Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1198_LKEN_ARALY_1178_TY_ZhABYNDARDY_1186__1178_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Үлкен аралықты жабындар қаңқаларының құралымдық сұлбаларын құрастыру

Үлкен аралықты ғимараттар құралымдарының құрастыруы өндіріс ғимараттар құралымдарының құрастыруына негізінде ұқсас келеді. Бірақ олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар –әдеттегі өндіріс ғимараттар құралымдарының адымына қарағанда, аралығы үлкен кезінде құралымдардың экономикалық жағынан пайдалы адымы едәуір үлкен болып келеді. Тік және горизонталды байланыстар жүйесінің мағынасы өндіріс ғимараттарындағылармен бірдей, сондықтан құрастырылуы да ұқсас.

Үлкен аралықты жабыны бар ғимараттарда, технологиялық үрдісіне байланысты, қасбеттік қабырғада қақпаларға арналған тұтас ойық қалдыру керек. Сондықтан үлкен аралықты жабындар қаңқасының құралымдық сұлбасын құрастыруында ерекше өзгешілігі болады. Мұнда қаңқаның негізгі көтергіш элементтері (рамалар, аркалар) ғимараттың жоспарында үлкен өшемдері бағытында орналастырылады (14-сурет). Рама ригеліне керегеторлы сырғауылдар, оның үстіне төсем салынады. Ригельдің үстіне тікелей жылытпасы бар төсем панельдерін де салуға болады.

14 – сурет. Қаңқаны көлденең құрастыру:

1 – рамалар; 2 – сырғауылдар; 3 – қақпа; 4 - байланыс

Қақпалардың аралағы үлкен (100...120 м) және жәйінің тереңдігі шамалы (40...50 м) кезінде қаңқасын бойлық құрастыру ұтымдылау келеді. Мұнда қақпаның үстіңгі жағына негізгі көтергіш құралым (ферма, рама немесе арка) орнатылады, оның үстіне итарқалық фермалар тіреледі (15-сурет). Фермалар екінші шетімен ұстындарға тіреледі.

15 – сурет. Қаңқаны бойлық құрастыру:

1 –қақпаның үстіндегі бойлық рама; 2 – фахверктік таған; 3 – көленең фермалар; 4 - сырғауылдар

Áркалық жабын жүйесінде áркалар негізгі көтергіш элементтер болып табылады. Арқалықтық және рамалық жүйелерінің қаңқаларына ұқсас áркалар қосымша элементтермен (сырғауылдармен, бойлық, көлденең, горизонталды және тік байланыстармен, кермеліктермен, жабын тақталарымен) өзара байланысады. Аралығы кіші және орташа кезінде áркалардың адымын 6 м немесе 12 м алуға болады. Мұндай кезде сырғауылдарды немесе индустриалды панельдерді қолданып, оңай төсем жасауға мүмкіндік туады. Аралығы үлкейген (80 м және одан көп) кезінде áркалардың оңтайлы адымы 18 – 36 м-ге дейін өседі. Бұл жағдай áркалардың арасындағы төсемді күрделендіріп негізгі мен, қабырғаша деп аталатын, көмекші сырғауылдарды қолдандырады. Материал шығынын кеміту мақсатымен үлкен аралықты екі áркаларды тік және горизонталды байланыстармен біріктіріп кеңістікті блок құрастрылады.

16 – сурет. Áркалық блоктық құралым:

1 – екі áркалардан құралған кеңістікті блок; 2 – негізгі сырғауыл; 3 – қабырғашалар (көмекші сырғауылдар); 4 – байланыстар

Үлкен аралықты ғимараттардың кеңістікті құралымдары

Жабындардың жазықтық (яғни арқалықтық, рамалықтық және áркалықтық) жүйелерімен қатар кеңістіктік жүйелер де құрылыста кең таралған.

Арқалықтық, рамалықтық және áркалықтық жүйелерден құралған үлкен аралықты жабындарда, арасындағы жеңіл байланыстары – сырғауылдары тек жугін түсіруден басқа жүктемелерді көтергіш элементтердің арасына бөліп тарата алмайды, яғни жүктеме тек бір бағытта ғана - көтергіш элементтің бойымен жеткізіледі. Кеңістікті жүйелерде байланыстары күшейтіліп, күштеулерді таратуға және оларды тіректерге жеткізуге қатыстырылады. Соның нәтижесінде негізгі көтергіш элементтері жеңілденіп, түгел құралым өзгереді. Кеңістікті құралым жазықтысынан жеңілдеу болады. Сонымен жазықтық элементтерді сипаттайтын материалдарды шоғырландыру принципіне қарама-қарсы кеңістікті құралымдарда материалдары бытыратылады.

Кеңістікті құралымдар жалпақ (тақталар) немесе қисық сызықты (қабықшалар) болуы мүмкін. Жалпақ кеңістікті жүйелер (аспалыларынан басқасы) қажетті қатаңдылығымен қамтамасыз ету үшін екі қатпарлы болуы керек. Қисық сызықтылары бір қатпарлы да және екі қатпарлы да болуы мүмкін. Соңғы жылдары, беті бойынша торлы жүйе жасайтын кеңістікті керегеторлы құралымдар кең таралып келеді. Бір қатпарлы құралымдардың беті қисық сызықты торлы болып, жалғыз торлы (односетчатые) деп аталады. Екі қатпарлы құралымдар, өз арасында керегеторлы қатаң байланыстармен біріктірілген, екі параллельді беттерден тұрады. Олар қос торлы деп аталады.

Үлкен аралықты құралымдарды орындау көтеріңкі еңбек сіңіруді, оларды жасауы мен жинақтауы арнайы тәсілдерді қажет етеді. Осы себептерден олар көп қолданылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]