Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Voprosy_Pedmasterstvo_2014_kaz123.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

66. Педагогикалық этиканы қалыптастыру жоспарын құрастырыңыз.

67. Оқушыларға коммуникативті әрекет жасау арқылы әсер ету негіздері. Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесі коммуникативтік міндет жүйесі ретіңде берілгендіктен, педагогикалық карым-қатынас технологиясының мәнін «коммуникативтік міндет» ұғымымен түсіндіреді.

Коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттен шығады, дәл сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, варианттарды және оның ішінен тиімдісін таңдау, коммуникативті әрекеттесу және оның нәтижесін талдау.

Педагогикалық міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог салаларға сәйкес қалыпты қарым-қатынас технологиясын қолданады, соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.

Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандырудан құрылады. Баяндау түрлері: өзінің баяндауы, мәлімет беру, хабарлау, атап өту, жауап, жеткізу, рапорт және т.б. Ынталандыру түрлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма, шақыру, өтініш, уағыздау және т.б.

Коммуникативтік міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің -қызметі белгіленген:

- ынталандырушы

- жауап беруші

- бақылаушы

- ұйымдастырушы

68. Педагогикалықүдерістегі иландыру мен сендіру.

Сендіру – адамдардың өзара әрекеттік қарым-қатынас жасау процесінің құралы болып табылады. Сендіру обьктивтік процесс. Сендірудің элементі педагогикалық іс-әрекетте практика барысында орын алады. Дұрыс ұйымдастыруды сендіру оқушылардың 148

белсенділігін арттырады, ынталандырады. Сендірудің әр түрлі түрі педагогикалық іс-әрекеттің амалының арнасын кеңейтеді, мұғалім оқушымен жеке жұмыс барысында жақсы әрі тактиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөздің көмегімен оқушыларға сергектік сезімін немесе үрей, қуаныш немесе қорқыныш, өзіне сенімділік немесе сенімсіздік, қызығушылық не зерігу, сенім немесе күмән т.б. сезімдерді тудыруымыз мүмкін.

Cөйлеу техникасы (дауысты қою, дұрыс демалу, сөз темпі мен тембірін басқара алу, дикция)

70.Педагогтың аудитория алдында сөйлеу тәртібі.

Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым- қатынас жасау процесі. Тіл – қоғам өмірінің обьективті құбылысы,ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады. Ұлы жазушылардың тілінің өзінде 10 мыңнан 20 мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болады.

Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әрі қимыл-қозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану әрі оларды дұрыс байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.

71.Педагогтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.

Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады. Сөз мәнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген кұралдарын қолдану аркылы қол жеткіземіз.Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз - мағынасы жағынан бірдей, ал жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы, «атақты», «дәрежелі», «белгілі»; «еркіндік», «бостандык», «тәуелсіздік». Тілдің синонимдік кұрылымы ойды әр түрлі тәсілдермен жеткізуге, нақтылыққа жетуге көмектеседі. Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің кажетті шарттарының бірі - ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері - қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология (мағынасыз сөздерді кайталап айта беру) бұзады.