Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

31.Дүниежүзіні ірі өзендері

Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка,Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 155-і 100 км-ден, 4-нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м3, олардың ағын мөлшері 3460 м³/с. СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры – 170,6 млрд. кВт/сағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле (Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен – арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы – құнарлы топырақты шалғын

Сарқырама дегеніміз-биік кемерден құлап аққан су Д.ж ең биік сарқырама-Анхель 1054м Ориноко Д.ж ең ірі сарқырамалар жүйесі-Парана өзеніндегі Игуасу сарқырамасы 72м Д.ж ең суы мол өзен-Амазонка Д.ж ең ұзын өзен-Ніл 6671м Бөген дегеніміз-жасанды су қоймасы Канал дегеніміз- жасанды өзендер Мұздық дегеніміз- құрлықтағы тұщы судың жиынтығы Мұздықтар жабынды және тау мұздықтары болып бөлінеді Жабынды мұздық-98%, тау мұздық-2% Д.ж мұхиттың 15пайызын мұздықтар алып жатыр Құрлықтың 11 пайызын мұздықтар құрайды. Жер бетіндегі тұщы судың 97 пайызын мұздықтар мен айсберг құрайды. Адамзатты тұщы сумен қамтамасыз етеді-өзендер Планета халқының 1\3-не тұщы су жетіспейді. Мұхит суын тазартады-бактериялар Жер асты суы-жер қыртысында кездесетін сулар Жер асты сулары еріген мұздық, жауын-шашыннан пайда болады. 

Мисисипи Дүние жүзіндегі аса ірі өзендердің бірі. ұзындығы 3950 км, Миссуридің бастауынан есептегенде 6420 км. Алабы 3268 мың км2, орташа жылдық су ағымы сағасында 19000 м3/с. Ірі оң салалары – Миссури, Арканзас, Ред-Ривер, сол салалары – Висконсин, Иллинойс және Огайо. Миннесота штатындағы шағын көлден басталып, АҚШ-ты солтүстігінен оңтүстікке қарай өлы жазықтарды бойлап қиып өтеді де, Мексика шығанағына үлкен атырау жасап құяды. Миссисипи жыл сайын теңізге 360 миллион тұнба алып барады да атырауы Мексика шығанағының ішіне қарай жылына 100 метрдей жылжиды. Қар, жаңбыр суымен толығады. Оң салалары арқылы Сеңгір тауларынан, көбінесе, еріген қар суы, сол салаларымен жаңбыр суы келіп қосылады. Көктем мен жазда тасиды. Жоғарғы жағы қыста 3 – 4 ай қатады. Миссисипи өзен жүйесіндегі кеме жолының ұзындығы 25 мың км-ден асады. Каналдар арқылы өлы көлдер алабымен және Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасады. Өзен кемелеріСент-Пол қаласына дейін (3 мың км-ден артық қашықтыққа), теңіз кемелері Батон-Руж қаласына дейін қатынайды. Миссисипи және оның салалары өзен алабының оңтүстік қуаң аудандарында жер суаруға пайдаланылады. 

32Дүниежүзінің ірі көлдері

Көл (түркі тілді басқа халықтарда кель, гель, куль)- тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий,Арал теңіздері).[1] Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі –Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2

  • Африка — Виктория

  • Антарктида — Шығыс

  • Азия — тұзды: Каспий теңізі; тұщы : Байкал

  • Австралия — Эйр

  • Еуропа — тұзды: Каспий теңізі; тұщы : Ладож көлі

  • Солтүстік Америка — Мичиган-Гурон

  • Оңтүстік Америка — тұзды: Маракайбо; тұщы: Титикака

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]