебиетінің негізін салушы,аудармашы,ағартушы-ұстаз,әділ би,заңгер,қоғам қайраткері.

БЕС АРЫС

Шәкәрім Құдайбердиев

(1858-1931)

Туған жері:қазіргі Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы,Шыңғыстау бөктері.

Қызметі:әрі лирик,әрі эпик ақын,сазгер,әнші,прозашы,аудармашы,тарихшы,философ,ғалым-зерттеуші,мәдениет қайраткері,терең ойшыл.

Еңбектері:

  1. «Түркі,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі» (Орынбор,1911ж.)

  2. «Қазақ айнасы»

  3. «Қалқаман-Мамыр»

  4. «Еңлік -Кебек»

  5. «Ләйлі-Мәжнүн»

  6. «Мұсылмандық кітабы»

  7. «Үш анық»

Ахмет Байтұрсынов

(1873-1937)

Туған жері:Торғай облысы,Торғай уезі,Тосын болысы,Сарытүбек қыстағы.

Қызметі:аса көрнекті ғалым,ақын,түркітанушы,көсемсөзші,ағартушы,аудармашы-ұстаз,қоғам қайраткері,публист-журналист,этнограф,қазақ тілі білімі,алфавиті,баспасөзі және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы,қазақ әліппесін жасаушы,алғашқы оқу құралын жазған.

Еңбектері:

  1. «Қырық мысал» (мысалдар жинағы,Петербург,1909 ж.).

  2. «Маса» (өлеңдер жинағы,Орынбор,1911).

  3. «Тіл құрал» (3 бөлімнен тұрады)

  4. Әдебиет танытқыш

  5. Баяншы (Методикалық жазбалар,Қазан,1920ж.).

  6. Тіл жұмсар (2бөлімнен тұрады)

  7. Оқу құралы (Балалар әліппесі).

  8. Әліппе (Орынбор,1912ж.).

  9. Сауат ашқыш(Ересектер әліппесі, Орынбор,1914ж.).

  10. Әліппе-астар (методикалық нұсқау).

  11. Оқу құрал (хрестоматия).

  12. «Ер Сайын» жыры.

  13. «23жоқтау» (Москва,1926ж.).

Міржақып Дулатов

(1885-1935)

Туған жері:бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші болысы.

Қызметі:қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері,ақын,жазушы,жалынды көсемсөз шебері.

Еңбектері:

  1. «Оян,қазақ» өлең жинағы.

  2. «Азамат» өлең жинағы.

  3. «Бақытсыз Жамал» романы.

  4. «Оқу құралы» оқу кітабы.

  5. «Қирағат».

  6. «Балқия».

Жүсіпбек Аймауытов

(1890-1931)

Туған жері:Павлодар облысы,Баянауыл ауданы,Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Қызметі:зазақтың көрнекті жазушысы,қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі,прозашы,ақын,драматург,аудармашы,ғалым,журналист,педагог-ұстаз,жазушы,сыншы,әнші,музыкант.

Еңбектері:

  1. «Қартқожа» романы.

  2. «Ақбілек» романы.

  3. «Күнекейдің жазығы» повесі.

  4. «Комплекспен оқыту жолдары».

  5. «Тәрбиеге жетекші» кітабы.

  6. «Психология» оқулығы.

  7. «Жан жүйесі және өнер таңдау» зерттеу еңбегі.

  8. «Рабиға» пьесасы.

  9. «Мансапқорлық » пьесасы

10. «Сылаң қыз» пьесасы

11.«Ел қорғаны» пьесасы

12.«Қанапия-Шәрбану» пьесасы

13.«Шернияз» пьесасы

14.«Терме» жинағы

15.«Тау еліндегі оқиға» аударма роман

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

(1893-1938)

Туған жері:Бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Плуденовский болысы.

Қызметі:қазақ өлеңінің дүлдүлі,лирик,эпик ақын.

Еңбектері:

  1. «Шолпан» өлеңдер кітабы.

  2. «Өлеңдер жинағы» кітабы.

  3. «Педагогика» .

  4. «Батыр Баян» поэмасы.

  5. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы.

  6. «Қорқыт» поэмасы.

ҮШ БӘЙТЕРЕК

Ілияс Жансүгіров (1894-1938) қазіргі Талдықорған облысы,Ақсу ауданында дүниеге келді.Ол -ақын,жазушы,драматург,публицист,аудармашы,өнер зерттеушісі, қоғам қайраткері.Шығармалары: «Күй», «Күйші», «Құлагер».

Бейімбет Майлин (1894-1938) қазіргі Қостанай облысы,Таран ауданы,Майлин кеңшарында дүниеге келді.Ол-ақын,жазушы,драматург,қоғам қайраткері.

Шығармалары: «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист», «Азамат Азаматыч» т.б.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) қазіргі Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданында дүниеге келді.Ол-ақын,жазіушы,драматург,қоғам қайраткері,публицист.Поэмалары: «Көкшетау», «Қызыл ат». Прозалық шығармалары: «Айша», «Тар жол тайғақ кешу», «жер қазғандар», «Жемістер» т.б.

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫ

Қазақстандағы ең бірінші институт-Абай атындағы Қазақ педагогика институты 1928 жылы ашылған. Содан кейін Зооветеринарлық және мал дәрігерлік (1929ж.) Ауыл шаруашылығы (1930ж.) Медицина (1931ж) Орал педагогикалық(1932ж) институттары Құрылды.Қазақ мемлекеттік университеті 1934 жылы ашылды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев(1899-1964)-аса көрнекті ғалым, академик. Қазақстан ғылымының негізін салған. Қазақ ССР Ғылым Академиясының шаңырағын көтерген және оның тұңғыш президенті. Ғылым саласында тұңғыш Лениндік сыйлық алған (1958ж) және де ол Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама және тұңғыш акедемик атағын алған ғылым адамы.

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (1899-1938)Темір ауданының Ақжар ауылында туған.Ол-қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі , түріктанушы , педагог-ағартушы , профессор.

Жұбановтың тіл білімі бойынша жазған еңбектері қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелері арналған .

Латын әліпбиіне негізделген қазақ орфографиясын жасауға қатысты.

1938 жылы «халық жауы» деген жаламен атылып , 1957 жылы КСРО Жоғарғы соты Соғыс коллегиясының үкімімен ақталды.

Құдайберген Жұбанов есімі Ақтөбе мемлекеттік университетіне , қалалар мен ауылдарға беріліп отыр.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985) - Қазақстан археология мектебінің негізін салушы , ғылымның көптеген салалары: этнография ,тарих , шығыстану,әдебитану,өнертану бойынша көрнекті қайраткер .Философия ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі , Қазақ ССР Ға академигі (1958), профессор (1960), Қазақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).

Ол 1904 жылы Ақметі болысында (қазіргі Павлодар облысы , Баянауыл ауданы)дүниеге келді .

1943 жылы «Хандар жарлығының тарихи маңызы » атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

1945 жылы қазақ ғылымының тарихында тұңғыш докторлық диссертация қорғады. Қазақтың ерлік жырлары тақырыбы бойынша жазылған «Қазақ халқының эпикалық жырлары » атты диссертациясы күні бүгінге дейін аса құнды , мән-маңызы өте жоғары ғылыми еңбек болып саналады .

Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетің зерттеуге зор еңбек сіңірді.Оның қаламынан туған тарих ,археология , этнография ,әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап ,үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді .Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды.Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және бағаланып ,ол Ленин , Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталады.

Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев (1910-1958)-қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі ,турколог , филология ғылымның докторы.

1932 жылдан бастап ол жоғары оқу орындарында сабақ берді , оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті.

Ол «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі», «Қазақ тілінің жасалуы туралы », «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер », «Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы », атты еңбектер жазды .

Ғұбайдолла Айдаров (1921-2001) – белгілі түріктанушы ғалым . Ол қазіргі Маңғыстау облысы Форт-Шевченко ауданындағы №4 ауылында дүниеге келді .

Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің тілі туралы зерттеулер жүргізді, мәтіндердің транслитерациясын жасап шықты .

1974 жылы филология ғылымдарының докторы , 1994 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген ғылым қайраткері атағын алған . Оған Қазақстан мен Түрікменстанның «Ағарту ісінің озаты » деген атақ берілді.

Ғ.Айдаров 20-ға тарта кітап , 200-ден аса ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалаларын жазды.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкер-ұшқышы.1946 ж. маусымның 27-сінде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы , «1- інші май» ұжымшарында дүниеге келген . Жоғары білімді .Техника ғылымдарының докторы , профессор , академик ,авиация генерал-майоры .Зерттеуші –ғарышкер

1991ж. қазанның 2-сінде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде , Александр Волков және Австрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті . Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді . 1991ж. қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров , Анатолий Арцебарский , Австрия ғарышкері Франц Фибек « Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды . Ғарышта өткізген мерзімі -7 күн 22 сағат 13 минут .

Т.Әубәкіров –Қазақстанның тұңғыш ғарышкері , Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.

Марапатталады:

«Халық Қаһарманы» атағы

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы

«Отан ордені»(1995)

Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев – Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007).

1951 ж. қаңтар Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.

2007 ж. сәуір Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.

1994 ж. ғарышқа 1 рет ұшқанда (Союз ТМ-19)126 күн ғарышта өткізген 126 күн ғарышта өткізген.

1998ж. ғарышқа 2 рет ұшқанда (Союз ТМ-19)208 күн ғарышта өткізген ғарышта өткізген.Гиннестің үздік табыстары кітабында бір айдың ішінде 5 рет барлығы 30 сағ 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.

2001ж. ғарышқа 3 рет ұшқанда ( СоюзТМ-32) 8 күн ғарышқа өткізген.

Марапаттары:

«Халық Қаһарманы» атағы (1995)

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995)

«Отан» ордені (1998)

«Барыс» 1 дәрежелі ордені

«Астана» медалі (1999)

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

Өнер түрлері

  1. Сәулет өнері (архитектура)

  2. Мүсін өнері (скульптура)

  3. Кескін өнері (живопись)

  4. Әуез өнері (музыка)

  5. Сөз өнері (әдебиет)

Бейнелеу және кескін өнері

Әбілхан Қастеев (1904-1973) қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданы Жетікен ауылында дүниеге келді. Ол-қазақтың әйгілі кескіндемешісі график суретші,қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі,Қазақ СССР-ы халқының суретшісі.

Қазақ халқының ұлттық саз өнері

Қазақ саз мәдениетінің дамуына академик Ахмет Жұбанов, сазгерлер:Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, халық әртістері:Күләш Бәйсейітова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Нұрғиса Тілендиевтер үлкен үлес қосты.Осылайша қазақ операсы, симфониясы, ән-күйі әлемге танымал болды.Қазір қазақ саз өнері әлемдік деңгейде дамып отыр.

Қазақстан музыкасы

  • Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913) бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қос көлдің маңында дүниеге келді.Ол – әнші-композитор, айтыс ақыны.

  • Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты ауылында дүниеге келді.Ол – ақын, әнші-композитор. Әсет негізінен айтыс ақыны.

  • Әміре Қашаубаев 1888 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келді. Ол- әнші. Актер және музыкант. 1925 жылы Париж қаласында өткен бүкіл дүниежүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысып, қазақ әндерін орындап 2-бәйге мен күміс медальді иеленді.1927 жылы Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін шырқады.

  • Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) қазіргі Ақмола облысы Еңбекшілер ауданында дүниеге келді.Ол – әнші, композитор,ақын.

  • Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай көлінің маңында туылды.Ол – әнші,ақын,композитор.

  • Күләш Байсейітова (1912-1957) – қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері.КСРО халық артисі.КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Шет ауданы.

  • Роза Бағланова 1922 жылы Қызылорда облысы Қазалы қаласында туылған.Ол – әнші. 1946 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысты.

  • Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келді.Ол - композитор, Қазақстанның халық әртісі.

  • Бибігүл Төлегенова 1929 жылы Семей қаласында дүниеге келді.Ол-әнші.

  • Мұқан Төлебаев (1913-1960) Алматы облысының Бөрлітөбе ауданындағы Қарашыған ауылында туылды.Ол – қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі болды.

  • Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968)- қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым,әйгілі композитор,дирижер.Қазақстанның халық артисі, өнертану ғылымының докторы, профессор,академик.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) – қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған композиторлардың бірі.Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты.Олар «Тәжік биі», «Қазақ биі», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар.

Қазақтың атақты күйшілері

  • Қорқыт ата – саз құдіреті, оның ішінде қобыздың атасы.

  • Тәттімбет Қазанғапұлының (1815-1862) 40-тан астам күйлері бар.Олар: «Қосбасар», «Сарыжайлау» т.б.

  • Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) – күйші, композитор.

  • Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1889) – қазақ халқының ұлы композиторы, күйші, домбырашы.Ұлттық музыка мәдениетін жоғары сатыға көтерген мәдениет қайраткері.Ол қазіргі батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жиделіде туып, Астрахан облысы «Шайтан батаға» деген жерде қайтыс болды.

  • Сара Тастанбекқызы (1853-1907) Талдықорған облысы Қапал ауданы Ақешкі өзені бойында дүниеге келді.Ол-әнші,күйші,ақын.

  • Дина Нүрпейісова (1861-1955) Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданында туылды.Ол – домбырашы, күйші, композитор.1939 жылы Мәскеуде өткен Халық музыкалық аспаптарын орындаудың бүкілодақтық байқауында 1-орын алды. «Доммбыраның Жамбылы» атанды.

  • Нұрғиса Тілендиев (1925-1999) Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер деген жерде дүниеге келген.Ол – композитор дирижер, домбырашы, Қазақстанның халық артисі,Халық Қаһарманы.Ол 400-ге тарта ән мен романстардың авторы.

Қазақстан спорты

Жақсылық Үшкемпіров – еркін күрестен Қазақстан чемпионы , грек-рим күресінен КСРО-ның екі дүркін чемпионы , әлем чемпионаты мен кубогының жеңімпазы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты боз кілем ардагері. Ол 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында белдескен қарсыластарының бәрін жеңіп, Қазақстанның шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Серік Керімбекұлы Қонақбаев 1959 жылы 25 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол- Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері , екі мәрте Еуропа чемпионы , әлем кубогының екі мәрте иегері , бокс бойынша әлемдік чемпионаттың күміс жүлдегері болған , КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)

Алғашқы газеттер:

  • Қазақ тіліндегі тұңғыш газет –«Түркістан уәлаятының газеті» ( 1870-1882). Шығарған - Шахмардан Ибрагимов .

  • Қазақ тіліндегі тұңғыш журнал «Айқап» (1911-1915). М. Сералин ұйымдастырған.

  • «Дала уәлаятының газеті» (Омбы, 1888-1892);

  • Ордада және Оралда шыққан ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газеті (1911-1913)

  • Орынбор қаласында А. Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен шыққан «Қазақ» газеті (1913-1918)

Қазан төңкерісінен бастап қазіргі кезеңге дейін аралықтагы республикалық газеттер:

  • «Егемен Қазақстан» (бұрынғы «Социалистік Қазақстан»,1919 жылдан);

  • «Казахстанская правда» (1920жылдан);

  • «Жас Алаш»(бұрынғы «Лениншіл жас»,1921 жылдан)

  • «Экспресс К» (бұрынғы «Ленинская смена»,1922 жылдан);

  • «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионері» , 1930 жылдан);

  • «Дружные ребята» (1933жылдан);

  • «Қазақ әдебиеті» (1934 жылдан);

  • «Қазақстан мұғалімі» «Учитель Казахстана» (1952жылдан);

  • «Спорт» (1959жылдан);

ЕЛТАНУ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

Сүйінші-бір үйге қуанышты хабар жеткізген адамның айтатын сөзі.Қуанышты хабарды айтушы сүйінші сұрайды. Ал қуаныш иесі оған сыйлық береді немесе сүйінші сұраған адамның қалаған нәрсесін береді.

Шілдехана-сәби дүниеге келгенде жасалатын кішігірім той.

Бесік той-жаңа туған баланы алғаш рет бесікке салғанда (бөлегенде) жасалатын той.

Тұсаукесер-сәби алғаш журе басталғанда жасалатын дәстүр.Баланың екі аяғын жіппен байлайды және оны жылдам қимылдайтын әйелге қыйдыртады бұл –бала тез жүріп кетсін деген ырым.

Сүндет той- ер бала 5-6 жасқа толғанда, оны сүндетке отырғызады.Бұл денсаулықтың, тазалықтың белгісі.

Тілашар-бала мектепке баратын кезде жасалатын дәстүр.

Жар-жар-қыз баланы тұрмысқа беретін кезде немесе келін болып келенде қыздың көңілін көтеру үшін айтылатын ән.

Беташар-жаңа түскен келінге жаңа туыстарын таныстыратын дәстүр.Мұнда «Беташар» жыры айтылып, келінге ата-енесі және баска туыстары таныстырылады.

Бата-ұлкен кісілер айтатын арнайы жаксы тіектері.Оның бірнеше түрі бар:дастарханға берілетін бата, сапарға аттанатын кезде берілетін бата, біреудің жаксылығы үшін берілетін бата.

Базарлық-сапардан келген адамның әкелген сыйлығы.

Байғазы-баланың (кейде үлкен адамның да) жаңа киіміне, затыныа берілетін сыйлық.

Тыйым сөз-баланы жаман әдеттерден, орынсыз әрекеттерден сақтандырып отырытын создер Мысалы,дастарханды баспа,көкті жұлма т.б.

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй-қазақ халқының қасиеті,киелі қара шаңырағы.Киіз үй-қазақ халқының баспанасы,мәдениетінің көрсеткіші,мыңдаған жылғы ескерткіші.Мұнда қазақ халқының тарихы,салт дәстүрі,өмірлік тәжербиесі,ұлттық танымы жатыр.Бір ғана осы киіз үйден сәулет,құрылыс,сурет,қол өнері,ағаш ұсталығы т.б. бірнеше өнердің туындысын көруге болады.

Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді:

  • Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

  • Алтын орда – 30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы.

  • Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

  • Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үй.

  • Боз үй, қоңыр үф, қараша үй – 4-5 қанатты киіз үй.

  • Отау – жас жұбайлар үйі.

  • Жолыс үй, абылайша үй, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үй.

ҮШ ЖҮЗ

Қазақ халқы үш жүз құрамынан тұрады. Олар: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Ұлы жүз рулары: Қаңлы, Қатаған, Жалайыр, Сіргелі, Шақшам, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Дулат.

Орта жүз рулары: Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ.

Кіші жүз рулары: Әлімұлы, Байұлы, Жетіру.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары:

Ішекті аспаптар: домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна, шертер т.б.

Үрмелі аспаптар: сыбызғы, керней, сазсырнай, үілдек, үскірік т.б.

Дабылды-шулы аспаптар: дауылпаз, асатаяқ, дабыл, тоқылдақ, қоңырау, тұяқтас т.б.

Қазақтың ұлттық тағамдары:

Сүттен жасалатын тағамдар: қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, уыз, айран, сүзбе, май, қаймақ т.б.

Дәнді дақылдан жасалатын тағамдар: тары, жент, талқан, бауырсақ, шелпек, сөк т.б.

Еттен жасалатын тағамдар: қазы, жал, жая, шұжық, қуырдақ, сорпа, бұқпа т.б.

Қазақтың ұлттық бас киімдері:

  1. Ерлердің бас киімдері: тымақ, бөрік, құлақшын, тақия, қалпақ, телпек, айырқалпақ, малақай т.б.

  2. Әйелдердің бас киімдері: сәукеле, жаулық, кимешек, орамал, бөкебай т.б.

Қазақтың ұлттық киімдері: тон, шапан, ішік, күпі, шекпен, кеудеше, жейде, шалбар, бешпент, камзол, желет, қолғап т.б.

Қазақтың ұлттық аяқ киімдері: пима, етік, кебіс, сандал, мәсі, байпақ т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]