Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆

«Казхром» тұқ» ақ

1995 Жылы құрылған «Казхром» трансұлттық компаниясына 4 құрылым: Дөң кен байыту комбинаты, «Казмарганец» рудобасқармасы, Ақтөбе Ақсу феррқорытпа зауыттары кіреді.

Әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде дүниеге келген компания феррқорытпа өндрісінің бүкіл циклін, атап айтсақ, жер қойнауын барлау, қазба байлықтарды өндіру мен оларды байыту, жоғары бағалы өнім шығару ісін толық меңгерген. Қуаты 1 млн. МВА – дан астам 42 электр пеші жылына 1 млн. 400 мың тонна ферробалқыма, 4 млн. хром рудасын және 375 мың тонна марганец концентратын өндіреді. Феррохромның барлық түріне қоса компания жоғары кремнийлі ферросилиция, ферросиликохром, фосфориті аз силикомарганец балқымаларын өндіреді. Өнім өндіру мен оны тарату көлемі жағынан әлемдегі ең ірі феррохром өндірушілердің бірі болып саналатын компанияның алдына тек оңтүстік – африкалық «Somancor» компаниясы ғана түседі. «Казхром» ТҰҚ» АҚ – ның ферробалқымалары АҚШ, Еуропа, Оңтүстік – Шығыс Азия (Жапония, Корея, Қытай) секілді әлемдегі негізгі ферробалқыма рыноктарының бәрінде сатылады.

Дөң кен байыту комбинаты – хром рудасын өндіру және байыту жөніндегі әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Комбинаттың шикізат көзі жоғары сапалы хром рудалары. Құрамында дәл осындай хром бар кеніштер әлемнің бірде – бір елінде жоқ. Хром рудасының қоры 340 млн. тонна деп есептеліп отыр. Бүгінде Дөң кен байыту комбинаты әлемдегі ең ірі хром рудасын өндіретін «Молодежная» мен Қазақстандағы тау – кен металлургия саласының бүгіні мен ертеңі деп есептеліп отырған «Қазақстан Тәуелсіздігін 10 жылдығы» шахталарынан тұрады.

Ақтөбе ферробалқыма зауыты Қазақстан қара металлургиясының тұңғышы. 1943 жылы пайдалануға берілген № 1 балқыту цехынан зауыт өмірі басталған болатын. Бүгінде зауыт құрамында 3 балқыту цехы, конверттеу бөлімі, шлакты қайта өңдеу және қосымша цехтар бар. Зауыт жоғары, орташа және төменгі көміртекті феррохром, ферросилиция, металконцентратын, ильменит концентратын, сондай – ақ тұтынушылардың сұранысына қарай азотталған феррохром, металды хром өндіреді.

Металлургиялық өнімдерден басқа шлак қиыршықтарын, сұйық әйнек, әк, шлактан отқа төзімді бұйымдар, азот және көмірқышқылдарын шығаруға жолға қойылған.

2006 Жылдың желтоқсанында «Казхром» тұқ» Eurasian Natural Respurces Corporation (enrc) құрамына кірді.

«Снпс-ақтөбемұнайгаз» ақ

«Актюбнефть» (1981), сәл кейінірек «Актюбемұнайгаз» АҚ (1993( атанған кәсіпорынның ізбасары («СНПС –Актөбемұнайгаз» АҚ-ның негізгі міндетіне өндеу,тасмалдау көміртегі шикізатын өткізу, барлау, іздестіру жұмыстары, ұнғыларды бұрғылау, құбырлар желісін, өндірістік құрылыстар, мұнай-газ саласында ғылыми зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізу кіреді. Компания негізінен Жаңажол, Кенкияқ, мұнай,тұз кеніштерін,Каспий маңы ойпаты Орталық аумағының шығыс бөлігіндегі пайдалы қазбаларды игереді.

Акционерлік қоғам-ондаған филиалдан құралған үлкен өндірістік құрылым. «Октябрьмұнай», «Кеңкияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармалары,Жаңажол мұнай-газ кешені, Мұнай және мұнай өнімдерін өткізу басқарамасы.

Мамандырылған құрылыс басқармасы, «Ақтөбемұнайэнерго», «Ақтөбе мамандырылған құрылыс –монтаж, «Ақтөбетранспртсервис», «Ақтөбемұнайсервис», Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды. Жинақтау басқармалары мен өзге де филиалдарда 7,5 мың жұмысшы еңбек етеді.

Бүгінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»АҚ Қазақстандағы мұнай-газ операторларының алғашқы бестігіне енген іргелі компаниялардың бірі.

1997-2007 жылдар аралығында компанияның дамуына жасалған инвестиция көлемі 2,4 млрд. АҚШ долларынан асыл «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ облыстаға салық төлеушілердің көшбасшысына айналды. Жыл сайын бюджетке 70 млн.АҚШ даллары шамасында салық түседі.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен Ақтөбе облысы әкімдігінің арасындағы «Экономикалық әріптестік туралы» Меморандум облыстың әлеуметтік проблемаларын шешуге үлкен көмек көрсетіп отыр.

2007 жылы екі мемлекет арасындағы мұнай-газ саласындағы әріптестіктің 10 жыл толуын салтанатты түрде атап өткен компания осы жылдар ішінде Жаңажолда екі газ өңдеу зауатын, 115 шақырымдық «Жаңажол –Жем» теміржолын,174 шақырымдық «Кенкияқ –Атырау» мұнай құбырын іске қосты. Компания иелігіндегі құбырлары облыс орталығы мен бүкіл аудандарды арзан ілеспе газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«ҚАЗАҚОЙЛ АҚТӨБЕ»ЖШС

1999 жылы құрылған «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС-ның құрылтайшылары-«ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ мен «Саspian» Investments Resoursces LTD» («ЛУКОЙЛ Оверсиз» және мittal investments бірлескен кәсіпорындағы «Әлібекмола» және «Қожасай» мұнай-газ кен орындарын игеріп жатқан «Қазақ Ойл Ақтөбе» облыстағы мұнай өндіріп жатқан кәсіпорындардың көшбасшылары қатарында. Компания жұмыс істей бастағалы бері «КазтрансОйл»компаниясы ӘлібекмолаКенкияқ, Кенкияқ-Атырау құбыр желсінің құрлысын бітірді. 65 шақырымдық Әлібекмола –Қожасай автожолы салынады, Қожасай мен Әлібекмоланың аралығындағы құбыр желісінің құрылысы басталды. Ембі өзенінің үстінен «Қожасай» кенішіне қарай өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Қазір ЖШС 2006 жылы бекітілген ілеспе газды залалсыздандыру жөніндегі Бағдарлама аясында жұмыс істеп жатыр. Жаңа объектілерді іске қосу арқылы компания аталған мәселені толық шешіп, аймақты сұйық және отындық газбен қамтамасыз етпек ниетте.