Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947 Кб
Скачать
☆

105.Басқарудың объекті мен субъекті. Басқарушы еңбегінің пәні, өнімі мен құралдары.

Басқару субъектісі – бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты.

Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс – бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда). Кері байланыс – бұл басқару субъектісіне объектіден әмірдің орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат.

Басқару объектісі мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару жүйесін құрайды.

Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін – басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады. Басқару жүйесін бірқатар жалпы шарттары сипаттайды. Ең алдымен басқарылатын жүйеліліктің басқарушы жүйеліліктің ықпалымен өзінің параметрін (немесе қасиетін) өзгертетін қасиеті болып табылады. Бұл орайда басқарудың тиімділігі үшін критерийлер мен көрсеткіштер қажет, олардың ішінде басқару объектісінің іс-қызметінің маңызды паремтрін неғұрлым толық көрсететіндер (1 сурет).

Басқару субъектісі объектіге берілген мақсатқа сәйкес ықпалын жүргізеді. Бұл үшін басқарылатын жүйе бөлігі басқару объектісіне көрсетілген ықпалынан кейін оның жағдайы қандай екенін анық білуі керек. Мақсатқа анық бет бұру үшін басқару субъектісіне объектіге ықпал көрсетілгенше және көрсетілгеннен кейінгі жағдайлары бойвынша ақпарат түсіп отыруы қажет, басқаша айтқанда басқару жүйесінде тура және кері байланыс айқын түрде ұйымдастырылуы керек. Сонымен ақырында, басқарудың қайсы бір экономикалық жүйесі болса да, онда белгілі материалдық, еңбек, қаржы және басқа ресурстар болуы керек.

Әрбір кәсіпорын қоршаған ортамен өзара әрекетте болады. Қоршаған орта – бұл осы кәсіпорынды қоршағанның барлығы: жеткізушілер мен сатып алушылар, бәсекелестік ұйымдар, мәдениет, саяси ахуал және т.б. Қоршаған орта қай ұйым болса да, оған кадрларды, еңбек қаруын, шикізатты, материалдарды және қуат таситындарды бере отырып, белсенді әсерін көрсетеді. Өз кезегінде кәсіпорын қоршаған ортаға тауарлар мен қызметті өңдіргенде және өткізгенде өзінің ықпалын тигізед

106.Коммуникациялар түрлері. Әңгімелесу типтері.

Коммуникация ұйымның ішіндеде жəне сыртқы ортаменде ақпарат алмасу кезіндегі жеке адам аралық жəне ұйымдастыру қарым-қатынастары мен байланысты процессті көрсетеді.

Жалпы коммуникацияның екі негізгі түрлері кездеседі. Олар .

1. Жеке адам аралық коммуникация.

2. Ұйымдастыру коммуникациясы.

Жеке адам аралық коммуникациялар тиімді басқару үшін үлкен маңыздылыққа ие. Бір жағынан басшы өз уақытының 50-90 пайызын əңгімелесуге жұмсайды. Ал екінші жағынан - көптеген басқару міндеттерін шешу əртүрлі жағдайлар шеңберінде адамдардың тікелей өзара əрекеттесуінен құрылады. Жеке адам аралық коммуникация анықталмаған жəне екі мағыналылықты сипаттайтын‚ сұрақтарды талқылау жəне шешудің жақсы тəсілі болып табылады. Жеке адамдар арасындағы байланысты төменде келтiрiлген мəселелер жиынтығы ретiнде қарастыруға болады.

1. Қабылдау немесе түсiну

2. Сөздiң мағынасы(семантика)

3. Сөзбен емес, ауызша емес ақпараттармен алмасу

4. Керi байланыстың сапасыздығы

5. Дұрыс естiмеу немесе қабылдай алмау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]