Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Voprosy_Pedmasterstvo_2014_kaz123.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

4.Педагогикалық шеберліктің мазмұны.

Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:

1. Кәсіби педагогикалық білім;

2. Педагогикалық тәжірибе;

3. Шығармашылық тәжірибе;

4. Тұлғалық қасиеттері;

5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.

5.Педагогикалық шеберлікке берілген анықтамалар (н.К.Крупская, в.А.Сухомлинский в.А.Сластенин және т.Б.)

В. А. Сухомлинсий (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы – міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді.

А. И. Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды.

Н. В. Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды.

Ю. К. Бабанский (1989) «мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті.

В. А. Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю. П. Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтық шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттерімен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік прцестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.

А. А. Сидоров, М. В. Прохорова, Б. Д. Синюхин (2000) педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық-педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды.

6. «Мұғалім – қоғамдық тұлға» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.

7. Қарым-қатынас ұғымы және оның мәні.

Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Қарым-қатынас ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады.

«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға алғаш рет А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.

Қарым-қатынас – адамдар арасындағы дыбыстық-белгілік (сөздік) өзара іс-әрекет; оның барысында және соның көмегімен ақпараттар алмасу, қатынастар орнату мен қалыптастыру, кімнің болса да іс-әрекетін басқару жүзеге асады.

Қарым-қатынастың жетекші түрлері – тұлғаның дамуының сол кезеңіне сәйкес, адамның негізгі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына әкелетін, қандай да бір жас кезеңіндегі қарым-қатынастың басым түрі.

Қарым-қатынастың кезеңдері:

1. Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау кезеңі);

2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – “коммуникативті шабуыл”

3. Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;

4. Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.

Қарым-қатынасты модельдеу барысында мыналар жүзеге асады:

- Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады;

- Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.

Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-бірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.