Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fizika_tipobaza_vt-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509 Кб
Скачать
☆

Ампер заңы

          Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Ампер күші деп атайды.

          Магнит өрісі біртекті болған жағдайда тогы бар өткзгішке әсер ететін  Ампер күші келесі өрнекпен анықталады:

          Ампер күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады. Сол қолдың төрт саусағын өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттас етіп бағыттап, индукция векторы алақанды тесіп өтетін болса, 900-қа қайырылған басбармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

          Ампер түзу токтардың өзара әсерінен келесі заңдылықтар ашты:

1.     Бағыттас параллель токтар бір-біріне тартылады;

2.     Бағыттары қарама-қарсы токтар  бір-бірімен тебіледі;

3.     Параллель емес токтар бағыттары бірдей әрі параллель болуға ұмтылады.

Бір бірінен   қашықтықта орналасқан екі түзу шексіз ұзын тогы бар өткізгіштердің әрбір бірлік ұзындықтарына келетін өзара әсерлесу күші

1 Ампер ток күші деп вакуумде бір-бірінен 1 метр ара қашықтықта орналасқан шексіз ұзын параллель екі өткізгіштен ток өткенде, олардың арасында әрбір 1 метр ұзындықтарына магнит өрісі тарапынан 2.10-7 Ньютонға тең күш әсерін туғызатындай ток күшін айтады.

Магнит өрісіне енгізілген тогы бар контурдың магниттік моменті келесі формуламен анықталады:

 

.

2 Бөліну және синтезделу

Ядролық реакциялардың қазіргі теориясының негізін 20 ғ-дың 30-жылдары Н.Бор қалаған. Оның ұсынған тұжырымына сәйкес ядролық реакция (а+АвВ) екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде реакцияға қатысатын ядролардың бірігуі нәтижесінде жаңа қозған ядро (С*) пайда болады. Ол аралық немесе құранды ядро (а+А+С*) деп аталады. Екінші кезеңде қозған аралық ядро кәдімгі радиоактивті ыдырау тәрізді (бұл жағдайдағы айырмашылық: ыдырайтын негізгі күйдегі ядро емес, күшті қозған күйдегі ядро) ыдырайды (С*в+В). Көп жағдайда аралық өмір сүру уақыты, атқылайтын бөлшектің нысана ядро өлшемімен (10–12 – 10–13 см) шамалас қашықтық ұшып өтуіне кететін уақытынан бірнеше есе артық болады. Сөйтіп ядролардың бірігу моменті мен ядролық реакция өнімдерінің түзілу моментерінің арасы біраз уақытқа созылатындықтан, атқылайтын бөлшектің таситын энергиясы аралық ядро нуклондарының арасында бірнеше рет қайта бөлінеді. Бұл жағдай ядролық реакцияның екінші кезеңі, ядролық реакцияның бірінші кезеңінің ерекшеліктеріне тәуелсіз екендігін және ол аралық ядроның қасиеттерімен ғана анықталатындығын көрсетеді. Атқылаушы бөлшектердің энергиясы төмен жағдайдағы ядролық реакциялардың ішінде нейтрондардың әсерінен болатын ядролық реакциялар жиі байқалады. Атқылаушы бөлшектердің энергиясы орташа және үлкен болған жағдайда нейтрондаркөбіне серпімсіз шашырайды. Ал аса жоғары энергиясы бар бөлшектердің әсерлесуі кезінде мезондар, гиперондар тәрізді элементар бөлшектер де пайда болады. Әр түрлі энергиясы бар бөлшектердің әсерінен пайда болған ядролық реакцияларды зерттеу – атом ядросының құрылысы мен қасиеттерін зерттеудегі маңызды фактор. Жеңіл ядролардың реакцияларын зерттеу жұмысы басқарылатын термоядролық реакцияларды іс жүзіне асыруға көмектеседі. Ал ядролардың бөліну процесін зерттеу ядролық энергетиканың дамуында маңызды рөл атқарады. Ядролық реакторларда алынатын ядролық реакциялар – радиоктивті изотоптардың негізгі көзі.

Билет 24

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]