Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
531 Кб
Скачать
☆

76.Ш. Уәлиханов «Қырғыздарда шамандықтың іздері», «Дала мусылмандығы туралы», «Сот реформасы туралы жазбалар».

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865) еңбектері қазақ халқының тарихына көз жүгіртіп оның дүниетанымымен танысуға, 18-19 ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің жандануына, өзіндік әлеуметтік-реформасының қалыптасуына негізделген.

«Қырғыздардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан зорастризм және шаманизм дінідерін қазақтардың ежелгі діні деп, ондағы наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.

Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қостң. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары», «Қазақтың көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды. Ол Омбыға барып, сол кезде Қазақстанда сот реформасын жүргізудің жобасы жасалып жатқанда, облыстық басқарманың заң комиссиясының жұмысына қатысады, сот реформасы елге тиімді, пайдалы болуды талап етеді. Бұл тұста оның «Сот реформасы туралы жазбалар» еңбегінің маңызы аса зор. Онда қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдары терең талданды, Ш. Ш. Уәлиханов «…Азаматтық жағынан өсіп-өркендеуінде үлкен үміт туғызып отырған, орыстарды отандас туысқанымыз деп санап отырған және орыс мемлекетінің қарамағына еркімен қосылып отырған миллиондағанадамамдардың тағдыры, Шекспирше айтқанда, болу не болмау» деген сияқты үзілді-кесілді мәелелерді шешерде көбірек көңіл бөліп, көбірек қамқорлық жасауға тұратын іс сияқты», одан әрі Шоқан қазақ елінің дамуы үшін қандай шаралар қажет екенін егжей-тегжейлі сөз етеді.

77.Нақтылық және мүмкіндіқ, қажеттілік және кездейсоқтық.

Нақтылық — материяның оның қабылдауынан тәуелсіз шын формасы.  нақтылық – көпжақтылық, күрделілік, дамығандық, тұтастық. Табиғаты бір, бірақ әртүрлі құбылыстардың дербес тұтастығын нақтылық дейміз. Мысалы, Жер басқа аспан денелерінен біршама дербес, нақты тұтастық, адамдар қоғамы, ондағы әрбір халық, мемлекет т.б. дүниелерден қаншалықты тәуелсіз, дербес болса да, олар сол шеңберде өзіндік іштей байланысқа құрылған. Үлкен тұтастық ішінде олар қанша түрге бөлінсе де, жалпы табиғаты бір. Яғни нақтылық тұтастықтан бөліп алған жеке қасиет бола алмайды, себебі ол іштей дербестікке ие емес, сондықтан да басқа дүниемен өз дербестігі негізінде қатынас жасай алмайды. 

Мүмкіндік пен шындық– материяның уақыт бойындағы қозғалысын, өмір сүруін, өзгеруін сипаттайтын философиялық категориялар. Мүмкіндік пен шындық категорияларын теориялық тұрғыдан алғаш зерттеген – Аристотель. Ол тек шындықтың ғана мүмкіндігі бар, ал шындық еместің ешқандай мүмкіндігі жоқ деген қағидаға сүйенетін философиядағы метафизикалық дәстүрге қарсы шықты.

Қажеттілік пен кездейсоқтық – диалектикалық материализмнің негізгі категорияларының бірі жұбы.

Қажеттілік – құбылыстардың ішкі мәнінен туатын байланыс. Ол – заң, заңдылық, тәртіп ұғымдарымен біртектес. Қажеттілікке тұрақтылық тән, қажетті құбылыс белгілі бір жағдайда болмай қоймайды. Кездейсоқтық – заттар мен құбылыстардың тікелей мәнінен тумайтын сыртқы байланысын белгілейтін ұғым. Кездейсоқ нәрсенің болуы да, болмауы да мүмкін. Оған белгісіздік, құбылмалық тұрақсыздық тән. Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтық мәселесін алғаш қойғандар – Ежелгі грек атомистері Левкипп пен Демокрит. Олар қажеттілік пен кездейсоқтықты өзара қатынаста қарасытрады. Демокрит ілімі бойынша бос кеңістікке қозғалатын атомдар болмыстың ішкі мәнін құрайды.

Қажеттілік – ақиқатты атомдар дүниесіне тән қасиет, кездейсоқтық – аумалы-төкпелі, өткінші болмыстың сырт көрінісі. Демокрит физикасында қажеттілік себептілікке барабар қарастырылып, метафизика механистік нышанаға ие болады; кездейсоқтық себепсіздіктің баламасы ретінде жоққа шығарылады. Атомистік ілімді әрі дамытқан грек ойшысы Эпикур, керісінше, фатализмге қарсы шығып, бәрі де кездейсоқ, ешқандай қажеттілік жоқ дейді. Аристотель қажеттілік пен кездейсоқтық объективті деп санап, оны себептілік, мүмкіндік, шындық, мән категорияларымен байланыста деп, олардың арақатынасын аша түсуге ұмтылған.Дегенмен Аристотель қажеттілік пен кездейсоқтықты бір-бірінен бөліп, оларды мақсат ұғымына тәуелді деп санаған. 17-18 ғасырдың ғылымының, әсіресе механиканың күрт дамуына байланысты философия да, жартылас тануда да метафизикалық механикалық детерминизм үстем болды. Бұл концепция бойынша дүниедегі барлық қозғалыс (мысалы, заттардың ұсақ бөлшектерінің де, планеталардың да қозғалысы), барлық құбылыстар қажетті, бәрі де механикалық заңдарға сай белгілі бір себептердің әсерімен болып жатады; кездейсоқтық – құбылыс себебін білгендіктен туған субъективтік ұғым. Ғылым мен практиканың даму дәрежесіне сәйкес осы көзқарасты Ф.Бэкон, Галилей, Декарт, Ньютон, Спиноза, Гольбах және т.б. сол заманның атақты философтары мен ғалымдары жақтады. Кант қажеттілік пен кездейсоқтық категориялары жөнінде де бірқатар диалектикалық ойлар атқан (қажеттіліктің мүмкіндік пен шындыққа қатынасы, қажеттілік пен кездейсоқтықтың қарама-қарсылығы және т.б.).

Қажеттілік пен кездейсоқтық ұғымдарының диалектикасын алғаш жүйелі түрде кеңінен көрсеткен – Гегель. Ол қажеттілік пен кездейсоқтықты мән мен құбылыс, мүмкіндік пен шындық, себептілік сияқты категориялармен байланыста қарастырады. Қажеттілік пен кездейсоқтықтың даму сатыларын, олардың бір-біріне өтуін, тығыз байланысын ашады. Алайда Гегель категорияларды абсолюттік идеяның даму кездері деп, объективтік идеализм тұрғысынан түсінген. Диалектика материализмнің негізін қалаушылар К.Маркс «Капиталында», Ф.Энгельс «Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы» және т.б. еңбектерінде қажеттілік пен кездейсоқтықтың объективтік мазмұнын, олардың қоғам тану мен табиғат танудағы методологиялық рөлін айқындап берді. В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде», «Материализм және эмпириокритицизмде» бұл категориялардың себептілік, заңдылық ұғымдарымен арақатынасын, логикалық және танымдық функцияларын талдап, диалектика жүйесіндегі орнын анықтады. Қажеттілік тек кездейсоқтық арқылы өмір сүреді, солар арқылы көрінеді. Кездейсоқтық бар жерде заңдылық, қажеттілікте бар, соны аша білу керек. Кездейсоқтық түпкілігінде қажеттілікке бағынады, қажеттілікке апарып соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]