- •Қазақстан республикасЫның білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- •5В012000 Кәсіптік оқыту мамандықтар топтары үшін
- •«Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша емтихан билеттері
- •Педагогикалық шеберлік ұғымы мен мәні.
- •4.Педагогикалық шеберліктің мазмұны.
- •5.Педагогикалық шеберлікке берілген анықтамалар (н.К.Крупская, в.А.Сухомлинский в.А.Сластенин және т.Б.)
- •6. «Мұғалім – қоғамдық тұлға» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.
- •7. Қарым-қатынас ұғымы және оның мәні.
- •11.Педагогикалық шеберлік компоненттері.
- •12.Педагогикалық қабілеттіліктің ерекшеліктері.
- •8.Педагогтың қарым-қатынас стильдері.
- •14.Педагогикалық шеберлік компоненті ретінде кәсіби білімнің маңызы.
- •15. Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрылымын көрсетіп, талдаңыз.
- •22.Педагогикалық техника:педагогтың өзінің психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі.
- •28.Педагогтың ғылым мен мәдениет іс-әрекетінің көрсеткіштері.
- •30.Маманның кәсіби-тұлғалық дамуының критерийлерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
- •31. Педагогтың рухани көрсетіштерінің мәні
- •33. Маманның кәсіби-біліктілігінің көрсеткіштерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
- •39. Жас мұғалімнің типтік қателерін талдап, айқындаңыз.
- •40. Инновациялық-креативтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компонентінің ерекшеліктері.
- •55. Педагогикалық өзара қарым-қатынаста вербальды емес құралдар.
- •56. Педагогттың сөйлеу мәдениетіпедагогикалықшеберліктіңталабыретінде.
- •57. Педагог тәртібінің мәдениеті (қосымшаөзіндікталдау)
- •58. Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
- •59. В.А.Сухомлинскиймұғалімсөзінеқойылатынталаптар мен оныңтиімділігініңшартытуралы.
- •60. Сөйлеу техникасын жетілдіружаттығулары (мысалкелтіру)
- •63. Педагогикалық такт педагогикалықморальдыжетілдіруформасыретінде.
- •64.«Педагогикалық қақтығыс» ұғымыныңмәні.
- •66. Педагогикалық этиканы қалыптастыру жоспарын құрастырыңыз.
- •68. Педагогикалықүдерістегі иландыру мен сендіру.
- •70.Педагогтың аудитория алдында сөйлеу тәртібі.
- •71.Педагогтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
- •72.Педагог тілінде кездесетін кемшіліктерді көрсетіп, талдаңыз.
- •73. Педагог сөзінің функциялары.
- •74Оқушыларға мұғалім сөзінің әсерлі ерекшеліктері.
- •75. Педагогикалық әдеп ұғымының мәнін талдаңыз.
- •76.Педагогтың сөйлеу ерекшеліктері.
- •77. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогтың шеберлігі.
- •78.Педагог сөзіндегі импровизация.
- •79. Мұғалімнің педагогикалық такті.
28.Педагогтың ғылым мен мәдениет іс-әрекетінің көрсеткіштері.
29.Мәдениет ұғымының мәні. Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету үшін қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері болып табылады.
Педагогикалық мәдениет педагогикалық теорияларды және практиканы, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды, педагогикалық іс-әрекеттегі тұлғаның шығармашылық өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру тәсілдері ретінде қарастырылады.
Мұғалімнің мәдениеті – білім ошақтарында ғана емес, күнделікті жүріс-тұрысынан, өзін қай ортада болсын ұстай білуден, өзгелер қызығатын жан дүниесі бай, кең, көпшіл, білімді, адамгершілігі мол, жан-жақты жарасымды болғанда ғана нағыз ұстаз екенін дәлелдейді.
Е. В. Бондаревская, С. В. Кульнеевич бойынша, мұғалімнің жалпы базалық мәдениеттінің мазмұнына жатады:
- ақыл-ой және дене еңбегі мәдениеті;
- өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу;
- өзін-өзі ұйымдастыру мәдениеті;
- тұрмыс мәдениеті;
- қарым-қатынас және демалыс мәдениеті.
30.Маманның кәсіби-тұлғалық дамуының критерийлерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
31. Педагогтың рухани көрсетіштерінің мәні
-кәсіби әрекетке саналы қызығу
-қарым – қатынас жасай білу, айналасындағылармен араласа білу
- адамдарды түсіне білу
- адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
- сөзі мен ісі арасындағы байланыс
- рухани құндылықтарды бағалау
32.Педагогтың жеке-дара мәдениеті. Педагогтың жеке дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мәдениет – адам әрекетінің саналы қызметінің көрінісі. Мұғалім мәдениеті өзін-
өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектердің мақсаттарын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана сезім негізінде қолданады. Іс-әрекеттің және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жайында туындайды.
Мұғалім заманауи жаңалықтардан хабары мол, өз пәнін жетік білетін, жаңа озық іс-тәжірибеден өз қажетін тауып, өз керегіне жарата білетін, кәсіби шеберлігін ұштай жүретін, жаңалықты сезіне білетін, оны өз пәнін оқыту әдістемесіне батыл енгізе білетін жан.
33. Маманның кәсіби-біліктілігінің көрсеткіштерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
34.Шығармашылық белсенділік көрсеткіштері. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.
Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды.
Көрсеткіштері:
- кәсіби әрекетте шығармашылық элементтерін қолдану
- шығ-қ материалының күрделі деңгейі
- өз шығ- н балаларға үйрету,шығ-қ қабілетін дамыту.
35.Кәсіби мәдениет ұғымы және оның мәні. Педагогикалық кәсіби мәдениет – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Педагогтың кәсіби мәдениеті ол тұлғаның мәндік сипаттамасы ретінде жүйелі білім беру түрінде көрінеді.
Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:
1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалім:
- ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу тиіс;
- мамандықты және пәнін жақсы білуі керек;
- мұғалімнің өзінің сенетіндегін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергияның болуы қажет.
36.Инновациялық-креативтілік мәдениеттің аксиологиялық компонентінің ерекшеліктері. Аксиологиялық компонент – педагогикалық еңбектің құндылықтарын меңгеру және қабылдаудан тұрады:
• Кәсіби педагогикалық білім мен дүниетаным.
• Педагогикалық ойлау және рефлексия.
• Педагогикалық такт және этика.
Педагогикалық мәдениеттің құрылымында дүниетанымдық компонент маңызды рөл атқарады.
1) Дүниетанымдық компонент педагогикалық тұжырымдарды қалыптастыру процесі мен нәтижесінен, мұғалімнің қызығушылықтары, құндылық-бағдары, ұстанымдарын анықтау процесінен тұрады.
2) Педагогикалық ойлау мәдениеті педагогикалық талдау және синтездеуді дамыту қабілеттерінен және ойлаудың сапаларын (сыни ойлау, дербестік, белсенділік, жылдамдық, байқағыштық, есте сақтау, шығармашылық елестету) дамытудан құралады.
Мұғалімнің адамгершілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық этиканың зерттеу пәні болып табылады. Ол адамгершілік сана, адамгершілік сезімдерден құралады.
3) Адамгершілік мәдениеттің негізгі компоненттерінің бірі – педагогикалық такт. Педагогикалық такт – бұл мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік қатынастар мақсатына сәйкес ұйымдастырылған мұғалімнің өзін-өзі ұстауы және оларға әсер етуі.
37. Инновациялық-креативтілік мәдениеттің эвристикалық компонентінің ерекшеліктері. Педагогикалық мәдениеттің эвристикалық бөлігі мұғалімнің шығармашылығына негізделеді.
Эвристикалық білім беру іс-әрекеті төмендегілермен сипатталады:
- мұғалімнің тұлғалық білім беру потенциалы, жеке ерекшеліктері, мотивтері, мақсаттары негізінде жүзеге асады;
- мұғалімнің іс-әрекетіне сәйкес жаңа білім беру өнімін жасап шығаруына әкеледі.
Мұғалімнің іс-әрекетінде оны орындауға қажетті әдістер, құралдар және тағы басқа жағдайларды меңгеруіне байланысты субъективті қиындықтар мен мәселелер туындатады.
38.Педагогикалық техниканың компонеттері. техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сӛйлеу және вервалдық емес қарым - қатынас.
“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:
Бірінші топ компоненттері:
мұғалімнің ӛз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:ӛз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);
кӛңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау,шығармашылық кӛңіл-күй орната білу);
әлеуметтік -перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);
сӛйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сӛйлеу екпіні).
Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту ментәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:
-дидактикалық;
-ұйымдастырушылық;
-конструктивтік;
- коммуникативтік біліктілік;
- талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;
- педагогикалық қарым- қатынасты басқару;
- ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б.ұйымдастыру.
