- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Мамандығы: 5в011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
- •Мамандығы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2.Қосымша әдебиеттер:
- •Пәнінің бағдарламасы (syllabus)
- •1. Оқитын пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •6. Кеңес беру уақыты
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2.Қосымша әдебиеттер:
- •4. Пән бойынша берілген тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі:
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы
- •6. Дәріс кешені
- •7.Тәжірибелік сабақтар:
- •Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулығы
- •10. Сөж, соөж тапсырмалары және оны орындау кестесі: Студенттің оқытушымен бірлесе жасалатын өздік жұмыстарының үлгі тақырыптары (соөж)
- •Студенттің өздік жұмысының үлгі тақырыптары (сөж)
- •11. «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» пәні бойынша жұмыс бағдарламасында дипломалды тәжірибе жоспарланбаған.
- •12. Студенттердің оқу нәтижесін бақылау және бағалау материалдары:
- •13. «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен электронды дискіде сақталған.
- •14. Педагогика факультеті корпусындағы с-208-аудитория «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» пәні бойынша дәріс, семинар, сөж, соөж сабақтарын өткізуге арналған
10. Сөж, соөж тапсырмалары және оны орындау кестесі: Студенттің оқытушымен бірлесе жасалатын өздік жұмыстарының үлгі тақырыптары (соөж)
1. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.
2. Орхон ескерткіштерінің мазмұны, мақсаты.
3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
4. «Қорқыт ата кітабын» талдау.
5. Қорқыт жырларындағы өмір мен өлім күресі.
6. «Оғыз-наме» эпосының зерттелуі.
7. «Оғыз-наме» эпосы мен «Қобыланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер.
8. Ислам дәуіріндегі әдебиет.
9. А.Иассауидің өмірі, хикметтері.
10. А.Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабының мазмұны мен мәні.
11. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны.
12. Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігі.
13. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
14. Тыңтума әдебиет. «Махаббат-наме» дастаны.
15. Нәзиралық шығармалар.
16. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі тарихи-әлеуметтік жағдай.
17. Алтын Орданың ыдырап Қазақ хандығының құрылуы.
18. Би-шешендер шығармашылығының ерекшелігі. Би-шешендердің қоғамдық қызметі.
19. Шежіре, оның ерекшелігі, түрлері.
20. Ноғайлы дәуірінің үлгілері. Ноғай-қазақ жырларының ерекшеліктері, зерттелуі.
21. Жыраулық дәстүр, ерекшелігі, бастаулары.
22. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің зерттелуi.
Студенттің өздік жұмысының үлгі тақырыптары (сөж)
1. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі.
2. Орхон ескерткіштерінің жанрлық және көркемдік ерекшеліктері.
3. Орхон ескерткіштерінің қазақтың эпостық жырларымен ұқсастық бірліктері.
4. Оғыз дәуіріндегі әдеби ескерткіштер.
5. «Қорқыт ата кітабындағы» «Қам-Бураұлы Бамсы-Бейрек» жыры және қазақ эпосы.
6. «Оғыз қаған» жанрының көркемдік-стильдік ерекшелігі.
7. Ислам мәдениеті және түркі әдебиеті.
8. Әл-Фараби-әдебиетші, ақын.
9. Ахмет Иассауи және сопылық поэзия.
10. Ахмет Иассауи «хикметтеріндегі» дидактикалық сарын.
11. Сүлеймен Бақырғани поэзиясындағы этика-мораль мәселесі.
12. «Құтты білік» дастанындағы тәлім-тәрбие мәселесі.
13. М.Қашқари «Сөздігіндегі» тұрмыс-салт үлгілері.
14. М.Қашқари «Сөздігіндегі» аңыз әңгімелерінің тарихилығы.
15. «Ақиқат сыйы» кітабының тілі мен көркемдік ерекшелігі.
16. Алтын Орда әдеби ескерткішіндегі дидактикалық сарын.
17. Рабғузи қиссаларының қазақ ауыз әдебиетіндегі үлгілері.
18. Сайф Сараидың «Гүлістан бит-түрки» ескерткішінің жанрлық сипаты.
19. Доспамбет жыраудың өмiрі, шығармашылығы жөніндегі деректер.
20. Доспамбет жырау толғауларының тақырыптық, идеялық-көркемдiк ерекшелiгi.
21. Доспамбет толғауларындағы жыраудың өз бейнесі.
22. Шалкиiз жырау Тiленшiұлы өмiрі, шығармашылығы туралы деректер.
23. Шығармаларының зерттелуi, дариялануы.
24. Шалкиiз жырау туындыларының тақырыптары.
11. «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» пәні бойынша жұмыс бағдарламасында дипломалды тәжірибе жоспарланбаған.
12. Студенттердің оқу нәтижесін бақылау және бағалау материалдары:
Бірінші аралық бақылау сұрақтары:
Ұлы Жібек жолы және оның мәдени-тарихи маңызы
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері, текстологиялық зерттелу тарихы
Қорқыт туралы аңыз-жырлардың құндылығы
«Оғыз-наме» эпосының көркемдік ерекшеліктері
Орхон ескерткіштерінің көркемдік мұраты
Орхон ескерткіштерінің қазақ эпостарымен ұқсастықтары.
Оғыз қаған жырындағы тәңірлік мифтер
Өмір мен өлім философиясы жайындағы Авеста түсініктері
Қорқыттың нақыл сөздерінің мақал-мәтелдермен ұқсастығы
Абай мен Фараби арасындағы үндестік
Әл Фараби-әдебиет зерттеушісі
Ахмет Иассауи-сопылық ағымның өкілі
Иассауи «Хикметтерінің» адамгершілік мәні
«Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегіндегі мақал-мәтелдер.
Ежелгі түркі ойшылдарының адам болмысы туралы көзқарастары
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы ізгілік, қайырымдық туралы ойлар
«Оғыз-наме» эпосы және қазақ әдебиеті
Қазақ эпосының туу, қалыптасу тарихы
Ежелгі дәуір ескерткіштерінің тарихи маңызы, жүйеленуі, зерттелуі
Екінші аралық бақылау сұрақтары
Жиембет жырау ғалымдар пайымдаулары, ақын туындыларының жиналу, зерттелу жайы
Жырау шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
«Еңсегей бойлы ер Есім» жыры және Жиембет жырау
Жиембет жыраудың қазақ әдебиеті тарихындағы алар орны
Марқасқа жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырына қатысы?
Марғасқа жырау шығармаларының зерттелу жайы
Жырау толғауларындағы өз бет-бейнесі
Марғасқа жырау поэзиясының қазақ әдебиетінде алатын орны
Жырау жайындағы ғалым-зерттеушілер пікірлері
Тәтіқара ақын шығармаларының зерттелу жайы
Ақынның «Қамыстың басы майда» атты толғауы мен Ер Шобан жыраудың ұқсастықтары
Тәтіқара жайында Шоқан зерттеулері
Жыраудың дауылпаз жырлары және заман көрінісі
Үмбетей жыраудың өмір жолы туралы мәлімет
Жырау шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Жыраудың арнау өлеңдері («Бөгембай өліміне», «Бекболат биге») т.б. хақында
Бұқар шығармалары хайында ғалым-зерттеушілер пайымдаулары
«Ай, Абылай, Абылай өлеңіндегі Абылай бейнесі
Бұқар жыраудың қазақ поэзиясының даму тарихында көрнекті роль атқарғандығы
Шығармаларында философиялық ой-толғамдар
Қожаберген жырау – халық жоқшысы
Тарихи өлең-жырларының зерттелу, хатқа түсу жайы
«Елім-ай» дастанындағы батырлар бейнесінің көркем айшықтары
«Баба тіл» дастанының ұлттық-этнографиялық ұлағаты
Тест тапсырмалары, қорытынды бақылау сұрақтары:
$$$ Күлтегiн, Тоныкөк ескерткiштерi қай ғасыр туындысы?
A) 7-8 ғғ
B) 6-7 ғғ;
C) 8-9 ғғ;
D) 5-6 ғғ;
E) 10-11 ғғ.
$$$ «Көне түркiлер үшiн тасты қашап мүсiн жасаудан гөрi поэзиямен ескерткiш жасау әлдеқайда жеңiлiрек көрiнген»,- деген сөз қай зерттеушiнiкi?
A) Ә. Марғүлан;
B) Э. Бертельс;
C) М. Хайроллаев;
D) С.Н. Григорян;
E) С. Сатыбеков.
$$$ «Корур көзум кормез тег, бiлiр бiлiгiм бiлмез тег»
деген сөздер қай туындыда кездеседi?
A) “Күлтегінде”;
B) «Қорқыт ата кiтабында»;
C) «Оғыз намада»;
D) «Диуани хикметте»;
E) «Кодекс куманикуста».
$$$ Орхон жазуының “кілтін” тауып, алғаш оқыған кім?
А) Ф.И.Страленберг
В) В.В.Радлов
С) В.Томсен
D) Н.Ядринцев
Е) С.Е.Малов
$$$ Орхон ескерткіштерін зерттеген қазақ ғалымдары кімдер?
А) Н. Сауранбаев, М. Балақаев
В) А. Аманжолов, Ғ. Айдаров
С) К. Мұсаев, К. Ысқақов
D) С. Аманжолов, С. Кеңесбаев
Е) Ә. Қайдаров, Ө. Айтбаев
$$$ В. Томсен Орхон жазуының “кілтін” тапқанда ең әуелі қай сөзді оқыды?
А) Күлтегін
В) Тоныкөк
С) көк
D) түркі
Е) тәңірі
$$$ Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуы қанша жолдан тұрады?
А) 13
В) 20
С) 23
D) 35
Е) 40
$$$ Күлтегін ескерткішін алғаш тауып, ғылымға мәлім қылған кім?
А) Н. Ядринцев
В) В. Томсен
С) Г. Гейкель
D) В. В. Радлов
Е) К. Кэмпбелл
$$$ Күлтегін жырының авторы кім болып есептеледі?
А) Күлтегіннің өзі
В) Білге қаған
С) Тоныкөк
D) Иолығ тегін
Е) белгісіз
$$$ Күлтегін жырын көркем аударып жырлаған қазақ ақыны кім?
А) Ф. Оңғарсынова
В) М. Мақатаев
С) О. Сүлейменов
D) Қ. Мырзалиев
Е) Қ. Шаңғытбаев
$$$ Күлтегін жырындағы Тоныкөк кім болған?
А) қолбасы
В) ақын
С) қаған
D) кеңесші
Е) шебер
$$$ Орхон ескерткіші туралы ғылымға қашан мәлім болды?
А) XY ғ.
В) XVIII ғ.
С) XX ғ.
D) XIX ғ.
Е) XVI ғ.
$$$ Қорқыттың әңгімелері қай ғасырда «Қорқыт ата кiтабы» деген атпен жазылып, хатқа түседi?
A) 13 ғ;
B) 12 ғ;
C) 15 ғ;
D) 16 ғ;
E) 14 ғ.
$$$ «Қорқыт ата кiтабы» қандай желiде жазылған шығарма?
A) ертегi негiзiнде;
B) аңыздар негiзiнде;
C) естелiктер негiзiнде;
D) көзiн көргендердiң айтуы бойынша;
E) осылардың барлығының негiзiнде.
$$$ «Инабатты болса, әйел көрiктi, ақ сақалы жарасқан шал көрiктi. Сүйiктi болса, ағайын көрiктi. Үлкен шаңырақтың қасында отау көрiктi» деген нақыл сөздер қай кiтапта кездеседi?
A) «Кодекс куманикусте»;
B) «Қорқыт ата кiтабында»;
C) «Диуани хикмет»;
D) «Оғыз намада»;
E) «Диуани лүғат ат – түрiкте».
$$$ «Қорқыт ата» кiтабында неше жыр бар?
A) 7 жыр;
B) 10 жыр;
C) 12 жыр;
D) 16 жыр;
E) 18 жыр.
$$$ Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы қай кітапта жазылған?
А) «Диуани хикметте»
В) «Қорқыт ата кітабында»
С) «Кодекс куманикуста»
D) «Махаббат намада»
Е) «Оғыз намада»
$$$ Бамсы-Бейректің ерлігі туралы қай шығармада айтылады?
А) «Диуани хикметте»
В) «Кодекс куманикуста»
С) «Махаббат намада»
D) «Оғыз намада»
Е) «Қорқыт ата кітабында»
$$$ «Оғыз наманың» негізгі кейіпкері кім?
А) Ай қаған
В) Күн
С) Теңіз
D) Оғыз қаған
Е) Үрім қағаны
$$$ «Оғыз нама» шығармасының идеясы қандай?
А) діни уағыз
В) шаруашылық
С) достық
D) махаббат
Е) ерлік, бірлік
$$$ Оғыз қағанның тұңғыш ұлының аты кім?
А) Тау
В) Ай
С) Күн
D) Жұлдыз
Е) Көк
$$$ «Оғыз нама» жырында Оғыз қаған кімнің елін шабады?
А) Үрім қағаны
В) Алтын хан
С) Ұлық Орда
D) Жосық білік
Е) Темір қағыл
$$$ Оғыз қағанның кеңесші, шешені кім?
А) Ұлық Түрік
В) Тоныкөк
С) Қорқыт
D) Қыпшақбек
Е) Ай қаған
$$$ «Оғыз қаған» жыры қай ғасырдан бастап қағаз бетіне түсе бастайды?
А) XIY ғ. бастап
В) XIII ғ. бастап
С) XX ғ. бастап
D) XI ғ. бастап
Е) XVғ. Бастап
$$$ Әбу Насыр әл-Фараби қай жылы қай қалада дүниеге келген?
А) 670 ж.Сайрамда
В) 870 ж. Отырарда
С) 950 ж. Фарабта
D) 790 ж. Испиджапта
Е) 780 ж. Түркістанда
$$$ Әл-Фараби өзінің айтуынша неше жұрттың тілін білген?
А) 65
В) 75
С) 56
D) 70
Е) 25
$$$ Мына өлең жолдары кімдікі?
Кешір мені, туған жер,
Сені артқа тастадым.
Кешір мені, туған жер,
Жолды алыс бастадым.
А) Ибн-Сина
В) Әл-Хорезми
С) А.Яссауи
D) Әл-Фараби
Е) Құтып
$$$ Әл-Фараби Сирияда қай әмірдің қарамағында болды?
А) Әбд-әл-Хасан
В) Сайф-әл-Даула
С) Әл-Мутабби
D) Ибн Халлилақан
Е) Әбу Науас
$$$ Әл-Фараби ақындарды қанша топқа бөледі?
А) 2
В) 4
С) 5
D) 3
Е) 6
$$$ Мынау кімнің өлеңі?
...Сонда да беріп кетеміз
Жүректің отын молында.
Арманды қуып өтеміз
Біз ұлы мұрат жолында
А) А.Яссауи
В) Әл-Фараби
С) Хорезми
D) С.Сарайи
Е) Дүрбек
$$$ «Диуани лұғат-ат-түрік» кімнің шығармасы?
А) Әл-Фараби
В) М.Қашқари
С) А.Иүгнеки
D) А.Яссауи
Е) С.Бақарғани
$$$ «Диуани лұғат-ат-түрік» қандай шығарма?
А) Батырлар туралы жыр
В) Түркі тілдерінің сөздігі
С) Махаббат туралы жыр
D) Батырлық дастан
Е) Еңбек туралы
$$$ «Түркі ұлыстарының ерте дәуірден бергі бастарынан кешкендерін сараптап, атадан балаға мирас боп келген, зер шеккен әдемі сөз өрнектерін теріп шықтым», - деп басталатын сөз кімнің кітабының алғысөзінен?
А) С. Бақырғани
В) А. Иүгнеки
С) М. Қашқари
D) А. Яссауи
Е) С. Сарайи
$$$ Махмұт Қашқари қай қалада туылды?
А) Қашқарда
В) Хорезмде
С) Фарабта
D) Отырарда
Е) Барысқанда
$$$ М. Қашқари өзіне кімнің еңбегін үлгі тұтқан?
А) Ж. Баласағұнның “Құдатғу білігін”
В) Қ. Жалаиридың “Жамиғ-ат- Тауарихын”
С) Халил бин Ахметтің “Китап ул-айниін”
D) Әбілғазының “Түрік шежіресін”
Е) С. Бақырғанидың “Ақырзаманын”
$$$ «Диуан» жырының екінші тарауы нені жырлайды?
А) ұйғырлармен күресті
В) ерлердің ерлігін
С) ғашықтықты
D) серілікті
Е) нақыл сөздер
$$$ «Құтты білік» неше тараудан тұрады?
А) 35
В) 36
С) 17
D) 73
Е) 44
$$$ Жүсіп Баласағұнның шығармасын ата
А) “Құдатғу білік»
В) “Диуани лұғат-ат-түрік”
С) “Кодекс куманикус”
D) “Оғыз нама”
Е) “Диуани хикмет”
$$$ Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүрген?
А) 7 ғ.
В) 9 ғ.
С) 11 ғ.
D) 13 ғ.
Е) 15 ғ.
$$$ “Құдатғу білік” қандай дастан?
А) махаббат дастаны
В) ерлік дастаны
С) діни уағыз, ғибрат өлеңдер
D) оғыздар туралы жыр
Е) даналық дастаны
$$$ “Құдатғу білік” дастанын Ж. Баласағұн неше жасқа келгенде, қанша уақытта жазып бітірді?
А) 50 жас, 18 ай
В) 30 жас, 40 күн
С) 40 жас, 16 ай
D) 45 жас, 1 жыл
Е) 55 жас, 15 ай
$$$ Ж. Баласағұн “Құдату білікті” аяқтаған соң оны кімге тарту етеді?
А) әкесіне
В) Боғра ханға
С) досына
D) Хұсайын ханға
Е) С. Бақырғаниға
$$$ А. Йүгнекидiң шығармасы қайсы?
A) «Оғызнама»;
B) «Диуани хикмет»;
C) «Шындық сыйы»;
D) «Кодекс куманикус»;
E) «Қүдатғу бiлiк».
$$$ «Шындық сыйы» дастанының мазмұны неше тараудан, неше бәйiттен тұрады?
A) 14 тарау, 235 бәйiт;
B) 15 тарау, 236 бәйіт;
C) 16 тарау, 337 бәйіт;
D) 17 тарау, 263 бәйіт;
E) 18 тарау, 532 бәйіт.
$$$ «Шындық сыйы» қай кiтапханадан табылды?
A) Қазан;
B) Ташкент;
C) Стамбул;
D) Орта Азия;
E) Хорезм.
$$$ «Шындық сыйы» дастанының 5-8 тарауларында не туралы айтылады?
A) аллаға құлшылық ету туралы;
B) Датбектiң қайырымды шах екендiгi туралы;
C) опасыз өмiрге қарсылық туралы
D) дүниеқорлық, малжандылық туралы;
E) бiлiмнiң пайдасы, адам ұстамдылығы туралы;
$$$ Ахмет Иүгнеки шығармасы қазақ тiлiнде бөлек кiтап болып нешiншi жылы шықты?
A) 1865 ж;
B) 1965 ж;
C) 1885 ж;
D) 1985 ж;
E) 1958 ж.
$$$ 1972 жылы жарияланған “Ахмет Иүгнекидiң «Хибатбул қағайық асари хакинда» атты талдау еңбектің авторы кім?
A) С.Малов;
B) Қ.Махмұдов;
C) Е.Бертельс;
D) Ә.Құрышжанов;
E) Б. Сағындықов.
$$$ Ахмет Иссауидiң дiни уағыз, ғибрат өлеңдер жинағы қалай аталады?
A) «Құдатғу бiлiк»;
B) «Диуани хикмет»;
C) «Кодекс куманикус»;
D) «Оғыз нама»;
E) «Диуани лұғат-ат түрiк».
$$$ Иассауи «хикметтерi» қазақ тiлiнде алғаш рет қай жылы, қай жерде басылды?
A) 1901 ж Қазан;
B) 1902 ж Ташкент;
C) 1903 ж Стамбул;
D) 1901 ж Стамбул;
E) 1902 ж Қазан.
$$$ Қожа Ахмет Иассауидiң әкесiнiң аты кiм?
A) Ахмет;
B) Ибрагим;
C) Арыстан;
D) Жүсiп;
E) Әзiрет.
$$$ Ертелi – кеш бүл дүние,
Барша жаннан өтпес пе?
Дүние малың бiр күнi,
Қолдарыңнан кетпес пе?- деген кiмнiң өлең шумақтары?
A) А. Иассауи;
B) А. Иүгнеки;
C) Хорезми;
D) С. Бағырғани;
E) Н. Рабуғази.
$$$ А. Яссауи қанша жасында қайтыс болған?
А) 59
В) 65
С) 70
D) 63
Е) 73
$$$ А. Яссауи қай әдебиеттің өкілі?
А) Реалистік
В) Хандық дәуір
С) Софылық
D) Романтизм
Е) Көне түркі
$$$ Хакiм атаның шын аты кiм?
A) А. Иүгнеки;
B) Хорезми;
C) Насыридин Рабғузи;
D) Сайф Сарайи;
E) Сүлеймен Бақырғани.
$$$ Хакiм ата неше жасында қайтыс болды?
A) 82;
B) 63;
C) 74;
D) 101;
E) 96.
$$$ С. Бағырғанидың шығармасы?
A) «Оғызнама»;
B) «Диуани хикмет»;
C) «Ақырзаман»
D) «Қүдатғу бiлiк»;
E) «Шындық сыйы».
$$$ «Ақыр заманның» негiзгi кейiпкерi кiм?
A) Мүса Пайғамбар;
B) Мүхаммед Пайғамбар;
C) Ұстазы Иассауи;
D) Боғрахан;
E) Иса Пайғамбар.
$$$ Үзінді қай шығармадан?
Жерді, көкті, жұлдызды, күнді, айды,
Барлық пайғамбар, әулиелерді құдай жаратты.
Оларды құдіреттің өзі тергейді,
Өмір не өлім жазасын бұйырады...
А) С. Бақырғани “Ақырзаман”
В) А. Яссауи “Диуани хикмат”
С) М. Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік”
D) Хорезми “Мұхаббатнама”
Е) С. Сарайи “Гүлстан бит турки”
$$$ XII ғасырда жазылған діни-фантастикалық туынды қайсы?
А) А.Яссауи “Диуани хикмат”
В) М.Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік”
С) С.Бақырғани “Ақырзаман”
D) Хорезми “Мұхаббатнама”
Е) С.Сарайи “Гүлстан бит турки”
$$$ Насреддин Бұрханаддин кімнің шын аты?
А) Рабғузы
В) Хорезми
С) Сарайи
D) Қашқари
Е) Құтып
$$$ Рабғузидың шығармасын көрсет:
А) “Қиссас ул-әнбия”
В) “Бабыр нама”
С) “Мұхаббат нама”
D) “Гүлстан”
Е) “Ақырзаман”
$$$ “Қиссас ул-әнбия” қанша аңыз-әңгімеден құралған?
А) 65
В) 50
С) 72
D) 75
Е) 66
$$$ “Қиссас ул-әнбияның” ең ескі көшірмесі қайда сақтаулы тұр?
А) Британ музейінде, С.-Петербург кітапханасында
В) Каирда
С) Стамбулда
D) Венада, Будапеште
Е) Рим кітапханасында
$$$ Рабғузы қашан өмір сүрген?
А) 13-14 ғғ.
В) 11-12 ғғ.
С) 13-14 ғғ.
D) 14-15 ғғ.
Е) 10-11 ғғ.
$$$ 1310 жылы (710 қыжыра) Насреддин Тоқбұғы деген кісіге арнап жазылған кітап қайсы?
А) “Қиссас ул-әнбия”
В) “Бабыр нама”
С) “Мұхаббат нама”
D) “Гүлстан”
Е) “Ақырзаман”
$$$ «Кодекс куманикустың» авторы кiм?
A) Ж. Баласағүни;
B) М. Қашғари;
C) А. Иассауи;
D) авторы белгiсiз;
E) А. Иүгнеки.
$$$ «Кодекс куманикус» қолжазбасы қайда сақтаулы?
A) Венециядағы Мерк әулие кiтапханасында;
B) Вена сарай кiтапханасында;
C) Қолжазба жоғалып кеткен;
D) Италияда;
E) Уфада.
$$$ 1880 жылы «Кодекс куманикусты» латын тiлiне аударып, Будапешт қаласында бастырып шығарған кiм?
A) Датил Корнидес;
B) Генрих Клапорт;
C) Геза Кун;
D) Карл Гренбек;
E) Владимир Дримба.
$$$ 1950 жылдан бастап «Кодекс куманикусты» зерттеумен шұғылдана бастаған қазақ лингвист ғалымдары кiмдер?
A) Н. Сауранбаев, А. Құрышжанов;
B) Т. Сайранбаев, А. Қыраубаева;
C) Ә. Марғүлан;
D) Г. Сапарғалиев;
E) А. Таукелов.
$$$ «Қазақ Ордасының құрылуы – бұрыннан қалыптасқан этникалық бірліктің енді саяси тұрғыдан көрініс табуы» қай зерттеушінің сөзі?
A) Г.И.Потанин
B) В.В.Радлов
C) С.А.Токарев
D) В.И.Жирмунский
E) Л.З.Будагов
$$$ Хандық дәуір әдебиеті қай ғасырлар аралығын қамтиды?
A) XV – XVIII ғғ.
B) ХІХ- ХХ ғғ.
C) ХІV- XIX ғғ.
D) VIII- XV ғғ.
E) XV-XIX ғғ.
$$$ «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» кітабының авторы кім?
A) Қ.Жұмалиев,
B) Р.Бердібаев
C) Т.Кәкішев
D) М.Мағауин
E) З.Қабдолов
$$$ Сүйінішұлы Қазтуғанның туған жері:
A) Ұлытауда
B) Сарыарқа жерінде
C) Шу бойында
D) Сыр елінде
E) Еділдің Ақтұма Бозақ деген жерінде
$$$ «Мен өзім Бабай Омар баласы едім» кімнің өлеңі?
A) Қазтуған
B) Жиембет
C) Доспамбет
D) Шалкиіз
E) Үмбетей
$$$ «Қазтуған» толғауының авторы:
A) Нұрым Шыршығұлұлы
B) Мұрат Мөңкеұлы
C) Орынбай Бертоғашұлы
D) Дулат Бабатайұлы
E) Шортанбай Қанайұлы
$$$ «Қилы –қилы заман болар,
Қарағай болып шортан шалар» - кімнің өсиетті сөзінен?
A) Қазтуған
B) Бұқар
C) Асанқайғы
D) Доспамбет
E) Жәнібек
$$$ «Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім өкінбен» - кімнің өлеңінен үзінді ?
A) Қазтуған
B) Бұқар
C) Асанқайғы
D) Доспамбет
E) Жәнібек
$$$ «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» қай жылы жарық көрді?
A) 1912 ж.
B) 1915 ж.
C) 1921 ж.
D) 1913 ж.
E) 1914 ж.
$$$ «Арғымақтың баласы,
Арыған сайын тың жортар» кімнің толғауы?
A) Доспамбет
B) Ақтамберді
C) Қазтуған
D) Үмбетей
E) Шалкиіз
$$$ «Халық есінде атақты, тамаша философ болып сақталғаны - Асанқайғы» кімнің сөзі?
A) С.Мұқанов
B) Ш.Уәлиханов
C) С.Сейфуллин
D) М.Мағауин
E) Е.Ысмайылов
$$$ «Ертедегі әдебиет нұсқалары» қай жылы жарық көрді?
A) 1969 ж.
B) 1967 ж.
C) 1966 ж.
D) 1965 ж.
E) 1956 ж.
$$$ Ә. Марғұлан Сыпыра жырауды қай рудан шыққан деп жазды?
A) ноғай
B) қыпшақ
C) қарақалпақ
D) өзбек
E) қырғыз
$$$ «ЕрТарғын» , «Едіге» , « Қырымның қырық батыры» жырларында қай жыраудың есімі кездеседі?
A) Қазтуған
B) Бұқар
C) Сыпыра
D) Доспамбет
E) Кетбұға
$$$ Зерттеушілер жыраулар поэзиясының даму, қалыптасу тарихын қанша кезеңге бөліп қарастырады?
A) 6 кезең
B) 2 кезең
C) 5 кезең
D) 3 кезең
E) 4 кезең
$$$ Кетбұға жырау шамамен қай ғасырда өмір сүрген?
A) ХҮ ғ.
B) ХІІІ ғ.
C) ХІҮ ғ.
D) ХҮІ ғ.
E) ХІІ ғ.
$$$ Шыңғысханға баласы Жошының өлгені туралы қаралы хабарды кім жеткізді?
A) Асан
B) Қазтуған
C) Кетбұға
D) Сыпыра
E) Бұқар
$$$ Асанқайғының баласының атын ата ?
A) Айбар
B) Айдар
C) Абад
D) Сәбит
E) Жантай
$$$ Жаманмен жолдас болсаңыз
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер. – деген нақыл сөздер кімдікі?
A) Бұқар
B) Доспамбет
C) Шалкиіз
D) Асанқайғы
E) Қазтуған
$$$ Хандық дәуір әдебиетінің жиналу, зерттелу жайы қай ғасырдан басталады?
A) ХҮІІІ ғ.
B) ХІХ ғ. ІІ жартысы
C) ХІХ ғ. І жартысы
D) ХҮІІІ ғ. ІІ жартысы
E) ХХ ғ. 1920 ж. бастап
$$$ Бұқар жырау шығармашылығын зерттеушілер:
A) С.Мұқанов, Р.Бердібаев
B) М.Көпеев, М.Мағауин
C) С.Қирабаев, З.Қабдолов
D) Ә.Еспембетов, М.Жармұхаметов
E) М.Базарбаев, Қ.Жұмалиев
$$$ Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін?
Қырда жүрген дуадақ,
Су қадірін не білсін?» - деген өлең шумағы кімдікі?
A) Бұқар
B) Доспамбет
C) Асан қайғы
D) Көтеш
E) Үмбетей
$$$ «Алаң да алаң, алаң жұрт» , «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі биік көк сеңгір» шығармалары кімдікі?
A) Қазтуған
B) Шал
C) Марғасқа
D) Ақтамберді
E) Қожаберген
$$$ Қай жырау өз есіміне Аймадет сөзін қосып айтады?
A) Қазтуған
B) Кетбұға
C) Доспамбет
D) Бұқар
E) Асан қайғы
$$$ Бізге жеткен Доспамбет шығармалары шамамен қанша жол?
A) 125
B) 210
C) 160
D) 140
E) 150
$$$ «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясы қай жылы жарық көрді?
A) 1993 жыл
B) 1992 жыл
C) 1994 жыл
D) 1995 жыл
E) 1996 жыл
$$$ «Елім-ай» кімнің дастаны?
A) Көтеш
B) Шал
C) Қожаберген
D) Тәтіқара
E) Бұқар
$$$ «Күнінде мендей жырлайтын,
Тоқсан үште қария,
Енді бір саған табылмас» - деген жолдардың авторы:
A) Жиембет
B) Бұқар
C) Қазтуған
D) Үмбетей
E) Асан қайғы
$$$ «Доспамбет өмірдің өкініші мен шүкіршілігі туралы көп толғаған жырау» қай ғалымның пікірі?
A) Ә.Дербісәлин
B) М.Мағауин
C) З.Сейітжанов
D) Ж.Тілепов
E) Ө.Күмісбаев
