Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

29. Ресейдің Солтүстік өлкесінің өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра, орманды-тундра және тайга зоналарын алып жатқан, қарастырылып отырған аумаққа жазықтық сипат тән. Мұнда Онега, Солтүстік Двина, Мезень және Пегора ӛзендерінің алаптары орналасқан. Солтүстік Двина – Сухона және Юга ӛзендерінің қосылуынан түзіліп, Ақ теңіздің Двина кірмесіне құятын Солтүстік ӛлкедегі ірі ӛзен. Ӛзен ұзындығы 744 км, Сухонамен қоса алғанда1314 км, су жинау алабының ауданы 357 мың км2. Ӛзен атырауының ауданы 9000 км2, ол бес негізгі тармақтан және кӛптеген тармақшалардан тұрады. Сағалық бӛлігінің орташа жылдық су ӛтімі 3490 м3/с (110 км3 жылына) тең. Ӛзендер негізінен еріген қар суларымен қоректенеді (жылдық ағынның 60%). Солтүстік Двинаның басты оң салаларына Вычегда және Пинега, сол саласына Вага ӛзені жатады.

Ӛзен қараша айының бірінші жартысынан сәуір айының соңына – мамыр айының басына дейін қатып жатады. Печора Солтүстік Орал тауларының батыс беткейлерінен бастау алып, Баренц теңізінің Печора кірмесіне құяды. Ӛзен ұзындығы 1809 км, ӛзен алабының ауданы 322 мың км2. Печора аймақтағы ең суы мол ӛзен болып табылады, оның орташа жылдық су ӛтімі 4000 м3/с (126 км3 жылына). Оң жақ жағалаудан келіп құятын негізгі салаларға – Илыч, Щугор, Уса, сол жалаудан келіп құятын салаларға – Кожва, Ижма, Пижма, Цильма, Сула ӛзендері жатады. Ӛзендер еріген қар сулары есебінен қоректенеді – жылдық ағынның 60%, сондай-ақ ӛзен қоректенуінде жаздық-күздік жаңбырлардың да маңызы зор. Аймақтағы басқа ӛзендермен салыстырғанда, ӛзен суларының лайлығы жоғары. Онега ӛзені Лача кӛлінен бастау алып, Ақ теңіздің Онега кірмесіне құяды. Ӛзеннің ұзындығы 416 км, Лача және Вожже кӛлдерінің су жинау алаптарымен қоса алғандағы ӛзен алабының алабы 56,9 тыс.км2 тең. Сағалық бӛлігіндегі орташа жылдық су ӛтімі 505 м3/с, ең жоғарғысы - 4530 м3/с, ең тӛменгісі - 82,6 м3/с. Ӛзеннің негізгі сол салаларына - Кена, Икса, Кожа, оң салаларына – Волошка және Моша ӛзендері жатады. Мезень ӛзені Тимман бұйратының батыс беткейлеріндегі батпақтардан бастау алып, Ақ теңіздің Мезень кірмесіне құяды. Ӛзен ұзындығы 966 км, ӛзен ауданының алабы 78 мың км2. Орташа жылдық су ӛтімі 886 м3/с тең, ең жоғарғысы 9530 м3/с. Кӛктемгі су басу мамыр-маусым айларында, жаңбырлық су тасқындар жазда және күзде байқалады. Солтүстік ӛлкедегі ең ірі кӛлдер - Вожже, Лача және Кубень кӛлдері. Лача және Вожже таяз кӛлдері Онега ӛзені алабында орналасқан. Вожже кӛлі су айдынының ауданы 416 км2 құрайды, ұзындығы 64 км, ең терең жері 4,5 м. Кӛлдер ауқымды батпақтанған жерлердің орталық бӛлігінде орналасқан. Кубень кӛлі аймақтың оңтүстік-батыс бӛлігінде орналасқан, оның ауданы 407 км2 құрайды, ұзындығы 54 км, ең терең жері 15 м. Кӛлге шамамен 80 сала келіп құяды, Сухона ӛзені ағып шығады.

30. Ресейдің Қиыр Шығысы

Ресейдің Қиыр Шығысы, Шығыс Сібір тәрізді, жер бедері қатты тілімденген таулы аумаққа жатады. Аймақтың климаты муссондық сипатқа ие. Құрлықтан мұхитқа бағытталған қысқы муссон Шығыс Сібірден ауа райы суық, құрғақ және бұлсыз суық континентальды ауаны алып келеді. Жазғы муссон ауа райы жаңбырлы және салқын үлкен ылғалды ауаны және нӛсерлі жауын-шашынды алып келеді. Ең кӛп жауын-шашын аймақтың оңтүстік аудандарына жылына 600-800 мм түседі. Жағалаудан алыстаған сайын жауын-шашын мӛлшері азаяды. Ресейдің Қиыр шығысының ӛзендері Тынық мұхитының - Беринг, Охот және Жапон теңіздерінің алаптарына тиеселі. 25

ресейдің Қиыр шығысы ӛзендерге бай. ӛзен желісінің жиілігі мұнда км/км2

жетеді. Ауданның негізгі ӛзендері Амур және оның салалары – Зея, Бурея және Уссури. Солтүстік-шығысында Анадырь ӛзені ағады. Амур ӛзені Аргунь мен Шилка ӛзендерінің бірігуінен пайда болып, эстуарий құра Татар бұғазының Амур лиманнына құяды. Аргунь мен Шилка ӛзендерінің бірігуінен бастап ӛзеннің ұзындығы сағасына дейін 2824 км, Аргунь ӛзеннен есептегенде ұзындығы 4440 км құрайды. Алабының ауданы 1855 мың км2. Ӛзен Қытай Халық Республикасымен шекаралық болып табылады. Сағасындағы жылдық орташа су ӛтімі 10900 м3/с тең. Амур ӛзені тасқындық режимге ие. Ӛзеннің негізгі қоректенуі жаз мезгіліндегі жаңбырмен байланысты. Қармен қоректенуінің үлесі жылдық ағындының жоғарғы ағысындаа – 10-12 %-н, ал тӛменгі ағысында - 2- 6 %-н құрайды. Амур ӛзенінің негізгі салалары - Шилка, Зея, Бурея, Уссури, Аргунь ӛзендері. Зея ӛзені – Амур ӛзенінің ең суы мол сол жақ саласы, Становой жотасының оңтүстік беткейінен басталады. Сағасындағы жылдық орташа су ӛтімі 1900 м3/с тең. Ӛзеннің негізгі қоректену кӛздері, сонымен қатар, жазғы жауын-шашын болып табылады. Су тасуы сәуір айының аяғында басталады және жазғы жауын-шашындық су тасуы кезінде максималды су ӛтімдерімен қазан айына дейін жалғасады. Амурдың ӛлшемі жағынан екінші орындағы саласы Оң және Сол Бурея ӛзендерінің бірігуінен пайда болған Бурея ӛзені. Оң Бурея ӛзенінен есептегендегі ӛзеннің ұзындығы 739 км-ге тең, су жинау алабының ауданы 70,7 мың км2, сағасындағы жылдық орташа су ӛтімі 940 м3/с құрайды. Амурдың ірі оң жақ саласы оған Хабаровск қаласынан жоғары 40 км жерде құятын Уссури ӛзені. Ӛзеннің үлкен бӛлігі Қытаймен шекаралық болып жатыр. Ӛзеннің ұзындығы 897 км, су жинау алабының ауданы 193 мың км2. Жылдық орташа су ӛтімі 1150 м3/с құрайды. Анадырь ӛзені Анадырь қыратындағы 680 м биіктіктегі таулық кӛлден басталады және Беринг теңізінің Анадырь шығанағына құяды. Ӛзеннің ұзындығы 1150 км, су жинау алабының ауданы 191 мың км2. Жылдық орташа су ӛтімі 1680 м3/с тең. Ӛзенде қардың еруі салдарынан жоғары кӛктемгі су тасуы байқалады, жазғы-күзгі кезеңінде су тасуының максималды су ӛтімінен аспайтын жаңбыр тасқындары байқалады. Камчатка түбегінің ең үлкен ӛзені Срединный жотасының шығыс беткейінен басталатын және Тынық мұхитының Камчатка шығынағына құятын Камчатка ӛзені. Ӛзеннің ұзындығы 758 км, су жинау алабының ауданы 55,9 мың км2. Жылдық орташа су ӛтімі 980 м3/с тең. Ӛзеннің негізгі қоректену кӛзі жер асты сулары мен еріген сулар. Қиыр Шығыстың ең кӛлі – Ханка кӛлі, Приморский шетінің оңтүстік бӛлігінде Қытай шекарасында орналасқан. Су айдынының ауданы 4190 км2 ұзындығы 95 км, ені 70 км. Кӛл суы тайыз, тереңдіктерінің кӛпшілігі 1-3 м, максималды тереңдігі 10 м-ге жетеді. Кӛл Приханский ойпатындағы тектоникалық ойпаңында орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]