- •Ақтөбе облысының өнеркәсібі
- •Ақтөбе облысының өнеркәсібі: Кеше, Бүгін, Ертең
- •«Казхром» тұқ» ақ
- •1995 Жылы құрылған «Казхром» трансұлттық компаниясына 4 құрылым: Дөң кен байыту комбинаты, «Казмарганец» рудобасқармасы, Ақтөбе Ақсу феррқорытпа зауыттары кіреді.
- •2006 Жылдың желтоқсанында «Казхром» тұқ» Eurasian Natural Respurces Corporation (enrc) құрамына кірді.
- •«Снпс-ақтөбемұнайгаз» ақ
- •«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ақ
- •«Көктас –ақтөбе»ақ
- •«Рамазан» жсш
- •«Ақтөберентген» ақ
- •«Азно» жшс
- •«Хобас пайпс қазақстан» жшс
- •«Силикат –а» жшс
- •«Қазақтүрікмұнай» жшс тоо «казахтүркмұнай»
- •«Ақтөбе металл құрастыру зауыты» жшс
- •1995 Жылы құрылған «ктп»жшс: құрылыс жөндеужұмыстарын жүргізу және құрылыс материалдарын шығаруң металл-черепицаларын және металл бұйымдарын өндіру және коммерциялық –делдалдық қызметпен айналысады.
- •2004 Жылы құрылған «Шамшырақ –Ақтөбе жшс-ның құрамына облыстық «Ақтөбе»және «Актюбинский вестник» газеттері һәм он екі аудандық газет кіреді.
- •«Трансэнерго»ақ
- •«Темірбетон»ақ
«Ақтөберентген» ақ
1941 ЖЫЛЫ «Мәскеу одақтық мемлекеттік рентген зауыты»Ақтөбе қаласына көшірілді. Қысқа уақыттың ішінде өндірістік базасы жасалынып,1942 жылдың мамыр айынан бастап қорғаныс қажеттілігіне қажетті өнімөндіре бастады. Соғыстан соңғы жылдарада бейбіт өмірдің қажеттілігіне қарай бейімделді.Медициналық рентген аппаратына қоса, тұрмыстық қажеттілікке байланысты басқа да көптеген тауарлар өндіре бастады .1980 жылы жаңа өндірістік кешен іске қосылды.
1998 жылы кәсіпорынның негізгі бағыты бұрынғысынша әр түрлі рентген диагностикалық жабдықтар өндіру. Бүгінде ол мынадай:
- жылжымалы палаталық рентгендиагностикалық аппараттар («Арман», «Арманс» сериялары);
- станцинарлық
Рентгендиагностикалық сандық аппараттар (BRS жүйесі);
стационарлық рентген
флюорографиялық пленкалық аппарат;
Стационарлық рентген флюорографиялық сандық аппарат;
-жылжымалы рентген флюорографиялық пленкалық және сандық кешендер (ЗИЛ және КАМАз автокөліктерінің базасына);
- рентгенскопияға арналағн стационарлық рентгендиагностиккалық, импульстік флюороскопиялық, жалпырентгеногрфия жүргізукезінде нысаналық суретке және суретке түсіру, сандық рентгенография және бойлаукөлденең сандық томографиясы (РДК «Ардиагност» сериясы) кешендері.
Шығарған жабдықтары 20-25 жыл көлемінде бұзылмай жұмыс істейтін «Ақтөберентген» АҚ қазір посткеңестік елдер ішінде осы саладағы үздік 5 кәсіпорынның қатарына кіреді.
«Азно» жшс
2001 жылы импортты ауыстыру бағдарламасы аясында дүниеге келген Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты Қазақстандағы мұнай саласына жабдықтар әзірлейтін бірден-бір кәсіпорын. Ресейлік «мотовилихинские заводы»АҚ және пермьмұнай машина құрылысы компаниясының қатысуымен ашылған бұл зауыт аталған компаниялар өз үлестерін сатқаннан кейін толықтай Қазақстандықтардың қолына көшті тиімділігі жоғары ресейлік технологияның негізінде құрылған зауыт насосты-компрессорлы трубалар, насос штангаларын, сағалық штоктар және тереңге жіберілетін штангалық насостар шығарумен айналысады.Мұнай өндіретін төрт облыстың дәл орталығындағы Ақтөбе қаласында орналасқан ЖШС өнімдерінің артықшылығы-тұтынушы оны алу үшін көп уақыт жоғалтпайды. Сапасы жағынан шетелдік өнімдерден бір де кем емес,ал бағасы жағынан олардан әлдеқайда арзан дайын өнімді алады. Әсіресе, компанияның мұнай және газ ұнғыларына өте қажетті насосты-компрессорлы трубалары жоғары сұранысқа ие.
«АЗНО» ЖШС-ға негізгі тапсырыс беруші «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы. Мұнай өндірісінің ұлғаюына байланысты зауыт шығаратын өнімдердің көлемі де күн санап көлемі де күн санап көбейіп келеді.
Хромтау ауданындағы «Восход» кенішіне хром рудасын байытатын тау-кен байыту комбинатының құрылысын салып жатқан «Восход Ориел» ЖШС-ның құрылтайшысы-«ОRIEL RESOURCES PIC» компанисы. Жылына 1,3 млн. тонна руда байытатын комбинат құрылысының құны-160,0 млн. АҚШ доллары (19,2 млрд. Теңге).
Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен арадағы келсім-шартқа сәйкес «Восход ОРИЕЛ»ЖШС «Восход кенішінде шахта, байыту фабрикасы,теміржол терминалы және тағы басқа қосымша құрылымдар салады.
Тау-кен байыту комбинаты және рудниктің жобалау жұмыстарын ГНПОПЭ –нің бас мердігері «Казмеханобр» (Алматы) компаниясы жасады. Тау-өткізу және өндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде орталық азиялық «САМ» компаниясымен келісім бар. Ал байыту фабрикасының құрылысын «DRА» (Канада-ЮАР) және «Химмонтаж»АҚ жүргізеді.
Өндірілген өнім шетелдік рыноктарға жөнелтіледі. Мысалы,кен орнында өндірілген хром концентратының 40% -ы Ресей Федерациясына (Тихва ферробалқыма зауыты), Ұлыбританияға («Glencore» компаниясы), ал қалған бөлігі Қытайға экспортталады деп жоспарланып отыр.
