Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

18.Оңтүстік Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.

Оңтүстік Азия Үндістан, Пәкістан, Бангладеш Үндістанда жауын-шашынның мол түсуі мен таулы бедерінің қолайлылығы су ресурстарының айтарлықтай мол болуына септігін тигізеді. Кӛптеген ӛзендердің жылдық су ағынының 80% жаздық муссонның әрекетімен қалыптасады, сондықтан да, ең жоғарғы су ӛтімі, мұздықтық су ағынының айтарлықтай үлесін қоспағанда, ең тӛменгі су ӛтімінен 30 есеге асады. Үндістанның басты ӛзені – су алабының айтарлықтай кӛлеміне ие қасиетті Ганг ӛзені болып табылады, бірақ ол ұзындығы бойынша Инд және Брахмапутра ӛзендерінен қалып қояды. Ганг ӛзені оңтүстік Гималайдағы Заскар жотасының Нандадеви (7816 м) тауының 4500 м биіктіктегі мұздықтарынан бастау алады. Ганг ӛзенінің жазықтық бӛлігінде, ӛздері де ірі ӛзендер болып табылатын Джамна, Гумти, Гхагхра, Гандак, Сон және т.б салалары келіп қосылады. Ганг ӛзені тӛменгі ағысында, Бангладеш аумағында Брахмапутрамен қосылып, Бенгаль шығанағына құяр жерде үлкен атырау түзеді. Ганг ӛзенінің ұзындығы 2700км, ӛзен алабының ауданы 1060 мың км2, орташа жылдық су ӛтімі 38000 м3/с шамасында. Сулылығы бойынша Ганг ӛзені әлемде үшінші орын алады (Амазонка мен Конгодан кейін). Елдің солтүстік-батысындағы ірі ӛзен, бастауын Қытайдан алып, ары қарай Пәкістан аумағынан ағатын Инд ӛзенінің жоғарғы бӛлігі және оның саласы Сатледж болып табылады. Түбектің орталық бӛлігінен батысқа – Араб теңізіне Нармада ӛзені ағады, ал Батыс Гаттардың шығыс беткейлерінен (түбектің батыс жағалауы) Бенгаль шығанағына Годовари, Кришна, Каверн ӛзендері құяды. Елдің солтүстік-шығысында Брахмапутра ӛзені ағады, ол Бангладеш аумағында Ганг ӛзенімен қосылады. Пәкістанның ӛзендер желісі, Белуджистанның тұйық, ішкі аудандарын қоспағанда, Араб теңізіне қарай ағатын Инд жүйесіне жатады.

19.Оңтүстік-Шығыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.

Оңтүстік-шығыс Азия Үндіқытай түбегі: Бирма, Лаос, Тайланд, Кампучия, Вьетнам. Әлемнің аса ірі ӛзендерінің бірі - Меконг, Қытайдан бастау алып, солтүстіктен оңтүстікке қарай Үндіқытай түбегін кесіп ӛтеді де Оңтүстік Қытай теңізіне құяды. Оңтүстік-шығыс Азияның екінші ірі ӛзеніне Бирма аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп ӛтетін Иравади жатады. Иравади түбегінің батысы мен Меконгтың шығысындағы ӛзендердің алаптары аралығында, Бирманың шығыс бӛлігінде Салуин ӛзенінің су алабы орналасқан. Салуин ӛзені де Иравади ӛзені сияқты Үнді мұхитының Андаман теңізіне құяды. Меконг ӛзені Тибет таулы қыратынан бастау алады (ҚХР) және Лаосқа қарай ағып ӛтеді. Меконг ӛзенінің жалпы ұзындығының үштен бір бӛлігі немесе орта ағысының барлығы дерлік Лаос пен Тайландтың шекарасы болып келеді. Та, У, Донг, Лик, Нгум сияқты ірі салалары келіп қосылады. Ал Лаостың орталық және оңтүстігінде Меконг ӛзеніне Бангфай, Бангхианг, Дон, Конг, Тхэн салалары қосылады. Муссондық климат аймақтағы ӛзендердің жаздық су басуына және қыста судың сабаға түсуіне ықпал етеді. Меконгтың Таиландтық оң жақ жағалаудан келіп құятын Наммум және Намси ӛзендерінде, жазғы жаңбыр кезеңінде Меконг ӛзенінен су тасқындардың пайда болуына алып келетін кері ағыстың орын алуы жиі байқалады. Меконг ӛзені тӛменгі ағысында Лаостың, Камнучияның оңтүстік оудандарын кесіп ӛтеді Вьетнамның оңтүстік бӛлігінде атырау түзеді. Меконг ӛзенінің жалпы ұзындығы, шамамен 4400 км. Ӛзеннің тасқындық су ӛтімі 100 мың м3/с шамасында, ал сабасына түскен кезде 4 мың м3/с құрайды. Меконгтың сағалық бӛлігіне бірнеше кішігірім ӛзендер құяды, оларға Хошимин (Сайгон) қаласы орналасқан Донгнай және Сайгон ӛзендері жатады.. Вьетнам ӛзендерінің үлкендігі жӛнінен екінші орында тұрған Хонгха ӛзені Қытайдың тауларынан бастау алады және оның ұзындығы 1800 км. Вьетнамда оның тӛменгі ағысының үштен бір бӛлігі орналасқан. Мұнда оның тасқындық су ӛтімі 30 мың м3/с, ал ал сабасына түскен кезде 700 м3/с жетеді. Үндіқытайдың ірі ӛзендерінің қатарына Менам ӛзені де жатады, ол Тайландтың ең үлкен ӛзені болып табылады (жергілікті атауы Чао-Прайя-«ӛзендер анасы»). Ӛзен ұзындығы, ең үлкен саласы Пингты қоса алғанда 1200 км, ал ӛзен алабының ауданы 150 мың км2 шамасында. Менам ӛзені Сиам шығанағына құяды, ал атырауының ені 135 км жетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]