Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fizika_tipobaza_vt-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509 Кб
Скачать
☆

Ампер заңы

          Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Ампер күші деп атайды.

          Магнит өрісі біртекті болған жағдайда тогы бар өткзгішке әсер ететін  Ампер күші келесі өрнекпен анықталады:

          Ампер күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады. Сол қолдың төрт саусағын өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттас етіп бағыттап, индукция векторы алақанды тесіп өтетін болса, 900-қа қайырылған басбармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

          Ампер түзу токтардың өзара әсерінен келесі заңдылықтар ашты:

1.     Бағыттас параллель токтар бір-біріне тартылады;

2.     Бағыттары қарама-қарсы токтар  бір-бірімен тебіледі;

3.     Параллель емес токтар бағыттары бірдей әрі параллель болуға ұмтылады.

Бір бірінен   қашықтықта орналасқан екі түзу шексіз ұзын тогы бар өткізгіштердің әрбір бірлік ұзындықтарына келетін өзара әсерлесу күші

1 Ампер ток күші деп вакуумде бір-бірінен 1 метр ара қашықтықта орналасқан шексіз ұзын параллель екі өткізгіштен ток өткенде, олардың арасында әрбір 1 метр ұзындықтарына магнит өрісі тарапынан 2.10-7 Ньютонға тең күш әсерін туғызатындай ток күшін айтады.

Магнит өрісіне енгізілген тогы бар контурдың магниттік моменті келесі формуламен анықталады:

 

.

Билет 8

1. Идеал газдың ішкі энергиясы және молекуланың еркіндік дәрежесі.

2. Ядролық реакциялар.Жасанды радиоактивтілік

1.)Идеал газдың ішкі энергиясы және молекуланың еркіндік дәрежесі.

Орыс ғалымы Д.И. Менделеев Клайперон және Авогадро заңдарын біріктіре отырып идеал газ күйінің теңдеуін алды:

 

мұндағы: R-универсал газ тұрақтысы, R= 8,31 Дж/(моль·К).

Бұл теңдеу кейде Менделеев-Клапейрон теңдеуі деп аталады.

  Заттарды құрайтын бөлшектердің қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының осы бөлшектердің өзара әсерлесу орташа потенциалдық энергиясына қосындысын ішкі энергия деп атайды. Өлшем бірлігі  .

 

          

 

          Идеал газдың ішкі энергиясы абсолют температураға тура пропорционал болады:          

 Идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі  

Кез-келген газдардың ішкі энергиясы 

мұндағы:   – газ молекуласының еркіндік дәрежесі.

Еркіндік дәрежесі бойынша энергияның біркелкі таралу заңы

 Негізгі ұғымдар: молекуланың еркіндік дәреже саны i, ілгерілемелі, айналмалы және тербелмелі еркіндік дәрежелері. Еркіндік дәрежесі бойынша энергияның біркелкі таралу заңы - классикалық жүйелерге қолданатын статистиканың негізгі заңдарының бірі. Жүйенің еркіндік дәреже саны деп оның кеңістіктегі орнын анықтайтын тәуелсіз координаталардың санын айтады. Олай болса, бір атомды молекулалар үш ілгерілемелі еркіндік дәрежеге, екі атомды молекулалар – үш ілгерілемелі, және екі айналмалы, көп атомды молекулалар және абсолютті қатты дене – үш ілгерілемелі және үш айналмалы еркіндік дәрежесіне ие болады. Жылулық тепе-теңдік жағдайында молекуланың әр еркіндік дәрежесіне   тең орташа бірдей кинетикалық энергиядан келеді. Мұндағы,   - Больцман тұрақтысы. Екі немесе көп атомды молекулалар айналмалы және тербелмелі қозғалыстар жасайды. Тербелмелі қозғалыстың болуы кинетикалық энергияның потенциалдық энергияға ауысуынан және керісінше болуымен байланысты. Молекуладағы атомның тербеліс энергиясын ескерсек, орташа кинетикалық және орташа потенциалдық энергиясын қарастыруымыз қажет. Молекуланың толық энергиясы

 ,

 мұндағы i – молекуланың еркіндік дәреже саны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]