Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1198_LKEN_ARALY_1178_TY_ZhABYNDARDY_1186__1178_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Сурет. Арқалықтық құралымдар рамалық құралымдар

Үлкен аралықты жабындарды тұрғызған кезде топсасыз және қостопсалы рамалар қолданылады. Топсасыз рамалар қатаңдылау, металл шығыны бойынша үнемділеу және жинақтауы ыңғайлы, бірақ температуралық әсерлерге сезгіштілеу болып келеді және негіздігі тығыз үлкен іргетастарды талап етеді.

Ригелі мен ұстынының қимасына байланысты рамалар тұтастыға және өтпеліге (керегеторлыға) бөлінеді. Тұтас рамалар сирек және аралығы аса үлкен емес (ℓ = 50-60 м) кезінде ғана қолданылыды. Еңбек сиымдылығының аздығы, тасымалдылығы және жай биіктігін кішірейтуге мүмкіншілігі олардың артықшылықтарына жатады.

2 – сурет. Қос топсалы тұтас рама

Тұтас рамалар көбінесе қостопсалы түрінде жобаланады. Тіректерінің жұмысын жеңілдету мақсатымен, еденнен төмен тіректік топсалар деңгейінде орналастырылып, раманың кермесін қабылдайтын тартпа қарастыруға болады. Тартпаны тарту арқылы раманың ригелін қосымша жеңілдетуге болады. Тұтас рама ригелінің биіктігін аралығының 1/30 – 1/40 арасында қабылданады. Ригель биіктігінің мұндай шамалы болуы тіректік моменттерінің рама жүктемесін азайтуы арқылы мүмкін болды.

Ригельдері мен тағандары ірі, биіктігі шамалы өтпелі рамалар ангар құрылысында кең таралып жүр. Олардың аралығы 100-120 м-ге дейін жетеді. Өтпелі рамалар топсалары іргетас деңгейінде (3,а-сурет ) немесе ригельдің тағандармен қосылған жерінде орналасқан (3,б-сурет) қос топсалы немесе топсасыз (3,в-сурет) болуы мүмкін. Топсалары ригельдің тағанмен қосылған жерінде орналасқан кезінде құралымдарды жинақтауы едәуір жеңілденеді. Бірақ іргетастары өте ірі болады және ригельді жеңілдететін тіректік моменттері болмайды.

3 – сурет. Өтпелі рамалар:

а,б – қостопсалысы; в – топсасызы

Топсасыз рамалар, ригельдегі майыстырушы моментті азайтуы өте қажет болғанда және аралығы 120-150 м кезінде қолданылады. Өтпелі рама тағанының ені ригель панелінің ұзындығына (5-7 м) тең етіп қабылданады. Тағанның қума қатаңдылығы, енінің осындай үлкен және биіктігі шамалы кезінде, ригельдің қума қатаңдылығынан бір шама артады. Осының нәтижесінде тіректік моменттің ригельді жеңілдету ықпалы едәуір өседі.

Жүктемесі мен аралығы үлкен кезінде,керегеторлы рамалардың ригелі ауыр фермалар сияқты құралымданады; ал аралықтары анша үлкен емес болса (40-50 м) олардың қималары мен түйіндері жеңіл фермаларға ұқсас болуы мүмкін.

Көрме павильондарында, сауда орындарында, вокзалдарда рама биіктігі 15-20 м, аралығы 40-50 м кезінде ригельдері сынуланған өтпе рамаларды қолдануға болады.

3-сурет. Ригелі сынымалы қос топсалы рама

Рамалық құралымдарды есептеу және құралымдау ерекшеліктері

Рамалар құрылыс механикасының әдістерімен сырықтық жүйелері сияқты әдетте ЭЕМ көмегімен есептеледі. Керегеторлы рамалардың есептік күштеулерін алдын ала есептеу үшін эквивалентті түтас сырықтар сияқты анықтауға болады. Мұнда өтпелі элементтердің инерция моменттерін, керегетор сырықтарының деформациялығын есепке алып, 0,75-0,85 еселеуішпен қабылдау керек.

Үлкен аралықты рамалардың майысымы тек уақытша жүктеменің әсерінен анықталады. Тұрақты жүктеменің майысымы құрылыстық көтермемен теңелестіріледі.

Тұтас рамалардың ригелі мен тағандары пісірмеленген қоставр қималы түрінде жобаланады. Олардың көтергіштік қабілеті ортасынан тыс сығылған сырықтардың формулалары бойынша тексеріледі.

Үлкен аралықты өтпелі рамалар сырықтарының күштеулері 2000 кН және одан жоғары болған кезінде ауыр фермалар түрінде жобаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]