- •Үлкен аралықты жабындардың құралымдары Үлкен аралықты жабындардың негізгі ерекшеліктері және қолдану саласы
- •Арқалықтық құралымдар
- •Сурет. Арқалықтық құралымдар рамалық құралымдар
- •Рамалық құралымдарды есептеу және құралымдау ерекшеліктері
- •Áркалық құралымдар Áркалардың жүйелері мен түрлері
- •Áркалар есебінің ерекшелігі
- •Үлкен аралықты жабындар қаңқаларының құралымдық сұлбаларын құрастыру
- •Үлкен аралықты ғимараттардың кеңістікті құралымдары
- •Аспа жабындар Жалпы мәліметтер
- •Аспа қабықшалардың құралымдары
- •Төсемдік қоршаудың құрылғысы
- •Жабындардың көтергіш түйіндері
- •Қос белдеулі жабындардың құралымдары (Конструкции двухпоясных покрытий) Ванталары параллельді жабындар
- •Ванталары радиалды жабындар
- •Төсемнің құрылғысы
- •Ванталық жабындарды есептеу негіздері Негізгі жағдайлары
- •Ванталары параллельді аспа қабықшалардағы күштулер
- •Ванталары радиалды аспа қабықшалардағы күштеулер
Қос белдеулі жабындардың құралымдары (Конструкции двухпоясных покрытий) Ванталары параллельді жабындар
Бір тікше жазықтықта ванталарды жүптастырып орналастырылған кезде жеңіл төсеммен аз деформацияланатын қатаң жабын алуға болады. Ол үшін ванталардың біреуі ойысталатындай, ал екіншісі дөңестелетіндей етіп жабынның көтергіш жүйесін құралымдау керек. 27-суретте осындай қос белдеулі жабындардың әр түрлі сұлбалары келтірілген.
27-сурет. Ванталары параллельді қос белдеулі жабындардың жүйелері:
а – ванталар арасында кермеліктері бар; б – иілгіш аспалықты (с гибкими подвесками); в) созылған қиғаштіректі; г) сығылған және созылған тағанды; д) бойлық тартпалы; е) көп аралықты жүйе; 1 – кермеліктер; 2 – тұрақтандырушы ванта; 3 – көтергіш ванта; 4 – борттық элемент; 5 – аспалық (подвески); қиғаш тіректер; 7- бойлық тартпалар (продольнве оттяжки)
Орналасқан жеріне қарамастан ойысталған ванталар әр қашан көтергішті, ал дөңестелгені тұрақтандырушы болып табылады. Ойысталған ванталар жабын массасының барлық жүктемесін және жабынның көтергіш жүйелерін алдын ала кернеулендірудің қосымша жұктемелерін қабылдайды. Дөңестелген ванта тек жабынды алдын ала кернеулендіруін қамтамасыз етуге арналған. Жабынға түсетін жүктемені көбейткен кезде оның алдын ала кенеулендірген күштеу кемиді, сондықтан тұрақтандырушы вантада созу кернеуі толығымен жойылмайтындай етіп тартылады. Жұп – жұбымен қосылған ванталар әдебиеттерде тағы ванталық фермалар деп те аталады.
Ванталардың кермесі борттық элементтері арқылы тартпаларға немесе рамалық құралымдарға (мәселен, трибуналарға) жеткізіледі. Жабынның борттық элементтері әр дайым қажет емес. Егер ванталық фермалар мен тіректік құралымдардың адымдары бірдей болып, тіректердің орнықтылығы қамтылса, онда борттық элементтердің қажеті жоқ.
Жабынның
а
сұлбасында
(27-сурет) көтергіш және тұрақтандырушы
ванталар кермеліктермен біріктірілген.
Кермеліктер сығу күштеулерін қабылдуға
арналғандығынан, орнықтылық шарты
бойынша металл едәуір шығындалады.
Жабынның алдын ала кернелуі арнайы
муфтаның көмегімен (28-сурет) тағандарын
(кермеліктерін) ұзарту немесе тіректер
жағынан ванталарды тарту арқылы
орындалады.
Тұрақтандырушы ванталарды көтегішкілерінен төмен орналастырған кезде (27,б-сурет) тікше тұрған тағандар созылған аспалықтарға (подвески) өзгереді. Сондықтан метал шығыны бойынша мұндай жабын жүйесі үнемділеу болып келеді. Егер аспалықтарды созылған қиғаш тіректерге ауыстырсақ (27,в-сурет), онда үнемділігіне қоса өз жазықтығында орнықтылығы жоғарылау жабын жүйесі болады. Ванталарды аралығында екі рет қиылыстырып ванталық ферманың құрылыстық биіктігін азайтуға болады (27,г-сурет). Мұндай кезде тағандардың биіктігі азаяды және борттық 28-сурет. элементтер жанында созуға ұшырайтын аспалықтар қойылады.
Муфта Ойысталған жабындардан атмосфералық суларды
кетіру жұмысы күрделенеді. Ол үшін тіректік контурдың борттық элементтерін ғимараттың бүйіріне қарай еңістікпен орнату керек.
Қарастырып отырған жабындар тек ванталық сұлба бойынша жұмыс жасайды.Олар жоспарында тік бұрышты бір және көп аралықты ғимараттарда қолданылады. Қос белдеулі жабындар ванталарының салбырауы жабатын аралығының 1/10...1/20 арасында белгіленеді.
