Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

16.Шығыс және Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі (Монғолия).

Монголия Монғолияның көптеген өзендері Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттық алаптарға жатады.Олардың ішіндегі ең ірілері Селенга және оның саласы Орхон, олар Хангай тауларынан бастау алады. Селенга өзені Хангай-Хэнтэй таулы ауданының аумағы арқылы өтіп, Сібірде Байқал көліне құяды. Бұл өзендер қар және жаңбыр суларымен қоректенеді, су режимінде екі су тасқындық кезең – көктемде және жазда байқалады. Суы мол кезең жазда, жаңбырлы кезеңде байқалады.

Амур алабының өзендеріне Хэнтэя тауынан бастау алатын Онон мен Керулен өзендері және Үлкен Хингана тауынан бастау алатын Халхин-Гол өзені жатады. Монғолияның батыс және оңтүстік-батыс тауларындағы өзендер тауаралық қазаншұңқырларда ағады және олар мұхиттық алапқа жатпайды. Мұндай өзендерге Монғол Алтайы мен Дзабхан және Тэс тауларынан бастау алатын, Батыс Хэнгайдан ағып 26 өтетін Кобдо өзенін атауға болады. Монғолияда мыңдаған тұрақты және жаңбыр кезінде пайда болатын кӛптеген уақытша көлдер бар. Айтарлықтай тұрақты кӛлдер реликті (қалдықты) болып табылады. Мысалға, мұндай көлдерге елдің батыс бөлігінде орналасқан Үлкен көлдер – Убсу-нур, Хара-ус-нур, Хиргис-нур, Хара-нур және т.б. жатады. Ең терең көл Монғолияның солтүстігіндегі Хангай тауларындағы тектоникалық ойпатта пайда болған Хубсугул көлі (238 м дейін). Кытай Қытайдың су ресурстарымен қамтамасыздығын гидрографиялық желілердің жиілігі мен беткі ағын сулары айтарлықтай кӛп кездесетін шығыс бӛлігі мен құрақшылық басым батыс бӛлігін атауға болады. Шығыс Қытайдың ең ірі ӛзендері – Хуанхэ, Янцзы и Сицзян жатады және бұл ӛзендер әлемнің аса ірі ӛзедері болып табылады. Янцзы ӛзенінің ұзындығы 5520 км, ӛзен алабының ауданы 1800 мың км2, орташа жылдық су ӛтімі 31000 м3/с құрайды. Мұндағы ӛзендердің режимі су ағынының жыл ішінде, ең жоғарғысы жаз кезеңінен ең тӛменгісі жылдың құрғақшылық кезеңіне ӛтетін, әрқилылығымен ерекшеленеді. Батыс бӛлігінде ӛзендер аз. Ӛзендер аз сулы және ағынсыз ойпаттарда сарқылады немесе құмға сіңіп кетеді. Кӛптеген ӛзендердің арналары сайра деп аталатын құрғақ ӛзендерге жатады, олар тек жаңбырдан кейін суға толады. Тұрақты су ағынына таулардағы қаректену типі қар болып табылатын ӛзендер ғана ие. Олардың ең ірілері Тибет таулы қыратының оңтүстігі мен шығысынан бастау алады. Бұлар Азияның ұлы ӛзендері – Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд. Ішкі Азияның аса ірі Тарим ӛзені Тарим ойпатының құмдарын басып ӛтіп, Лобнор кӛліне дейін ағады.

17.Орталық Азия өзендерінің гидрологиялық режимі

Ірі өзендері Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі (Моңғолия мен Жоңғар жазығында) мен оңтүстігінде (Тибетте) көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері: Кукунор (аумағы 4200 км²), Убсу-Нур (аумағы 3350 км²), Балқаш (17,7 мың км²); тұщы көлдері: Хубсугул (аумағы 2620 км²), Хар-Ус-Нур (аумағы 1486 км²), Зайсан (1,79 мың км²), Бақырашкөл (аумағы1380 км²), Далайнор (аумағы 1100 км²)  Хуанхэ, Сары өзен — Азияның ең ірі өзені, Қытайдың шығыс бөлігінде. Суы тым лайлы болуынан “Сары өзен” аталған. Ұзындығы 4845 километр, су жиналатын алабының ауданы 771 мың квадрат километр. Қрі салалары — Таохэ, Вэйхэ, Лохэ, Датунхэ, Фэньхэ, Циньхэ. Тибет таулы қыратының шығысындағы 4000 м биіктіктегі Баян-Хара-Ула жотасынан басталып, Сары теңіздің Бохайвань шығанағына атырау жасап құяды. Жоғарғы ағысында Куньлунь тау жүйесіндегі Орин-Нур және Жарин-Нур көлдері және Наньшань тауларының сілемдері арқылы ағады. Орта ағысында қырқалы Ордос және Ллсс үстірттері арқылы үлкен ирелең жасап, Шаньси тауларынан терең шатқалдармен (Саньмынься, т.б.), төменгі ағысындағы соңғы 700 километрді Ұлы Қытай жазығы арқылы ағады. Орташа су ағымы 2000 куб метр/секунд; режимі муссондық. Янцзы, Янцзыцзян, Чанцзян, Көгілдір өзен – Еуразия құрлығындағы ең ұзын және мол сулы өзен, Қытай жерінде. Ұзындығы 5800 км, су жиналатын алабының аумағы 1808,5 мың км2. Бастауын Тибет таулы қыратының орталық бөлігіндегі 5500 метр биіктіктегі Танглажәне Кукушили жоталарындағы мұздықтардан алып, Шығыс Қытай теңізіне атырау жасап (ауданы 80 мың км2) құяды. Янцзы аңғар, арна және ағын ерекшеліктеріне қарай 3 бөлікке бөлінеді: жоғарғы ағысы – бастауынан Ибинь қаласына дейін (2700 км), орта ағысы – Ичан қаласына дейін (1020 км) және төмен ағысы – атырауына дейін (2080 км). Жоғары ағысында терең, тар шатқалмен суқұлама жасап ағады, еңісі 5 мың метрден асады. Орта ағысы қырқалы Сычуань қазаншұңқыры және қатпарлы жоталар үстімен өтеді, еңісі 251 метр, орташа ені 300 – 600 метр, шатқалдардағы тереңдігі 80 – 110 мтр, ағыс жылдамдығы 5 – 7 м/с. Төмен ағысы аллювийлікЦзянхань және Солтүстік Қытай жазығының оңтүстік бөлігімен ағады. Еңісі 80 метр, орташа ені 600 метрден 2 км-ге дейін, ағыс жылдамдығы 1 м/с. Ірі салалары Ялунцзян, Миньцзян, Цзялинцзян, Ханьшуй (Цзюйхэ). Оң жақ жағалауындағы Дунтинху, Поянхукөлдері өзеннің су ағысын реттеп отырады. Орташа су ағымы 34 мың м3/с; су режимі муссондық; жазда су деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 10 метрге дейін көтеріледі. Меконг — Үндіқытай түбегіндегі (Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Мьянма, Тайланд) ең ірі өзен. Өзен 4500 километр, су жиналатын алабы 810 мың километр квадрат Тибет таулы үстіртінің Тангла жотасынан басталып, Кампучия жазығымен ағып, Оңтүстік Қытай теңізіне кең атырау (70 мың километр квадрат) жасап құяды. Негізгі салалары — Мун, Тонлесап (оң), У, Тхен, Сан (сол). Жоғары және орта ағысы терең, түбі тар, шоңғалды шатқалмен, төмен ағысы кең аллювийлі жазықпен өтеді. Тонлесап саласы өзенді Тонлесап көлімен жалғастырады. Жаңбыр және қар суымен толығады. Су шығыны төмен ағысында тамызда — 30 мың метр куб/секунд, сәуірде — 1500 метр куб/секунд. Жылдық су деңгейінің ауытқуы 10 — 15 метр. Өзен өте көп мөлшерде ерітінді тосқындар (жылына 1,5 километр куб) алып келуіне байланысты, атырауы үнемі өсіп отырады (жылына 80 — 100 метр)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]