Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
531 Кб
Скачать
☆

18.Идеология, оның қогамда атқаратын рөлі. Идеологияның күштілігі мен әлсіздігі.

Идеология – ілім, қоғамдық сана (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;

3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

5) бағалау қызметі. Идео¬логия халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды

Идеологияны бұрын ақылды адамдар, көсемдер жасады. Бүгін әрбір елдің идеологы-президент. Бір мемлекетте тек бір идеолог болады. Екеу болса, тәртіп болмайды. Идеологиясыз қоғам өмір сүре алмайды. Қоғамды бір мақсатқа келтіріп жұмылдырушы идеолог.

19.Э. Резерфорд ұсынған атомның планетарлық моделі

Оң зарядты нүктелік ядро туғызатын өрісте қозғалатын электронға классикалық механиканың теңдеулерін қолдануға болмайды, яғни механика мен электрдинамика заңдарына негізделген Э. Резерфорд пен Н. Бор жасаған атом моделі орнықсыз болуға тиіс. Бірақ тәжірибе жүзінде атомның орнықты жүйе екендігі дәлелденді. Атомдарда стационар күйлер мен энергия деңгейлерінің бар екендігі Франк-Герц тәжірибесінде (1913–14) дәлелденді. Тәжірибеде байқалған атомдық құбылыстарды үйлестіру мақсатында Бор 1913 жылы екі қағида (постулат) (қараңыз Бор қағидалары) және оларға қосымша сәйкестік принципін ұсынды. Бұл принцип бойынша шектік жағдайда (кванттық сандардың үлкен мәндерінде) теориялық жолмен алынған формулалар классикалық физиканың заңдарына айналады. Бор квант тұрақтысы h-ты пайдалана отырып, заңдары классикалық механика заңдарынан өзгеше, сутек және сутек типтес атомдағы электрондардың қозғалысын анықтады. Сонымен қатар Бор теориясының жетістіктерімен бірге кемшіліктері де байқалды. Бұл теория электрондардың күрделі атомдардағы қозғалысын, атомдардың бір-бірімен байланысып молекулалар түзетіндігін, т.б. түсіндіре алмады. Атом теориясының одан әрі дамуына классикалық теорияның ұғымдары (траектория, орбита, т.б.) кедергі болды. Сондықтан электрондардың атомдағы қозғалысын толық сипаттау үшін атомның алғашқы және кейінгі стационар күйлеріне тәуелді шамалар ғана енетін жаңа теория жасау қажет болды.

Атақты физик, Нобель сыйлығының иегері Э.Резерфорд (871-1937) кезінде атом ішіндегі құбылыс күн жүйесіне ұқсас деп, атомның ішінде өзегі бар – ол протон, оны айналып, сәуледей жылдамдықпен жүретін электрон бар, протон плюс, электрон минус зарядымен қамтылған Күнді планеталар қалай айналып жүрсе, әлгі атом ішіндегі кәдімгі бөлшектер де солай құрылысқан деген пікір айтты (1911). Бірақ, соны айтқан Э.Резерфорд атом ішіндегі бөлшек электрон да корпускулды-толқынды дуализм бар деген пікірге зорға, әрең дегенде келіскен болатын. Келіспесе, бұл орасан ғылымға жат, қате болған болар еді. Олай болса, ғылымда қате жібермеуге ұмтылу – ол дұрыс. Бірақ, ол да ізденіске сай бола бермейтін жағдай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]