- •Қазақстан республикасЫның білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- •5В012000 Кәсіптік оқыту мамандықтар топтары үшін
- •«Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша емтихан билеттері
- •Педагогикалық шеберлік ұғымы мен мәні.
- •4.Педагогикалық шеберліктің мазмұны.
- •5.Педагогикалық шеберлікке берілген анықтамалар (н.К.Крупская, в.А.Сухомлинский в.А.Сластенин және т.Б.)
- •6. «Мұғалім – қоғамдық тұлға» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.
- •7. Қарым-қатынас ұғымы және оның мәні.
- •11.Педагогикалық шеберлік компоненттері.
- •12.Педагогикалық қабілеттіліктің ерекшеліктері.
- •8.Педагогтың қарым-қатынас стильдері.
- •14.Педагогикалық шеберлік компоненті ретінде кәсіби білімнің маңызы.
- •15. Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрылымын көрсетіп, талдаңыз.
- •22.Педагогикалық техника:педагогтың өзінің психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі.
- •28.Педагогтың ғылым мен мәдениет іс-әрекетінің көрсеткіштері.
- •30.Маманның кәсіби-тұлғалық дамуының критерийлерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
- •31. Педагогтың рухани көрсетіштерінің мәні
- •33. Маманның кәсіби-біліктілігінің көрсеткіштерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
- •39. Жас мұғалімнің типтік қателерін талдап, айқындаңыз.
- •40. Инновациялық-креативтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компонентінің ерекшеліктері.
- •55. Педагогикалық өзара қарым-қатынаста вербальды емес құралдар.
- •56. Педагогттың сөйлеу мәдениетіпедагогикалықшеберліктіңталабыретінде.
- •57. Педагог тәртібінің мәдениеті (қосымшаөзіндікталдау)
- •58. Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
- •59. В.А.Сухомлинскиймұғалімсөзінеқойылатынталаптар мен оныңтиімділігініңшартытуралы.
- •60. Сөйлеу техникасын жетілдіружаттығулары (мысалкелтіру)
- •63. Педагогикалық такт педагогикалықморальдыжетілдіруформасыретінде.
- •64.«Педагогикалық қақтығыс» ұғымыныңмәні.
- •66. Педагогикалық этиканы қалыптастыру жоспарын құрастырыңыз.
- •68. Педагогикалықүдерістегі иландыру мен сендіру.
- •70.Педагогтың аудитория алдында сөйлеу тәртібі.
- •71.Педагогтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
- •72.Педагог тілінде кездесетін кемшіліктерді көрсетіп, талдаңыз.
- •73. Педагог сөзінің функциялары.
- •74Оқушыларға мұғалім сөзінің әсерлі ерекшеліктері.
- •75. Педагогикалық әдеп ұғымының мәнін талдаңыз.
- •76.Педагогтың сөйлеу ерекшеліктері.
- •77. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогтың шеберлігі.
- •78.Педагог сөзіндегі импровизация.
- •79. Мұғалімнің педагогикалық такті.
58. Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялық ерекшіліктері, қарым-қатынастың сыртқы көрінісі.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, педагогтың шығармашылық ерекшелігін, оқушылардың ерекшелігін көрсетеді.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері таза күйінде кездесе бермейді. Педагогикалық практикада қарым-қатынас стиліндері аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдылықта болады. Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады.
В. А. Кан-Каликтің белгілеуінше, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мынадай:
- Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасын жобалауы.
- Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру.
- Педагогикалық үрдіс барысында қарым-қатынасты басқару.
- Жүзеге асырылған қарым-қатынас жүйесін талдау және оны болашақ іс-әрекетке сәйкес жобалау.
Бұдан басқа, мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды стиль.
Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің обьектісі ретінде қарастырады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлы стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушылар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, пассивті рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен қорыққанынан орындайды. Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
Демократиялық стиль. Оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералды стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер орын алады. Мұнда оқушылардың пікір бостандығының мөлшерсіздігінен аузы барғанша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.
59. В.А.Сухомлинскиймұғалімсөзінеқойылатынталаптар мен оныңтиімділігініңшартытуралы.
В. А. Сухомлинский: ‘’Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...”- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын жалпы талаптар жүйесі.Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Негізінен педагог пен оқушы арасындағы қатынаста бірнеше талаптар ескеріледі:яғни белгілі дистанцияның болуы,сыйластық,түсіністік,тыңдай білу мен пікір айту қабәлеті секілді шарттық ұғымдар пайдаланылады.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде бала мен ұстаздың өзіндік ролі мен орны айқындалады.
