- •Үлкен аралықты жабындардың құралымдары Үлкен аралықты жабындардың негізгі ерекшеліктері және қолдану саласы
- •Арқалықтық құралымдар
- •Сурет. Арқалықтық құралымдар рамалық құралымдар
- •Рамалық құралымдарды есептеу және құралымдау ерекшеліктері
- •Áркалық құралымдар Áркалардың жүйелері мен түрлері
- •Áркалар есебінің ерекшелігі
- •Үлкен аралықты жабындар қаңқаларының құралымдық сұлбаларын құрастыру
- •Үлкен аралықты ғимараттардың кеңістікті құралымдары
- •Аспа жабындар Жалпы мәліметтер
- •Аспа қабықшалардың құралымдары
- •Төсемдік қоршаудың құрылғысы
- •Жабындардың көтергіш түйіндері
- •Қос белдеулі жабындардың құралымдары (Конструкции двухпоясных покрытий) Ванталары параллельді жабындар
- •Ванталары радиалды жабындар
- •Төсемнің құрылғысы
- •Ванталық жабындарды есептеу негіздері Негізгі жағдайлары
- •Ванталары параллельді аспа қабықшалардағы күштулер
- •Ванталары радиалды аспа қабықшалардағы күштеулер
Төсемдік қоршаудың құрылғысы
(Устройство кровельного ограждения)
Аспа қабықшаларда, жабын бетінің түрін (формасын) тұрақтануы үшін қоршаушы құралымдары едәуір ауыр болуы керек. Осы себептен төсем дәстүрлі сұлба бойынша: қатаң жылытпа, сылақ (стяжка) және рулонды материалдардан орындалады.
Ванталарға қалыпты іліп қойып тұтасқұймалы қабықшаны бетондауға болады. Ол үшін жеңіл бетон да пайдаланылады. Тұтасқұймалы құралымдардың жарықшақтануға төзімділігі жоғары болады, бірақ тұрғызуы индустриалды емес. Егер қалып ретінде тиімді жылытпасы бар пішінделген табақтардан орындалған панельдерді пайдаланып, ол кернейтін цементтен жасалған бетонмен толтырылса, онда төсем жасамауға болады.
Аспа қабықшалар көбінде жіктері тұтасқұймаланған темірбетонды, армоцементті және керамзитбетонды құрастырмалы тақталардан жасалады. Ванталары параллельді кезінде құрастырмалы тақталар сырт пішіні текше (квадрат) немесе тік бұрыш, ванталары радиалды кезінде - трапеция түрінде жасалады. Тақталардың ортогональды кесілуі жабынның жалпы қатаңдылығына қолайсыз әсерін тигізеді.
22 – сурет. Аспа қабықшалар тақтасының түрлері:
а – жазық (темірбетонды, керамзитбетонды); б – қабырғалы темірбетонды; в - армоцементті
Тақталарды таратып салған кезде көршілестері тақтаның жарты ұзындығына жылжытылса, жіктерінің жарықшақтануға төзімділігі мен жабынның қатаңдылығы көтеріледі.
23 – сурет. Аспа қабықшаларда тақталарды таратып салу нұсқалары:
а – ортогонональды сұлба; б – тақтаны жарты ұзындығына жылжытып салу; в – радиалды сұлба
Тақталарды вантаға тіреу үшін олар арматураның шығыңқысымен (выпуск арматуры) немесе ілгектермен қамтылады. Тақтаның контуры бойынша арматураның шығыңқысы сонымен қатар бетондаған кезде жіктерді арматуралау үшін және тақталарды өзара қосу үшін де қажет.
24 – сурет. Аспа қабықшалардағы ванталарға тақталарды тіреу
Жабындардың көтергіш түйіндері
Радиалды жабындарда ішкі шығыршық болаттан жобалады. Оның қимасы әсер ететін созушы күштеуге байланысты. Шығыршықтың құралымы келесі түрлерде болуы мүмкін:а) шығыршық болат табақтан, оған ванталар пісірмелеп бекітіледі; б) шығыршық прокатты бұрыштық профильдерден, ванталар оған бұрандамалар арқылы қосылады; в) шығыршық қосарланған швеллерлер түрінде, ванталар оған бұрандамен бекітіледі; г) шығыршық құбырдан, оған ванта ілмектеп бекітіледі; д) шығыршық қимасы квадратты құбырдан; және е) шығыршық қимасы пісірмеленген қоставр түрінде. Соңғы екеуінде де ванталар оларға бұрандамалармен бекітіледі
25 – сурет. Ванталары кадиалды аспа қабықшаның ортаңғы шығыршығының нұсқалары
Тіректік темірбетонды контурда қосыша күштеулерді болдырмау үшін күштеулерді төменде көрсеткендей дұрыс орталықтандыру керек
26 – сурет. Аспа қабықшаның тіректік контурындағы күштеулерді орталықтандыру:
а – ванталары параллельді орналасқан жабында; б – радиалды жабында; N – вантадағы күштеу; Vтір – тіректік тағандағы күштеу; Nтп – тартпадағы күштеу
Темірбетонды тіректік контурға ванталарды бекіту құралымдық шешімі жабынды алдын ала кернеулендіруге қабылданған технологиясына сейкес келуі керек. Егер жабынды кернеугендіру үшін қосымша жүктеме тиелетін болса вантаны бекіту жеңілденеді, себебі жинақтау кезінде вантаның ұзындығы өзгеру керек етілмейді. Жабынның кернеулендіру домкратпен орыналатын болса, вантаның шеттері күштеулерді реттеуге мүмкіншілік беруі және ванталарды тартуын қамтамасыз етуі керек.
Темірбетонды тіректік контурға ванталар бетонның ішіндегі бекіткіш бөлшектарге бұрандама, ілгек арқылы немесе тіректің ішіндегі құбырдан өткізіп бұрандамен бекітіліді. Вантаны коррозияға ұшыратпау үшін құбырдың іші цемент ертіндісімен немесе битуммен толтырылады.
Тіректік контурдың металдан жасалған борттық элементтері темірбетоннан массасы бойынша біршама жеңілдеу және оларға ванталарды бекіту оңайлау келеді. Бірақ металды үнемдеу үшін олар сирек қолданылады.
Ванталары параллельді орналасқан кезде жабыннан кермесін арнайы тіректік құралым қабылдайды. Тартпалар қолданылған кезде анкерлік іргетастың көмегімен тарту күштеулері грунтқа жеткізіледі.
