Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety (3).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Техникалық қызмет пен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша пайдалану қызметі

Техникалық қызмет міндеттеріне мыналар жатады:

1. Ұйымдастыру және басқару бағытында – техникалық баптау зоналарының ырғақты

жұмысын қамтамасыз ету үшін автомобильдерге техникалық баптау жасау жоспарын дайындау.

Осы мақсатпен мына шаралар жүзеге асырылады:

* жылжымалы құрамның техникалық баптау мен күрделі жөндеу жүйесіне енгізудің жылдық, кварталдық, айлық жоспарлары дайындалады.

* жұмыс сапасын көтеру және жылжымалы құрамның техникалық баптау және жөндеу зоналарында бос тұрып қалу уақытының ұзақтылығын қысқарту мақсаттарымен қызмет етудің технологиялық процесі мен ұйымдастырылуын жетілдіру.

* пайдалану барысында автомобильдердің сынып қалмай жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін механизмдер мен агрегаттардың ақаусыз болуын қамтамасыз ету шараларын жүргізеді,

* жүргізушілердің техникалық дайындығын жетілдіру.

* техникалық баптау және жөндеу жұмыстарының сапасын үздіксіз басқару.

Автомобильдердің техникалық күйін бақылау жолға шығар алдында және одан келгеннен кейін жасалады. Жолға шығар алдында автомобильдің жолдағы қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелер мен агрегаттар күйі тексеріледі. Техникалық күйді негізгі бақылау жылжымалы құрам жолдан келгеннен кейін жүргізілуі керек.

2. Автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептері

Автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептері мынадай:

- Тозу; - қажу; - коррозия (даттану)

- бөлшектер мен материалдардың физикалық, химиялық және температуралық өзгеруі.

Тозу – бұл үйкеліс нәтижесінде бөлшектердің үйкелесу беттерінен материалдар ажырап, бөлшектердің өлшемдерінің өзгеру процессі. Табиғи тозу бөлшектердің өзара жанасып жатқан беттері арасында үйкелістің пайда болуы, метталлдың сыртқы қабатының қажуы нәтижесінде туады да, бөлшектердің бұдан былайғы жұмыстарға жараамсыз болуына негізгі себеп болып табылады. Табиғи тозу бірнеше түрлерге бөлінеді.

Механикалық тозу металл бөлшектерінің деталдар бетінен ажырауымен

сипатталады және ол негізінен құрғақ үйкеліс кезінде болады. Мұндай тозу тежеуінен барабандар мен басқа да бөлшектерден байқалады.

Абразистік тозу өзара жанасып жатқан бөлшектердің үйкелістің беттерінің арасына абразистік элементтердің (минерал текті шаң және түйіршіктер) қатты түйіршіктерінің түсуінен пайда болады. Мұндай тозу поршеннің жоғарғы сақинасынан, бөлгіне біліктің жұдырықшаларынан және басқа детальдардан байқалады.

Коррозиялық тозу құрамында күкірттің көп мөлшері бар жанар майдың жануынан түзілетің немесе сапасыз майдың құрамында болатын қышқылдардың әсерімен, сондай – ақ газдар мен су буларының жоғарғы температурада әсер етуінен, дымқыл ауа райының әсерінен пайда болады. Тозудың бұл түріне кінді біліктің мойыны, циллиндрлер, поршень саусақтары, кузовтың,раманын, кабиналық детальдары ұшырайды.

Қажи тозу (питинг) детальдарға оқтын – оқтын әсер етіп тұратын жоғарғы қысымнан тұрады. (шестериялар тістері, теңселу подшипниктері, рессорлар, крокштейндер.). Қалыптаса қажалу кезеңінде өзара жанасып жатқан жаңа детальдар қауырт тозып, қалыптаса қажалу кезеңінен соң тозу дәрежесі баяулайды да, тозу шамасы айтарлықтай баяу өтеді. Пайдалануға қажетті қалыпты тозу деп аталатын түрі орындалады.

Бөлшектердің кезекті жөндеуге дейін қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндігі болатын тозуды шектеулі тозу деп атайды.

Жұмыс істеудің белгілі бір кезеңінен соң тозу қайтадан күрт өсіп, саңылаулар ту артады, бұдан детальдар дұрыс жұмыс істей алмай, дүрсіп пайда болады. Атомобильді бұдан әрі пайдалануға мүмкіндік болмайды немесе тиімсіздік жасайды.

Механизмді одан әрі пайдалану тозудың тез өсуіне және өзара жанасып жатқан детальдардың бүлінуіне себепші болатын жағдайдағы тозуды шекті тозу деп атайды. Бөлшектерді шекті тозуға ұшыраған автомобильдерді пайдалану апатқа әкеп соқтыруы мүмкін.

Бөлшектер мен материалдардың температуралық өзгеруі автомобильдердің техникалық жағдайына қатты әсер етеді:

* материалдардың беріктігі төмендейді,металдар 300 – 400 с-қа жеткенде беріктігі азайып, өздігінен «жылжу» пайда болады, былайша айтқанда пішінің өзгерте бастайды;

* жоғарғы температурада май өздігінен майлау қаситтінен айырылады. Мысалы, автотрактор майы температура 120 с – қа жетпестен – ақ бұзылады , ал арнаулы май (авиация майы) 300 – 400 с- қа дейін майлау қаблеттілігін сақтап қалуы ықтимал, бірақ одан жоғары температурада ол майлау қасиеттінен айырылып, үйкеліс күші кенет көбейген соң детальдардың бір – бірімен жабысып қалу қаупі туады;

* ыстықтың әсерінен детальдар арасындағы саңылау азаяды, дәлдік кемиді және бесқа ұнамсыз жағдайлар пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]