- •Максвелл таралуы.
- •2.Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттері
- •1) Тасымалдау құбылыстары
- •Ішкі үйкеліс құбылысы
- •4. Адиабаттық процесс
- •Электр қозғаушы күш. Тұйық тiзбек үшiн Ом заңы
- •2. Құйынды электр өрісі
- •1. Жылу мөлшері және жылу сыйымдылығы
- •1.)Идеал газдың ішкі энергиясы және молекуланың еркіндік дәрежесі.
- •Ампер заңы
- •2.1 )Ядролық реакциялар.
- •2.2)Жасанды радиоактивтілік
- •1. Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс.
- •1. Материалдық нүкте кинематикасы. Материалды нүктенің кинематикалық қозғалыс теңдеулері
- •2. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатынасы.
- •1. Электр өрісінің жұмысы. Потенциал. Потенциалдар айырымы.
- •2. Әр күйдегі молекуланың қасиеті.
- •Жылу өткізгіштік құбылысы
- •Электр қозғаушы күш.Тұйық тізбек үшін Ом заңы.
- •Термодинамиканың бірінші бастамасы. Көлемі өзгерген кезді дененің істейтін жұмысы
- •1. Ток тізбегіндегі жұмыс және қуат.Джоуль-Ленц заңының дифференциал түрі.
- •1. Ток тізбегіндегі жұмыс және қуат.
- •2. Идеал газ молекулаларының жылдамдықтар бойынша таралуы
- •Газдардағы электр тогы.Газдағы разряд түрлері.
- •Заттар мен өрістердің өзара түрленуі.
- •Ампер заңы
- •2 Бөліну және синтезделу
- •1. Механикалық тербелістер және олырдың жалпы сипаттамалары
- •2 Радиоактивтілік
- •1. Өздік индукция және өзара индукция. Индуктивтілік.
- •1. Электромагниттік өріс. Магнит өрісі энергиясы және энергия тығыздығы.
- •1.Электромагниттік өріс
- •Радиоактивтiлiк ыдырау заңы. Ығысу ережесi
Газдардағы электр тогы.Газдағы разряд түрлері.
Иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады.
Газдардағы электр тогы дегеніміз –электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.
Газдағы разряд түрлері.
Газдағы электр разрядтарының көріністері мен сипаттамалары әр түрлі болады. Мұның өзі газ арқылы электр тоғының өту шарттарын анықтайтын параметрлер мен қарапайым процестердің сан алуан болатындығын көрсетеді. Бұлардың
біріншісіне – газдың құрамы мен қысымы, разрядтық кеңістіктің геометриялық конфигурациясы, сыртқы электр өрісінің жиілігі, ток күші т.б. жатса,
екіншісіне – иондалу және газ молекулалары мен атомның қозуы, рекомбинация, екінші текті соқтығысу, қайыра зарядталу, заряд тасушылардың серпімді шашырауы, электрондық эмиссияның түрлері т.б. жатады.
Заттар мен өрістердің өзара түрленуі.
Бүкіл Ф. екі үлкен бөлімге — заттар Ф-сы мен өрістер Ф-сына біріктіріледі.
Бірінші бөлім заттың молекула-кинетикалық теориясына,
ал екінші бөлім әлектромагниттік өріс жайлы ілімге негізделді.
Электромагниттік өріс жайлы ілімнің негізін М. Фарадей қалады. Ол 1831 ж. электромагниттік индукцияны ашты. 19 ғ-дың 60 жылдары Дж. Максвелл Фарадейдің әлектромагниттік өріс жайлы көзқарасын онан әрі дамытып, оны матем. тұрғыдан жетілдірді. 19 ғ-дың екінші жартысында Ф-ның техниканы дамытудағы ролі ерекше артты. Электр жайлы ілім байланыс жұмыстарымен (телефон, телеграф) ғана шектеліп қоймай, энергетикалық мақсатта да қолданыла бастады. Электромагниттік толқындар сымсыз байланыс жүйесін (А. С. Попов) дамытуға мүмкіндік беріп, радиобайланыс кең өріс ала бастады.
Билет 21
1. Ампер күші.Токтың магниттік моменті. Лоренц күші.
2. Элементар бөлшектер туралы жалпы мағлұматтар
1.Ампер заңы – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағын кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы.
F=kIΔLBsinα
Лоренц күші- электромагниттік өрісте қозғалатын зарядталған бөлшекке әсер ететін күш.
F=qvB
Магниттік момент — заттың магниттік қасиеттерін сипаттайтын негізгі шама. М=і/с.Анықтама бойынша М векторы Магниттік момент болып табылады. Оны электірлік диполь моментіне ұқсастырып, М=ml, түрінде жазуға болады. мұндағы:m- контурдың эквиваленттік магнит заряды l - қарама-қарсы таңбалы “магниттік зарядтардың” ара қашықтығы.
2.Элементар бөлшектер – заттың ең ұсақ және ішкі құрылымы ең қарапайым деп есептелетін бөлшектері. атомдар құрамына кіретін электрон, протон және нейтрон. Протон мен нейтрондардан атом ядросы, ал электрондардан атомның электрондық қабықтары түзіледі. Элементар бөлшектер зат атомдарымен әсерлесуі нәтижесінде электрондар мен протондарға түрленеді. Электрон, позитрон, протон, антипротон, нейтрино, антинейтрино және фотоннан басқа бөлшектердің барлығы өздігінен ыдырайды. Элементар бөлшектерді массасына қарай 4 топқа бөлуге болады: фотондар, лептондар (жеңіл бөлшектер) мезондар (орташа бөлшектер) және бариондар (ауыр бөлшектер) элементар бөлшектер негізінен орнықты және орнықсыз болып бөлінеді. Орнықты бөлшектер саны 40-қа жуық та орнықсыздарын қосқанда барлығы 200 бөлшектер.
Билет 22
1. Токтардың өзара әсерлесуі.Магнит индукция векторы. Магнит өрісі және оның сипаттамалары
2. Ядролық энергияны пайдалану
Токтардың өзара әсері. Магнит өрісі. Магнит өрісі. Жақыннан әсер ету теорияы бойынша өткізгіштердің біреуіндегі ток басқа тоққа тікелей әсер ете алмайды. Қозғалмай тұрған электр зарядтарын айнала қоршаған кеңістікте электр өрісі пада болатыны сияқты, токтың кеңістікте магнит өрісі пайда болады. Өткізгіштердегің біріндегі электр тогы өз маңында екінші өткізгіштегі токқа әсер ететін магнит өрісін тудырады. Ал екінші ток тудырған магнит өрісі бірінші токқа әсер етеді. Магнит өрісі дегеніміз материяның ерекше бір түрі – электрлі зарядталып, қозғалысқа түскен бөлшектердің өзара әсері сол өріс арқылы жүзеге асырылады. Магнит өрісінің тәжірибе жүзінде тағайындалған негізгі қасиеттері мыналар: 1. Магнит өрісін электр тогы (қозғалысқа түскен зарядтар ) тудырады. 2.Магнит өрісі электр тогына (қозғалысқа түскен зарядтарға) тигізетін әсерден барып байқалады. Магнит өрісі, электр өрісі сияқты, бізге тәуелсіз, біздің ол туралы білуімізге тәуелсіз нақтылы бар екені ақиқат. Магнит индукциясының векторы. Магнит индукциясының сызықтары. Магнит индукциясы векторының бағыты. Магнит өрісінің магнит тілшеге немесе тогы бар рамаға бағдарлаушы әсерін магнит индукциясының векторын анықтау үшін пайдалануға болады. Магнит индукциясы векторының бағытына магнит өрісінде еркінше орныққан тілшенің S оңтүстік полюсынан N солтүстік полюсына қарайғы бағыты алынады. Бұл бағыт тогы бар тұйық контурдың оң норсалы бағытымен дәл келеді. Егер бұрынғы оңқай бұрандалы рамадағы ток бағытымен бұрғанда, бұрғы қалай бұралса, оң нормаль солай қарай бағытталады.
Ядролық физика – қазіргі физиканың атом ядросы мен элементар бөлшектерді зерттейтін саласы. Ядролық физика – атомөнеркәсібінің ғылыми негізі. Ол шартты түрде төмендегідей салалардан тұрады. Атом ядросының жалпы қасиеттері мен құрылымы. Ядроның маңызды қасиеттеріне масса, электр заряды, массалық сан, байланыс энергиясы, магниттік және электрлік момент, ядроның эффективтік мөлшері, ядроның энергия деңгейлерінің жүйесі жатады. Ядролық күштердің заңдылығы белгісіз болғандықтан, ядрода өтетін процестерді зерттеу үшін әр түрлі ядролық модельдер пайдаланылады. Ядролық күштер. Ядролық күштердің қасиеттері жөнінде бағалы деректер энергиясы әр түрлі протондар, нейтрондар менпротондардың шашырауын, сондай-ақ дейтрон мен күрделі ядролардың қасиеттерін зерттеу кезінде алынған. Ядролардың өздігінен түрленуі – α, β-бөлшектері мен γ-сәулесін шығаратын табиғи және жасанды радиоактивтілік, сондай-ақ ауыр ядролардың өздігінен бөліну. Ядролық физиканың бұл саласының маңызды бөлігі ядролардан шығатын әр түрлі сәулелерді зерттеу болып есептеледі. Ядролық реакциялар – ядролардың бір-бірімен және элементар бөлшектермен әсерлесуі нәтижесінде түрлену
Пайдалануы,,,,,,,Медицинада атом мен ядролық физикалық факторларды диагностика мен емдеу ісінде қолданады. Соның ішінде диагностикалық бағытта қолдану В. Рентгеннің 1895 ж. Х- сәулесін ашқандығы туралы мәлімдемесінен басталады және ол рентгендиагностика (РД) деп аталады. Осы тақырыптарды өтуде болашақ дәрігерлерге рентген сәулесін алудың физикалық механизмін ашып түсіндіру, әсіресе рентген сәулесін электрондарды тежеу және оларды үдету арқылы алудың ерекшеліктерін, рентген сәулесінің әсерін сипаттайтын: доза түрлері мен олардың өз ара қатынастары, рентген, миллирентген, микрорентген сияқты физикалық өлшем бірліктерді пайдалануға баса назар аударған жөн. Пациентерді, рентген аппаратымен жұмыс істейтін дәрігерлерді рентген сәулесінен қорғау мәселесіне де жеткілікті түрде мән беру қажет. Томографиялық және магнитті-резонанстық әдістердің негізгі ерекшеліктеріне, жұмыс істеу принциптеріне жете көңл бөлген дұрыс.
Билет 23
1. Био-Савар-Лаплас заңы. Ампер күші.Токтың магниттік моменті.
2. Бөліну және синтезделу реакциялары
Био – Савар – Лаплас заңы
Кез-келген пішіндегі тогы бар өткізгіштің магнит өрісі Био-Савар-Лаплас заңымен анықталады.
Суреттегі А нүктесіндегі токтың элементі тудыратын магнит өрісінің индукциясы Био – Савар – Лаплас заңымен анықталады. Био – Савар – Лаплас заңын векторлық немесе скаляр түрлерде жазып көрсетуге болады:
- векторлық түрде жазылған Био – Савар – Лаплас заңы,
- скалярлық түрде жазылған Био – Савар – Лаплас заңы.
мұндағы: - магнит тұрақтысы.
