- •Ақтөбе облысының өнеркәсібі
- •Ақтөбе облысының өнеркәсібі: Кеше, Бүгін, Ертең
- •«Казхром» тұқ» ақ
- •1995 Жылы құрылған «Казхром» трансұлттық компаниясына 4 құрылым: Дөң кен байыту комбинаты, «Казмарганец» рудобасқармасы, Ақтөбе Ақсу феррқорытпа зауыттары кіреді.
- •2006 Жылдың желтоқсанында «Казхром» тұқ» Eurasian Natural Respurces Corporation (enrc) құрамына кірді.
- •«Снпс-ақтөбемұнайгаз» ақ
- •«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ақ
- •«Көктас –ақтөбе»ақ
- •«Рамазан» жсш
- •«Ақтөберентген» ақ
- •«Азно» жшс
- •«Хобас пайпс қазақстан» жшс
- •«Силикат –а» жшс
- •«Қазақтүрікмұнай» жшс тоо «казахтүркмұнай»
- •«Ақтөбе металл құрастыру зауыты» жшс
- •1995 Жылы құрылған «ктп»жшс: құрылыс жөндеужұмыстарын жүргізу және құрылыс материалдарын шығаруң металл-черепицаларын және металл бұйымдарын өндіру және коммерциялық –делдалдық қызметпен айналысады.
- •2004 Жылы құрылған «Шамшырақ –Ақтөбе жшс-ның құрамына облыстық «Ақтөбе»және «Актюбинский вестник» газеттері һәм он екі аудандық газет кіреді.
- •«Трансэнерго»ақ
- •«Темірбетон»ақ
«Қазақтүрікмұнай» жшс тоо «казахтүркмұнай»
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұнғыш бірлескен кәсіпорын-«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 1993 жылы біздің елімізбен мен Түркияның ікелей бастамасымен дүниеге келді. Ел экономикасындағы ең қиын 1993-1998 жылдар аралығында 300млн. АҚШ доллар инвестиция салған кәсіпорын Ақтөбе облысы аумағында «Оңтүстік Қаратөбе» және «Лақтыбай»кеніштерін игерілді. ЖШС-ның «Лақтыбай» кенішінен Кенкияққа дейінгі аралықта 82 шақырымдық газ құбыр желісі бар.
«Оңтүстік Қаратөбе» кенішінде мұнай өндіріп жатқан кәсіпорын Байғанин ауданы Жарқамыс поселкесіне газ жүргізіп берді. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС сондай-ақ облыстың әлеуметтік мәселелеріне мол қаржы бөліп отырған кәсіпорын ретінде де танымал.
«LANCASTER PETROLEUM» АҚ
Ақтөбе облысында Көкжиде, Құмсай , Мәртөк мұнай кеніштерін игеруге мүмкіндікалған «Lancaster Petroleum» АҚ (бұрынғы атауы «ККМ Operating Company» АҚ)-Каспий аймағындағы мұнай өндіретін халықаралық деңгейдегі ең ірі он компанияның бірі болуға ұмытылып отырған кәсіпорын. Соңғы үлгідегі технологиямен «қаруланып», жоғарыда аталған үш кен орнына да бұрғы салған АҚ экологиялық мәселелерді де назардан тыс қалдырған емес.
«ҰЛЫ ҚАБЫРҒА»ҚҚБҚ» ЖШС
«Ұлы қабырға Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясының» 51 пайызы СNPC (ҚХР) және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ға тиесілі. Кәсіпорынның негізгі қызметі-мұнай ұнғыларын бұрғылау. 2007 жылы ЖШС тапсырыс берушілерге 43 ұңғыны тапсырған.
«ЮБИЛЕЙНОЕ» ЖШС ТОО «ЮБИЛЕЙНОЕ»
Мұғалжар ауданындағы «Алтынды» кенішінде орналасқан «Юбилейное» алтын кенішін игеріп жатқан «Юбилейное» ЖШС 2001 жылы құрылды. Кен орнында С1+С2 категориясы бойынша 44 тонна алтын бар деп есептеліп отыр.
Қазіргі таңда өндірілген руда Ресей Федерациясының Свердловск, Челябинск облыстарындағы алтын байыту фабрикаларына жеткізіледі.Болашақта жылына 300 мың тонна руда өңдейтін байыту фабрикасын салу жөніндегі жоспар бар. Бұл жоба жүзеге асқан кезде еңбек өнімділігі 1,5 есе өсіп, өнімді жоғарғы бағаға сатуға мүмкіндік туады.Бұған қоса байыту фабрикасы іске қосылғанда алтыннан бөлек мыс, күмістер де байытылып, 700 жұмыс орны ашылады.
«НЕРУДНИК» САУДА ҮЙІ»ЖШС
Әк, құрылысқа арналған құм мен қиыршық тастың араласын игерумен айналысатын «Нерудник» сауда үйі» ЖШС 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Меншік түрі –жеке.
Ақтасты әк,георгиевский құм мен қиыршық тастың араласы, «Шолақсай» құм кеніштерін игеріп жатқан кәсіпорын өндірген өнімдері республика аумағына тарайды. Соның ішінде Ақтөбе облысы территориясындағы құрылыс кәсіпорындары арасында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын өнімдерінің сапасы ИСО-9000 халықаралық стандартына сай.
«ТҮРКУАЗ ЭДИБА ОЙЛ ИНДАСТРИЕС»ЖШС
Рафинадталған май өндіріп рынокта «Лето», «Глория», «Афия», «Минола», «Хозяюшка» секілді брендтарымен танымал «Туркуаз Әдибл Ойл Индастриес» ЖШС-ның 90 пайыз акциясы «Афия Интернэшнл» (Савола групп) компаниясына,10 пайыз акциясы «Туркуаз» компаниясына тиесілі. Шведтің «Альфа -Лаваль» компаниясының озық тезнологиясымен жабдықталған кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның барлық облыстарына, сондай –ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан секілді мемлекеттерге тарайды.
«Туркуаз Эдибл Ойл Индастриес» ЖШС басшылығы 2007 жылы өсімдік майын өндірудің жылдық көрсеткішін 25 мың тоннаға жеткізді. Биыл өсімдік майын рафинадтайтын жаңа цех іске қосылмақ.
«ЖАҢА - ӘЛЖАН ҰН КОМБИНАТЫ» ЖШС
Өнімдерін ішкі рыноққа, Тәжікстан, Ауғанстан секілді жақын және алыс шетелдерге жөнелтетін «Жаңа-Әлжан ұн комбинаты» ЖШС-ның жылдық өндіріс қуаты 150мың тонна Меншік түрі-жеке
«АҚТӨБЕ-НАН »ЖШС
1977 жылы «Ақтөбе нан өнімдері» комбинатыболып ашылған кәсіпорын
1997 жылы «Ақтөбе-нан» ААҚ, ал 203 жылдан бері «Ақтөбе нан»ЖШС деп атауын өзгертті. 1996 жылы нан зауыты. 1996 жылы шағын Макарон фабрикасы іске қосылды.
Кәсіпорынның 92,9 пайызы «Денеб» ЖШс компаниясына, 1,9 пайызы облыстық қаржы департаментінің коммуналдық меншік бөліміне, 5,2 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі,5,2 пайызы жеке тұлғауларға тиесілі.Негізінен тамақ өнеркәсібімен айналысатын ЖШС-ның тәулігіне 25 тонна нан,1,5 тонна кондитерлік, 1,0 тонна торт, 2,5 тонна макорон өнімдерін шығара алатын қуаты бар. Кәсіпорын өнімдерін облыс аумағындағы тұтынушы мекемелер таратып әкетеді. Озық технологиямен жабдықталағн ЖШС өнімдері СТ РК ИСО 2001-9001 халықаралық стандартына сай.
«АТАМЕКЕН НАН-2000»ЖШС
«Атамекен нан - 2000» жшс 2000 жылы құрылағн «Атамекен» шаруа қожалығының базасында дүниеге келді.бүгінде әлемдегі ең мықты компаниялардың заманауи технологиялық жүйесін енгізген «Атамекен нан-2000» тәулігіне 15 мың тонна жоары сапалы нан-бөлке өнімдерін өндіруге қол жеткізіп, осы саладағы көшбасшылардың біріне айналды.
Қазіргі таңда «Атамекен нан-2000» ЖШС –ның жиырмадан астам өнімдері қаладағы 264 дүкен мен сауда нүктелеріне тарайды.
«АЛҒАБАС»ЖШС
1999 жылы құрылып, сүт өнімдері, балмұздақ, тұшпара өндірумен айналысатын «Алғабас»ЖШС тәулігіне 18,8 тонна сүт өнімдерін 101,2 тонна балмұздақ, 233,4 тонна тұшпара өндіреді.меншік түрі –жеке.
«АЙС»ЖШС
Ақтөбе қаласындағы байырғы қалалық сүт зауытының қаймақ-ірімшік цехының базасында 1999 жылы құрылған «Айс» ЖШС-ның бүгінде жылдық өндірістік қуаты 5484,4 тонна дайын өнім өндіруге жетті.
2005 жылы ЖШС Қазақстанда баламасы жоқ стерилизацияланған және пастеренген сүт, ашқылтым сүт өнімдерін және әр түрлі сыйымдылықтағы полипропилен бөтелкелердегі биоөнімдер құю линиясын іске қосты. Сол жылы компания ИСО9001-2001 сапа менеджментінің сертификатын алды.
Ақтөбе қаласында ірі дүкендер жүйесі арқылы таратылатын «Айс»ЖШс-ның өнімдері сондай-ақ Қазақстанның батыс өңірінде үлкен сұранысқа ие.
«АҚТӨБЕ КОНДИТЕР ФАБРИКАСЫ» ЖШС
250 түрлі кондитерлік өнім шығаратын Ақтөбе кондитер фабрикасы 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді.Шикізат көзін Қазақстанға қоса Ресей, Беларусь елдерінен де алатын кәсіпорынның құрылтайшысы «Саке» сауда үйі. Жылына 11 300 тонна өнім өндіретін кондитер фабрикасының аумағына, ТМД мемлекеттеріне тарайды.
«ӨМІРБЕК»
Спирт, әр түрлі арақтар өндіретін «Өмірбек» ЖШС жылына 150,0 мың дал,38 000 дал өнім өндіріп, ішкі рыноққа жөнелтеді. Меншік түрі –жеке.
«МАКСИМУС»ЖШС
1942 жылы Ақтөбе облысының аумағына эвакуация жасалған Витебск ликерарақ Зауытының базасында дүниеге келген. Ақтөбе ликерарық зауытының атауы 1995 жылы «Кристалл»ААҚ, 2000 жылдан бастап кәсіпорын «Махіmus» ЖШС деп өзгертілді. Тәулігіне 800 мың дал өнім өндіретін кәсіпорын өздерінің «Кристалл» маркасына қоса, атақты «Смирновь» сауда белгісінің де өнімдерін шығарады.
«ГЕОМ»ЖШС
Айрықша арақ, коньяк шығарып, ішкі рыноққа жөнелтетін «Геом» ЖШс-ның жылдық өндірістік қуаты 2066 мың дал меншік түрі жеке.
«GLOBAL MASTER GROUP»ЖШС
Бұрын «Агросервис Инвест» аталған «Global Master Group»/ Глобал мастер Групп /ЖШС рынокта тамақ өнімдерін өндіретін мықты кәсіпорын ретінде танымал
ЖШС-ның «МАСТЕР» сауда белгісімен сатылатын тұшпаралары, таза ауыз суы мен шырынды сусындары жұртшылық арасында үлкен сұранысқа ие,сондай-ақ кәсіпорын «Grissini» кептірілген нанының түр-түрлерін, печеньелер шығара бастады.
«БАЗАЛЬТ-А»ЖШС
Жылына 200 мың текше метр газ-бетон блогын шығаратын қуаты бар зауыттың құрылысын жүргізіп жатқан «Базальт-А» ЖШС-ның құрылтайшысы- ағылшындық «Brook Basalt Limited» компаниясы. 2008 жылдық үшінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отырған зауыт толық қуатымен жұмыс істей бастаған кезде жылына 25,0 миллион АҚШ долларының (3,0 млрд.теңге) өнімін өндіреді.жоба компанияның өз қаржысы және «Евразийский банк» АҚ-ның несиесімен жүзеге асырылып жатыр.
Жобаға құйылатын инвестиция көлемі 25,9 миллион АҚШ долларын (3,1 млрд.теңге) құрайды.
Шетелдің озық технологиясына сүйене отырып, әлемдік сапа стандартына сай өнімдер ассортиментін шығаратын зауыт қазақстанның батыс облыстары мен жақын шетелді өз өнімдерімен қамтамасыз етеді.
