- •Үлкен аралықты жабындардың құралымдары Үлкен аралықты жабындардың негізгі ерекшеліктері және қолдану саласы
- •Арқалықтық құралымдар
- •Сурет. Арқалықтық құралымдар рамалық құралымдар
- •Рамалық құралымдарды есептеу және құралымдау ерекшеліктері
- •Áркалық құралымдар Áркалардың жүйелері мен түрлері
- •Áркалар есебінің ерекшелігі
- •Үлкен аралықты жабындар қаңқаларының құралымдық сұлбаларын құрастыру
- •Үлкен аралықты ғимараттардың кеңістікті құралымдары
- •Аспа жабындар Жалпы мәліметтер
- •Аспа қабықшалардың құралымдары
- •Төсемдік қоршаудың құрылғысы
- •Жабындардың көтергіш түйіндері
- •Қос белдеулі жабындардың құралымдары (Конструкции двухпоясных покрытий) Ванталары параллельді жабындар
- •Ванталары радиалды жабындар
- •Төсемнің құрылғысы
- •Ванталық жабындарды есептеу негіздері Негізгі жағдайлары
- •Ванталары параллельді аспа қабықшалардағы күштулер
- •Ванталары радиалды аспа қабықшалардағы күштеулер
Төсемнің құрылғысы
(Устройство кровли)
Қос белдеулі ванталық жұйелер алдын ала кернелгеннен кейін қатаң көтергіш құралым болып қалады. Сондықтан жабынның қоршағыш элементі ретінде әр түрлі жеңіл төсемдер қолданылады. Құрылыс тәжірибесінде төсемді жасау үшін майыстырылған болат профильдерінен, алюминий қортпаларынан, әйнекпластиктерден жасалған панельдер немесе осылардың негізіндегі толқынды табақтар пайдалынады.Суық төсем үшін мөлдір полиэфирлі әйнекпластик немесе органикалық шыны қоданған кезде ғимарат табиғи жарықтандырумен қамытылады. Отанымыздың және шет елдің құрылысында ағашпен де толтырылған төсемдерді кездестіруге болады.
Төсемнің жылытпасы ретінде (полистирольды, поливинилхлоридті, фенольды, полиуретанды) көбікпласт типті жеңіл материалдар пайдаланылады. Гидрооқшаулағыш қабат үшін битум мастикасындағы рубероид, резеңкебитумды (резинобитумная) мастикасындағы әйнекмата жаратылады. Пластикалық массадан жасалған төсемдерде жіктерінің су өткізбеушілігі эластикалың аратөсеммен (прокладкамен) қамсыздандырылады.
Төсем тікелей вантаға немесе сырғауылдарының үстіне жатқызылады. Вантаны төсемнің астына орналастырған жағдайы пайдалануға қолайлы келеді, себебі оны оқтын – оқтын техникалық қарауға және сырлауға жол ашық болады. Профильденген табақтарды вантаға бекітіп, оларды төсемнің элементі ретінде пайдалануы 30-суретте көрсетілген. Минералмақталы жылытпа төсемнің астында орналасқан кезде (30,в-сурет) буоқшаулаушы қабаты қатты қағазға желімдеп жапсырылған фольгадан жасалады. Мұндай жағдайда астынан тіреп тұратын тор тартылады.
3
0
– сурет. Ванталы жабындарда профильді
табақтардан жасалған төсемдердің
құралымы:
а – жылытпасыз;
б – жылытпасы үстіңгі жағында орналастырылған;
в - жылытпасы астыңғы жағында орналастырылған;
1 – ілгек түріндегі бұрандама; 2 – гидрооқшаулаушы қабат;
3 – буоқшаулаушы қабат;
4 - тіреп тұратын тор
Жылытпасы бар металл тақталардың құралымдық шешімдері әр түрлі болуы мүмкін. 31,а – суретте майыстырылған болат табақтан пісірмелеп жасалған тақта көрсетілген. Тақтаның астындағы болат тор акустикалық толтырғыш үшін салынған. Ванталары параллельді орналасқан жабын үшін тақтаның бұл түрін квадратты немесе тік бұрышты етіп құрымымдау керек. Тақтаның үстіне әдеттегі көп қабатты төсеніштер төселеді.
Мырышталып профилденген болат төсем мен көбікпласттан жасалған екі қабатты тақтаның құралмы 31,б – суретте келтірілген. Тақтаны әзірлеген кезде фенольды немесе полистирольды қөбікпластты бірмезгілде төсемге және үстінен бір қабат рубероидке көбігі арқылы жапсырылады. Үстіндегі рубероид тақтаны тасымалдаған, жинақтаған кездерде көбіктпаластты зақымдалуынан қорғайды және қалған рулонды төсеніш қабаттарын жапсыру үшін негіздігі болып табылады. Тақтаның бұл нұсқасы ванталары параллельді жабындар үшін ыңғайлы келеді.
31,в – суретте алюминилік табақтар мен көбікпласттан орындалған үш қабатты панель көрсетілген. Бұл панельдің түрі ванталардың орналасуына байланысты тік бұрышты немесе трапеция түрінде болыуы мүмкін
31 – сурет. Ванталық жабындар үшін металл панельдер:
а - майыстырылған болат табақтан пісірмелеп жасалған тақта; б - профилденген болат төсемнен жасалған екі қабатты тақта; в - алюминилік табақтардан жасалған үш қабатты панель; 1 – тор үстінде акустикалық толтырғыш немесе көбікпласт (пенопласт); 2 – қабат рубероид; 3 – көбікпласт; 4 – қабат желім; 5 - мырышталып профилденген болат төсем Н80-674-1; 6 – көбікпласт
