Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fya_durysy.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
531 Кб
Скачать
☆

60.Биосфераның пайда болуы. Ноосфера - биосфера дамуындағы ең жоғарғы сатысы ( Вернадский)

Биосфера – ерекше биос — өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар. Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды. Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады. Биосфераның пайда болуы Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын аықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ.

61.Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» (Тәуелсіз. Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі идеялар). Тәуелсіздік философиясы.

Қазіргі заманғы жаңаша философиялық пайымдаулар бойын¬ша елімізде тәуелсіздіктің жиырма жылында жарық көрген елеу-лі еңбектер көбейе түсуде. Әрине, мағынасы мен мәні жағынан тә-уелсіздік кезеңіндегі еңбектер алдыңғы тарихымызға қарағанда біршама ерекше сипаттамаларға ие болады. Солардың ішінде қа-зақстандық философиялық ойды тұжырымдаушы мамандардың арасында шығармашылық еркіндіктің басымдық таныта бастағанын және оның әлемді философиялық тұрғыдан игеруде жетекші рөл атқаруға бетбұрғанын қуанышпен атап өтуге болады.

Кеңестік социалистік қоғамның ыдырауымен ХХ ғасырдың соңында маркстік философияның дәуірі-де әлеуметтік-рухани кеңістігімізде аяқталды. Елімізде ондаған жылдар бойы негізінен идеологияланған, таптық бағдарға сүйенген философияның үс-темдік етіп келгеніне қарамай шынайы философиялық зерт¬теулер мен талдаулар жүргізіліп келгенін-де атап өтуіміз керек іспетті. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда әлемдік философияның принциптері мен заңдылықтарын меңгерген мықты кәсіби философияның негізі қаланды. 

Тарих қойнауында қатпарланған даналық көздерін ашу қазіргі жаһандану заманында өрбіп келе жатқан нигилистік көзқарастарға қарсы тұратын дүниелер болып табыла¬ды. Оларды насихаттау арқылы ұлттық мәдениетіміздің сақтауға, дамытуға мүмкіндіктер алатынымыз анық. Бұл бағдарламаның тағы бір қыры әлемдік философияның ең құнды деген дүниелерін қазақ тілінде оқырман қауымға ұсыну болып табылады. Бұл жас ұрпақтың философиялық мәдениетін біршама көтерері анық. Тәуелсіз дамудың жылдары рухани мәдениетсіз, жастарды жоға-ры өмірлік құндылықтар рухында жүйелі және саналы түрде тәр-биелемей, тек материалдық игілік жолында тәрбиелеудің табысты болмайтындығын көрсетті, өйткені прагматизм және табыскерлік мүдде жоғары қоюшылық руханилықтан алшақ құндылықтарды егетіні белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тек Қазақстан емес, сонымен қатар көптеген елдер, әсіресе, өз дамуының транс-формациялық кезеңдерінде заманның алға қойған жаңа талапта-ры аясында өздерінің тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне қайта бет бұрды. Міне, осындай тарихи жағдайда өзара түсінісу фило-софиясының болашағы зор. Ол адамдар арасындағы ынтымақ-тастықты нығайтуға теориялық іргетас бола алады деген ойдамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]