- •Фонетика
- •Буын(слог)
- •Лексика
- •Синоним
- •Антоним
- •Мақал мен мәтел (пословицы и поговорки)
- •Морфология
- •Сын есім (имя прилагательное)
- •Есімдік(местоимение)
- •Етістік(глагол)
- •Етіс (залог)
- •Есімше(причастие)
- •Көсемше(деепричастие)
- •Етістіктің шақтары (времена глагола)
- •Етістіктің райлары(наклонение глагола)
- •Тұйық етістік (инфинитив)
- •Үстеу(наречие)
- •Шылау (союзы)
- •Одағай(междометие)
- •Оқшау сөздер
- •Қыстырма сөз
- •Синтаксис
- •Атаулы сөйлем
- •Сөйлем мүшелері (члены предложения)
- •Бастауыш (подлежащее)
- •Баяндауыш (сказуемое)
- •Дара, күрделі баяндауыш
- •Тұрлаусыз мүшелер (второстепенные члены предложения) Толықтауыш (дополнение)
- •Анықтауыш (определение)
- •Пысықтауыш (обстоятельство)
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •Қарсылықты салалас (противительные)
- •Түсіндірмелі (указательные) салалас
- •Талғаулы (разделительные) салалас
- •Кезектес (чередующиеся) салалас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
- •Қосымша мәлімет:
- •Қазақстанның астанасы
- •Қазақстан жері
- •Қазақстанның өзен – сулары өзендер
- •Қазақ тілі жайлы
- •XviiIғ.Ғ. Батырлар
- •Қазақтың шешендік өнері
- •Үй жануарлары
- •Құрал-жабдықтар
Етістіктің райлары(наклонение глагола)
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай деп аталады. Райдың төрт түрі бар: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.Үш шақтың бірінде (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық(изъявительное) райдейміз. Мысалы: Әркім өз ойымен отыр. (Осы шақ).Келемін тау ішіндетүнделетіп. (Өткен шақ). Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ. (Келер шақ).
Қимылдың орындалуын талап ету мағынасын білдіретін рай түрін бұйрық(повелительное) райдейміз. Бұйрық рай көбінесеII жақта айтылады. Сен бар, сен айт, сен отыр, сен әкел, сен жатта.
Сөйлемде жіктеліп барып қолданылады. Жіктелу үлгісі:
Менбарайын Бізбарайық
Сен бар Сендербарыңдар
Сіз барыңыз Сіздер барыңыздар
Ол барсын Олар барсын
Шартты(условное) рай қимылдың іске асу, аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Жасалу жолы: -са, -се жұрнағы: барса ,келсе,айтса, көрсе, өкінсе, құласа, жарасса.
Қалау(желательное) рай іс иесінің қимылды қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді. Жасалу жолы:
-ғы,-гі, -қы, -кі + келді; барғым келді, барғың келді , барғысы келді.
-са, -се + игі еді;барсам игі еді, барсаң игі еді, барса игі еді
-ғай, -гей, -қай, -кей + еді; барғаймын, барғай едім, барғайсың, барғай едің, барғай, барғай еді.
Тұйық етістік (инфинитив)
Зат есімдерше түрленіп, жақпен де, шақпен де байланысы болмай, қимылдың атын білдіретін етістіктің түрін тұйық етістік дейміз.
-У жүрнағы арқылы жасалады; сұрау, жүру, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу. Тұйық етістіктен жасалған зат есімдер:көсеу, сабау, егеу, жасау, қашау, тұсау, оют.б.
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Жартасқа бардым, күнде айқай салдым деген сөйлемде бардым, айқай салдым етістіктерібаяндауышқызметін атқарып түр.
Оқу үшіносында келдім деген сөйлемде оқу үшін етістігі не үшін? деген сұраққа жауап беріппысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Көрмес-түйені де көрмес деген сөйлемде көрмес сөзі кім? деген сұраққа жауап беріп,бастауышқызметін атқарып тұр.
Өсер елдің жігіті бірін - бірі батырдер сөйлемінде өсер сөзі қандай? дегенсұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Ұстаздық қылған халықпас үйретуден балаға.Білгенге маржан,білмеске арзан.Етістік есімше не тұйық етістік тұлғаларында септеліп келіп, атау мен іліктен басқа септіктерде толықтауыш қызметін атқарады.
Үстеу(наречие)
Қимылдың сын-сипатын, әр түрлі белгілерін , жай-күйін білдіретін сөз табын үстеу дейміз.
Үстеу құрамына қарай үшке бөлінеді: негізгі, туынды, күрделі үстеулер. Негізгі үстеуге түбір үстеулер мен сын есімнің шырайларынан жасалған үстеулер жатады. Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен, қазір, жылдамырақ, тездеу, ілгерірек, кештеу, кешірек, бері, әрең, азар, әрі, бері, дәл, сәл.
Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және септік жалғауларының түбіріменсіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.
Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
-ша, -ше;адамша, балаша, бұлбұлша, көзінше, өзінше, ескіше.
-лай, -лей, -дай, -дей,-тай, -тей; шикілей, қыстай, осылай, ақшалай, күздей, жаздай.
-дайын, -дейін, -тайын, -тейін; бұлбұлдайын, бұлақтайын, жорғадайын,тотыдайын.
-шама, -шеме, -шалық, -шелік; осыншалық, соншалық, осыншама, соншама, мұнша.
-майынша, -мейінше, -пайынша,-пейінше; айтпайынша, оқымайынша,тыңдамайынша, жатпайынша.
Түбірге сіңісіп, көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулар:
Барыс септігі:кешке, боксқа, текке, бірге,зорға.
Жатыс септігі: баяғыда,аңдаусызда, қапыда.
Шығыс септік:шалқасынан, кеңінен, шетінен; тосыннан.
Көмектес септік:жөнімен, кезекпен, шынымен, ретімен.
Күрделі үстеу екі немесе одан көп түбірдің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалады:
Бірігу арқылы: жаздыгүні, таңертең, ендігәрі, биыл, бүгін, біраз.
Қосарлану арқылы: жоғары-төмен, анда-санда, жата-жастана, енді-енді, қолды-қолына, бірте-тірте, қысы-жазы.
Тіркесу арқылы: ала жаздай, күні бүгін, ертеден қара кешке дейін, құлан таза, күні кешке т.б.
Үстеудің мағыналық түрлері: мезгіл үстеу, мекен үстеу, сын-қимыл үстеу, мөлшер үстеу, күшейткіш үстеу, мақсат үстеу, себеп-салдар үстеуі.
Мезгіл(времени) үстеу қимылдың мезгілін білдіреді, қашан?қашаннан? сұрағына жауап береді. Мысалы: кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, таңертең, түнеугүні, бүрсігүні.
Мекен(места) үстеу қимылдың болу орнын, бағытын білдіріп, қайдан?қайда?деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артын орады.
Сын-қимыл (образа и способа действия)үстеуі қимылдың амалын, сынын, бейнесін,тәсілін білдіріп, қалай?қайтіп?қалайша?кімше? деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды.
Мөлшер(количество и меры) үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша?қаншама?қаншалық?қаншалап? қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, недәуір өсіпті, онша биік емес.
Күшейткіш (усилительный)үстеу қимылдың белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді. Ең, тым, өте, аса,орасан,мүлдем,әбден,кілең,керемет сөздері арқылы жасалады да қалай?деген сұраққа жауап береді. Мысалы:ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор.
Мақсат (цели)үстеу қимылдың болу мақсатын білдіредідеқалай? немақсатпен?деген сұраққа жауап береді. Оғанәдейі, жорта, әдейілеп,қасақана деген сөздер жатады. Мысалы:әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді.
Себеп-салдар (причины и следствия)үстеуі қимылдың болу себебін білдіреді де, не себепті? неге?қалай?деген сұрақтарға жауап береді. Оған: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге.Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың.
