- •Максвелл таралуы.
- •2.Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттері
- •1) Тасымалдау құбылыстары
- •Ішкі үйкеліс құбылысы
- •4. Адиабаттық процесс
- •Электр қозғаушы күш. Тұйық тiзбек үшiн Ом заңы
- •2. Құйынды электр өрісі
- •1. Жылу мөлшері және жылу сыйымдылығы
- •1.)Идеал газдың ішкі энергиясы және молекуланың еркіндік дәрежесі.
- •Ампер заңы
- •2.1 )Ядролық реакциялар.
- •2.2)Жасанды радиоактивтілік
- •1. Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс.
- •1. Материалдық нүкте кинематикасы. Материалды нүктенің кинематикалық қозғалыс теңдеулері
- •2. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатынасы.
- •1. Электр өрісінің жұмысы. Потенциал. Потенциалдар айырымы.
- •2. Әр күйдегі молекуланың қасиеті.
- •Жылу өткізгіштік құбылысы
- •Электр қозғаушы күш.Тұйық тізбек үшін Ом заңы.
- •Термодинамиканың бірінші бастамасы. Көлемі өзгерген кезді дененің істейтін жұмысы
- •1. Ток тізбегіндегі жұмыс және қуат.Джоуль-Ленц заңының дифференциал түрі.
- •1. Ток тізбегіндегі жұмыс және қуат.
- •2. Идеал газ молекулаларының жылдамдықтар бойынша таралуы
- •Газдардағы электр тогы.Газдағы разряд түрлері.
- •Заттар мен өрістердің өзара түрленуі.
- •Ампер заңы
- •2 Бөліну және синтезделу
- •1. Механикалық тербелістер және олырдың жалпы сипаттамалары
- •2 Радиоактивтілік
- •1. Өздік индукция және өзара индукция. Индуктивтілік.
- •1. Электромагниттік өріс. Магнит өрісі энергиясы және энергия тығыздығы.
- •1.Электромагниттік өріс
- •Радиоактивтiлiк ыдырау заңы. Ығысу ережесi
2. Құйынды электр өрісі
. Белгілі қашықтықта тұрған екі зарядтың әсерлесуі электр өрісінің көмегімен жүзеге асады. Электр өрісі-материяның ерекше түрі, оны қозғалмайтын электр заряды туғызады. Электр өрісі электрленген дененің әсерін екінші денеге жеткізуші орта болып саналады. Электр өрісінің пайда болғанын және оның интенсивтігін сол өріске орналастырылған сыншы зарядқа әсер ететін күш арқылы анықтауға болады. Сол күштің зарядқа қатынасына тең векторлық шама-электр өрісінің кернеулігі (Е) деп аталады: E=F/q0 (7.2). Кернеуліктің өлшем бірлігі-В/м, бағыты оң зарядқа әсер ететін күш бағытына қарама-қарсы болады
Ығысу тоғы
электрлік индукцияның өзгеру жылдамдығына тэуелді және өткізгіштік токқа ұксас магнит өрісін аныктайтын физикалык шама
Холл эффектісі
Тогы бар өткізгіштердің немесе жартылай өткізгіштердің магнит өрісінде қозғалысы кезінде өткізгіште электр өрісінің тууы Холл эффектісі деп аталады.
Холл эффектісі ток тасушыларға Лоренц күшінің әсер етуі салдарынан пайда болады. Магнит индукциясы B магнит өрісінде тығыздығы j-ға тең ток жүріп тұрған өткізгіш кернеулігі
E=R(B,J)-ға тең электр өрісін тудырады,
мұндағы R- Холл тұрақтысы.
Билет 7
1. Жылу мөлшері және жылу сыйымдылығы
2. Био-Савар-Лаплас заңы. Ампер күші.
Жылу мөлшері - жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады. Q әрпімен белгіленеді. Жылу мөлшері ішкі энергия өзгерісінің өлшемі бола тұрып, дененің температурасына байланысты. Қыздыру барысында судың температурасын t 1-ден t 2-ге неғұрлым көбірек өзгерту керек болса, онда оған анағұрлым көп жылу мөлшерін беру қажет. Жылу мөлшері - физикалық шама және ол температураның t 1-ден t 2-ге дейінгі өзгерісіне пропорционал, яғни Q~(t2-t1). Егер дененің температурасы жоғарыласа, онда ол дененің қандай да бір жылу мөлшерін алғанын, егер төмендесе, онда жылу шығарғанын көрсетеді.
Дегенмен дененің қыздыру кезіндегі алған немесе суығанда бөлген жылу мөлшерін есептеу үшін тек қана температураның өзгерісін білу жеткіліксіз. Спирт шамымен сынауықтағы суды қыздыра отырып, біз белгілі уақыт ішінде оны қайнауға дейін жеткізе аламыз, ал су толы шәугімді олай қайната алмаймыз. Оны қандай да бір уақыт аралығында шәугімдегі және сынауықтағы суды қайнатуға қажетті жылу мөлшерінің әртүрлі болатынымен түсіндіріледі. Судың массасы неғұрлым көп болса, оны белгілі бір температуралар айырымына дейін қыздыру үшін соғұрлым көп жылу мөлшері қажет. Суды салқындату барысында да осылай. Демек, денені қыздыруға қажетті немесе оның суығанда бөлетін жылу мөлшері сол дененің массасына пропорционал, яғни Q~m
Жылу сыйымдылығы — дене температурасын 1°С-ге немесе 1 калорияға жоғарылату үшін берілетін жылу мөлшері. Яғни, дененің (заттектің) қандай да бір процестегі күйінің мардымсыз шексіз өзгерісі кезінде алатын жөне оларға температураны жоғарылату үшін қажет болатын жылу мөлшері. Массаның жылу сыйымдылығының бірлігіменшікті жьлу сыйымдылығы деп аталады. Жылу сыйымдылығының қысымы тұрақты газдар үшін С және көлемі тұрақты газдар үшін С болып ерекшеленеді. Бірінші жағдайда дененің жьлулық ұлғаюына байланысты (дененің геометриялық өлшемдерінің өзгеруіне) сыртқы күштерге қарсы механикалық жұмыс жасалады, ал екінші жағдайда дененің жылуы кезінде оның геометриялық өлшемдері өзгермейді және энергиясын ұлғайтуға жұмсалады. Қысым тұрақты болған кездегі жылу сыйымдылығы көлемі тұрақты болған кездегі жылу сыйымдылығынан үнемі артық болады. Судың 15°С кезіндегі жылу сыйымдылығы Ся бірге тең деп алынады. Қалыпты қысым (1 атм.) Және температура 50°С болғанда ауаның меншікті жылу сыйымдьшығы 0,24 кал/ г.град. тең. Көлем тұрақты болған кезде С — 0,17 кал/г.град; су буы үшін (темпе-ратура 0°С болғанда) Ср = 0,44 кал/г.град және С = 0,34 кал/г.град. Меншікті жьшу сыйымдылығының дененің тығыздығына көбейтіндісі көлемдік жылу сыйымдылығы деп аталады.
Био – Савар – Лаплас заңы
Кез-келген пішіндегі тогы бар өткізгіштің магнит өрісі Био-Савар-Лаплас заңымен анықталады.
Суреттегі
А нүктесіндегі токтың
элементі
тудыратын
магнит
өрісінің индукциясы Био – Савар –
Лаплас заңымен анықталады. Био –
Савар – Лаплас заңын векторлық немесе
скаляр түрлерде жазып көрсетуге болады:
- векторлық түрде
жазылған Био – Савар – Лаплас заңы,
- скалярлық
түрде жазылған Био – Савар – Лаплас
заңы.
мұндағы:
- магнит
тұрақтысы.
