- •Ақтөбе облысының өнеркәсібі
- •Ақтөбе облысының өнеркәсібі: Кеше, Бүгін, Ертең
- •«Казхром» тұқ» ақ
- •1995 Жылы құрылған «Казхром» трансұлттық компаниясына 4 құрылым: Дөң кен байыту комбинаты, «Казмарганец» рудобасқармасы, Ақтөбе Ақсу феррқорытпа зауыттары кіреді.
- •2006 Жылдың желтоқсанында «Казхром» тұқ» Eurasian Natural Respurces Corporation (enrc) құрамына кірді.
- •«Снпс-ақтөбемұнайгаз» ақ
- •«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ақ
- •«Көктас –ақтөбе»ақ
- •«Рамазан» жсш
- •«Ақтөберентген» ақ
- •«Азно» жшс
- •«Хобас пайпс қазақстан» жшс
- •«Силикат –а» жшс
- •«Қазақтүрікмұнай» жшс тоо «казахтүркмұнай»
- •«Ақтөбе металл құрастыру зауыты» жшс
- •1995 Жылы құрылған «ктп»жшс: құрылыс жөндеужұмыстарын жүргізу және құрылыс материалдарын шығаруң металл-черепицаларын және металл бұйымдарын өндіру және коммерциялық –делдалдық қызметпен айналысады.
- •2004 Жылы құрылған «Шамшырақ –Ақтөбе жшс-ның құрамына облыстық «Ақтөбе»және «Актюбинский вестник» газеттері һәм он екі аудандық газет кіреді.
- •«Трансэнерго»ақ
- •«Темірбетон»ақ
2004 Жылы құрылған «Шамшырақ –Ақтөбе жшс-ның құрамына облыстық «Ақтөбе»және «Актюбинский вестник» газеттері һәм он екі аудандық газет кіреді.
«АҚТӨБЕ ЖИҺАЗ КОМПАНИЯСЫ»
Шкаф-купе,ас үй һәм кеңсе жиһаздарын,сауда жабдықтарын шығаратын Ақтөбе жиһаз компаниясының өнімдері Ақтөбе және атырау облыстарында үлкен сұранысқа ие.
«ЭНЕРГОСИСТЕМА»ЖШС
Он бес аудандық электр жүйесі учаскесін, Ақтөбе қалалық электр жүйесі басқармасын, он үш функционалдық қызмет пен бөлімдерді һәм басқарма әкімдігін құрайтын «Энергосистема»ЖШС 2003 жылы құрылды. Құрылтайшысы –«Еуразия қаржы өндірістік компаниясы» АҚ.
Республика аумағына һәм ТМД мемлекеттеріне кеңінен танымал кәсіпорын өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында «Ақтөбеэнергоснаб»ЖШ, «Трансэнерго»АҚ, «Ақбұлақ» АҚ, «Кегок» АҚ бар.
«КЕGOK» АҚ МЭС АФ
«КEGOK» АҚ-ның «Ақтөбе жүйеаралық электр желілері» (Ақтөбе МЭС) филиалы 1997 жылы құрылды.
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан «Ақтөбе МЭС» Қазақстанның Біртұтас Электр Жүүйесінің (БЭЖ)құрамына кірмейді.
«Ақтөбе МЭС» қуат көздерін негізінен Ресей Федерациясынан және жергілікті электр станцияларынан (Орал ТЭЦ, Ақтөбе ТЭЦ, Алға химия зауыт ТЭЦ )алады.
«ҚАЗТРАНСАЙМАҚ» АҚ
«Қаз транс Газ аймақ» АҚ-2002 жылдың сәуір айында құрылып,2007 жылы жаңа атауға ие болған компания.Қазіргі уақытта Қазақстан республикасында табиғи газ өткізу рыногының 58 пайызын иеленіп отыр.
Бұл мекеме негізінен Қазақстанның барлық аймақтарына газ жеткізу және тасымалдау жұмыстарымен шұғылданады. Бүгінгі күні желілерді модернизациялау бойынша шараларды жүргізу бірінші кезектегі міндетке айналып отыр.
Ақтөбе облысындағы өндірістік филиал «ҚазТрансАймақ» АҚ компаниясындағы жетекші буындардың бірі ретінде саналады. Оның негізгі тұтынушылары- «Казхром»АҚ «Жылу-электр орталығы» АҚ, тағы да басқа көптеген мекеме-кәсіпорындар.
«Трансэнерго»ақ
ҚазССР Министрлігі Кеңесінің өкімі, коммуналдық шаруашылық министрлігінің және облыстық комуналдық шаруашылық бөлімінің бұйырығын сәйкес, 1972 жылы Ақтөбеде қалалық жылу басқармасы кәсіпорыны дүниеге келді.
Сол жылы кәсіпорынның балансында 3 қазандық,4 насос стансасы,25 шақырымдық жылу жүйесі болды. Мекеме өз қазандықтарында өндірілген және Ақтөбе ТЭЦ-дан сатып алынған жылу энергиясын таратумен айналысты.
1986 жылы кәсіпорынның құрамында 3 қазандық 52,5 шақырым жылу жүйесі және 4 насос станасасы болды. 1985 жылы Ақтөбе қаласындағы жылу жүйесі кәсіпорындарының базасында «Облжылукоммунэнерго» мекемесі құрылды.1987 жылы өндірістік база үшін Сәіңкібай батыр даңғылынан орын бөлінді.
1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорын сол кездегі өзгерістерге сәйкес жалға берілді.Сол тұста мекеменің балансында 7 насос, 28 қазандық,86,5 шақырымдық жылу жүйесі болды.
1994 жылы «Облжылукоммунэнерго»мекемесінің базасында «Жылуэнерго» АҚ дүниеге келді. Жаңадан құрылған АҚ-ның баласына Ақтөбе ТЭЦ-дан магистральды жылу жүйесі қабылданып алынды.
«Трансэнерго» АҚ 2000 жылдың 5 қазанынан бері жұмыс істеп келеді
2005 жылдың 4 ақпанында «Трансэнерго»АҚ мемлекеттік қайта тіркеу куәлігін алды.
Кәсіпорын акцияларының 99,8 пайызы «Ақтөбе қаласы әкімдігінің аппараты» ММ-ның ,2 пайызы жеке тұлғаулардың қолында.
«Трансэнерго» АҚ жылу энергиясын көтере сатып,қайтасатумен қатар шағын қуаттылығы бар өз қазандықтарында да жылу энергиясын өндіреді. Бүгінде АҚ қызметін 71495 абонент, оның ішінде 69783 жеке тұлға тұтынады.
«АҚБҰЛАҚ» АҚ
1937 жылдың 3 қазанында Ақтөбе шаһарында 2 ұңғысы, 2 насос станциясы және 5 шықырымдық су құбыры жүйесі бар «Водосвет» су құбыры басқармасы құрылды. Бұған дейін қала халқы құдықтар мен Елек, Қарғалы өзендерінің суын ішіп келген болатын.
1950 жылы Елек өзенінің маңында 2 ұңғы қазылып, пайдалануға берілді.1962 жылы кәсіпорын «Водоканал» басқармасы» деп аталды.
1967 жылы 10 ұңғысы бар тамды су қоймасы,1972-1976 жылдары Електің сол оң жағындағы су қоймалары іске қосылды. 1983-1985 жылдары Жоғарғы қарғалы су қоймасы,1985-1987 жылдары Құндақтықыр,Сарыбұлақ су қоймалары салынды.1995 жылы Ақтөбе қалалықсу-канализациялық шаруашылық басқармасының атауы «Ақбұлақ» АҚ деп өзгертілді.
Кәсіпорынның 99,8 пайызы Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің иелігінде.
Бүгінде Ақтөбе қаласын сумен қамтамасыз ету Жоғарғы Қарғалы, Тамды,Еліктің оң жақ жағалауы, Електің сол жақ жағалауы, Құндақтықыр секілді 5 су қоймасына тәуелді.
Шаһар аумағының өсуі,су құбырлары мен канализацияның әбден ескіруі бұл салаға ерекше назар аударуды қажет етеді.Биылдан бастап осы проблеманы шешуге қомақты қаржы бөліне бастады.
