Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
531 Кб
Скачать
☆

26.Жүсіп Баласағұн «Құтадғу билік».

Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы (яғни 1021 жылы) туған. Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы ''Құтты біліктен'' ғана табамыз. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. ''Құтты білік'' дастаны (''Бақытқа жеткізуші білік'') түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіп жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба әдеби ескерткіші. ХІ ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі.

Музыкант отбасында туғандықтан музыканы, күй тартып, өлең айтып, нақышты музыка сазын лез бойына толық дарытқан. Баласағұнның бізге жеткен ең ірі туын-дысы түркі тілінде жазылған 13 мың жолдың Ғибрат - өнеге поэмасы. ''Құтты білік'' 1069 жылы жазылған. Бұл -саясат, өнеге, тәрбие жөнінде толғаныс тапқан, үлкен тәрбиелік мәні мен маңызы бар, тағылымы -терең, философиялық трактат. "Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағын (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма. Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]