- •Ақтөбе облысының өнеркәсібі
- •Ақтөбе облысының өнеркәсібі: Кеше, Бүгін, Ертең
- •«Казхром» тұқ» ақ
- •1995 Жылы құрылған «Казхром» трансұлттық компаниясына 4 құрылым: Дөң кен байыту комбинаты, «Казмарганец» рудобасқармасы, Ақтөбе Ақсу феррқорытпа зауыттары кіреді.
- •2006 Жылдың желтоқсанында «Казхром» тұқ» Eurasian Natural Respurces Corporation (enrc) құрамына кірді.
- •«Снпс-ақтөбемұнайгаз» ақ
- •«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ақ
- •«Көктас –ақтөбе»ақ
- •«Рамазан» жсш
- •«Ақтөберентген» ақ
- •«Азно» жшс
- •«Хобас пайпс қазақстан» жшс
- •«Силикат –а» жшс
- •«Қазақтүрікмұнай» жшс тоо «казахтүркмұнай»
- •«Ақтөбе металл құрастыру зауыты» жшс
- •1995 Жылы құрылған «ктп»жшс: құрылыс жөндеужұмыстарын жүргізу және құрылыс материалдарын шығаруң металл-черепицаларын және металл бұйымдарын өндіру және коммерциялық –делдалдық қызметпен айналысады.
- •2004 Жылы құрылған «Шамшырақ –Ақтөбе жшс-ның құрамына облыстық «Ақтөбе»және «Актюбинский вестник» газеттері һәм он екі аудандық газет кіреді.
- •«Трансэнерго»ақ
- •«Темірбетон»ақ
«Хобас пайпс қазақстан» жшс
2005 жылы құрылған «Хобас пайпс Қазақстан» ЖШС «НОВАS ENGINEERING GmbH»компаниясының дербес лицензиясы бойынша құбырлар мен фитингілерді полиэфирдің нығайтылған ұнтақтарынан орталықтан құю әдісімен өндіру және таратумен айналысады. Зауытты «Хобас пайпс Қазақстан»ЖШС «Қазақстан дамубанкі » (ҚДБ) АҚ және АТФ Банктің несиесі есебінен салды.Жобаның жалпықұны -16,1 млн.евро, соның ішінде КДБ-ның 8 жылғы берген несиесі 14,7 млн. Евроны құрайды. Зауыттың өндірістік қуаты-200-ден 1400 диаметрге дейінгі 190 шақырым құбыр. Зауыт өнімдері Қазақстан және Ресей Федерациясы аумағында үлкен сұранысқа ие.
«Силикат –а» жшс
Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында силикат кірпіш шығаратын зауыт салынды «Селикат- А» ЖШС –ның құрылтайшысы-ағылшындық «Grestguard Limited» компаниясы. Шикізат зауыт құрылысы салынып жатқан аумақ маңында орналасқан Мұғалжар кенішінің кварцтық құмынан алынады. Жылына 14,7 млн. АҚШ долларының (1,8 млрд.теңге) өнімін шығарады деп күтіліп отырған зауыт құрлысы «W+K Maschintnfabrik GmbH»неміс компаниясының озық тезнолгиясымен жабдықталған. Зауыт толық іске кіріскенде Қазақстанның батыс өнірін өз өнімдерімен толық қамтамасыз етеді.Сондай-ақ РФ-ның Орынбор облысы мен орталық Азия елдеріне де өнім шығармақ ниетте. Салынған инвестиция көлемі 25,3 млн.АҚШдоллары (3,0 млрд. Теңге) Меншік түрі –жеке.
«КЕРАМИКА» АҚ
1993 жылы құрылған «Керамика» АҚ жылына 1000 текше метр керамикалық плита өндіріп, ішкі рыноққа жөнелтеді. Меншік түрі –жеке.
«СТРОЙДЕТАЛЬ» ЖШС
1968 жылы батыс Қазақстандағы өндірістік құрылыс объектілерін құрылыс материалдары және Бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында дүниеге келген ЖБИ -70 зауыты 1990 жылы «Стройдеталь» ЖШС болып қайта құрылды. Бетон және темір –бетон бұйымдарының 1200-ден астам түрін, сондай-ақ ағаш бұйымдарын, керамзит қиыршық тастарын, құрылыстық және флюстік әк,бетон, ерітінді және басқа да өнімдер шығаратын «Стройдеталь» ЖШС –атыс Қазақстан құрылыс кешеніндегі көшбасшылардың қатарына кіретін ірі кәсіпорындардың бірі.
Заман ағымына сай кәсіпорын зауытты озық технологиялармен жабдықтау мәселесіне жіті көңіл бөліп келеді.
2002 жылы өз қаржысы және несие тарта отырып, жылына 50 мың тонна әк жағатын екінші кешенді іске қосты.2005-2006 жылдарда бетон араластырғыш қондырғылар мен мөлшерлегіш құрылғылар толық ауыстырылып,2005-2007 жылдарда «ДСК-ХХІ ғасыр» тұрғын үйі үшін жылына 120 мың метр тұрғын үй салуға мүмкіндік беретін құрылыс бұйымдарын шығаратын кешеннің құрылысы аяқталып,пайдалануға берілді.
Зауыттың «Компакта -3000» автоматтандырылған технолгиялық жүйесі жылына 30млн. дана шамасында кірпіш, сондай-ақ қапталған тас, термоблок, тротуар плитасы және борт тастарын өндіруге мүмкіндік береді.
«Стройдеталь» компаниясының өнімдерінің бәрі 2000 жылғы ИСО-9000 бағдарламасына сәйкес сапа стандарттарына сай келеді.Ақтөбе облысының тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етіп, бүкіл мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларға қатысып келе жатқан зауыттың Атырау,Маңғыстау,Батыс Қазақстан және басқа облыстарда да тұтынушылар бар.
