- •2.Оңтүстік Америка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •3.Африка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •4.Батыс Еуропа (Германия, Австрия, Швейцария) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •5.Батыс Еуропа (Ұлыбритания мен Ирландия, Нидерланды және Бельгия, Франция) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •6.Солтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •7.Оңтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •10.Кавказ өзендерінің гидрологиялық режимі
- •11.Ресейдің өзендерінің гидрологиялық режимі
- •12.Ресейдің Еуропалық аумағының өзендерінің гидрологиялық режимі
- •13.Батыс Сібір өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •16.Шығыс және Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі (Монғолия).
- •17.Орталық Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •18.Оңтүстік Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •19.Оңтүстік-Шығыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •20.Оңтүстік-Батыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •21.Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •22.Аустралия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •23.Солтүстік Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Кар теңіз алабы).
- •24.Орталық Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Торғай, Сарысу).
- •25.Оңтүстік қазақстан өзендері
- •26.Шығыс Қазақстан және Шалқартеңіз ойпатының өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •27.Қазақстан ірі су қоймалары өте бай.
- •29. Ресейдің Солтүстік өлкесінің өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •30. Ресейдің Қиыр Шығысы
- •31.Дүниежүзіні ірі өзендері
- •32Дүниежүзінің ірі көлдері
6.Солтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания Финляндия – мыңдаған кӛлдер елі. Олардың жалпы саны 60 мыңнан астам және олар барлық ауданның 10% жуығын алып жатыр. Швеция ландшафттарына кӛп кӛлдер мен ӛзендердің жиі желісі тән. Мұнда Батыс Еуропадағы ең ірі Венерн кӛлі орналасқан. Кӛлдің жалпы ауданы 5500 км2, ең терең жері 100 м дейін жетеді. Норвегия да суы мол, бірақ айтарлықтай ұзын емес ӛзендер мен суы мол кӛлдер кӛптеп кездеседі. Норвегиядағы ең үлкен ӛзен – Геомма, оның ұзындығы 611 км құрайды.
7.Оңтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
Оңтүстік Еуропа. Испания мен Португалия Орталық Испанияның едәуір бӛлігін Месета үстірті алып жатыр (испан тілінде «меса» - үстел деген мағына береді). Бұл үстірттен Испанияның негізгі ӛзендері Гвадалквивир, Гвадиана, Тахо және Дуэро бастау алады, ал солтүстігінде Пиреней тауларынан Эбро ӛзені бастау алып, Солтүстік-шығыс Испания жазықтары арқылы Жерорта теңізіне құяды. Гвадалквивир және Гвадиана Гибралтар бұғазына, ал Тахо мен Дуэро Португалияны кесе отырып, шығыстан батысқа Атлант мұхитына құяды. Осылайша, Португалияның үш ірі ӛзендері – Дуэро, Тахо және Гвадиана Испания аумағында бастау алады. Италия Солтүстік Италияның шұрайлы жазықтары Альпі тауларының оңтүстік беткейлерінен бастау алып, елдің батысынан шығысына қарай аға отырып, Адриат теңізіне құятын По ӛзенінің сулары арқылы суландырылады. Апенин түбегіндегі Тиррен теңізіне құятын Арно және Тибр ӛзендері Апенин түбегінің орталық бӛлігінен бастау алады.
8.Шығыс Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
Шығыс Еуропа Польша Елдің басты ӛзендері – Висла мен Одра Балтық теңізіне құяды. Олардың екеуі де жауын-шашын мол түсетін елдің оңтүстігіндегі таулы белдеуден бастау алады. Ойпаттардағы қардың еруі нәтижесінде бұл ӛзендерде кӛктемгі су тасу (наурыз-сәуір) байқалады. Маусым мен шілде айларында таулы аудандарда кӛрініс беретін нӛсерлі жауындарға байланысты жазғы су тасқындары байқалады. Бұл ӛзендерге су ӛтімінің күрт ауытқулары тән, ең жоғарғы су ӛтімі ең тӛмегі су ӛтімінен 100-200 есе жоғары болады. Кейде кӛктемгі су басу мен жаздық су тасқыны бір уақытта байқалып, қауіпті тасқындардың туындауына әкеп соқтырады. Қыс мезгілінде Висла ӛзені екі ай, Одра ӛзені бір ай мұз құрсанады. Висла ӛзені оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып, елді екі бӛлікке бӛледі. Оның негізгі салалары оң жақ жағалаудан келіп құяды: жоғарғы ағысында – Дунаец және Сан салалары, орта ағысында – Буг саласы. Ӛзен жағалауында Краков, Варшава сияқты ірі қалалар орналасқан. Одра ӛзені елдің батыс аймақтары арқылы ағып ӛтеді және Германиямен бӛліп жатқан шекарадағы ӛзен болып табылады. Оның басты саласы ретінде оң жақ жағалаудан келіп құятын Варта ӛзенін айтуға болады.Чехия және Словакия Чехияның ӛзен желісі айтарлықтай жиі, дегенмен қандайда бір ірі немесе суы мол ӛзені жоқ. Чехияның негізгі ӛзені Влтава атты саласы бар Лаба ӛзені. Оның жағалауында Прага қаласы орналасқан. Ӛзен ағындысы жыл бойына қатты ӛзгеріске ұшырайды. Қыс мезгілінде ӛзендер белгілі бір уақыт аралығында қатып жатады. Словакия астанасы Братислава қаласы Дунай ӛзені жағалауында орналасқан. Дунай ӛзені Словакияның оңтүстік шекарасы бойынша 172 км аралығында ағып ӛтеді. Бұл жерде оған Вак және Морава ӛзендері келіп құяды. Словакияның ең ұзын ӛзені Вак Татрадан бастау алады. Венгрия Венгрия аумағы толықтай Дунай ӛзені алабында орналасқан. Солтүстігінде бұл ӛзен шығыстан батысқа қарай аға отырып, Славакиямен шектеседі. Содан соң үлкен иін түзе отырып, оңтүстік бағытта ағады да, елді толықтай кесіп ӛтеді. Дунай ӛзені иіннен кейін жазық бойынша ағады, оның ені бұл аумақта 400-500 м дейін жетеді. Дунай ӛзенінде екі суы мол кезең байқалады – кӛктемгі су басу және жаздық су тасқыны. Бұрынырақ кӛктемгі қардың еруі ӛзеннің жоғарғы жағында - Венгрия астанасы Будапешт қаласының бір бӛлігі Пештада қауіпті су тасқындарының орын алуына алып келетін. Қазіргі уақытта ӛзен ағындысы суқоймалары арқылы реттелген. Кейбір жылдары қыс мезгілінде ӛзен қатып жатады. Венгриядағы сулылығы жағынан екінші ӛзен Дунайдың саласы Тиса ӛзені, ол елдің шығыс бӛлігін солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп ӛтеді. Венгрияда Орталық Еуропаның ең ірі кӛлі – Балатон орналасқан. Кӛл айдынының ауданы 590 км2, орташа тереңдігі 3,0 м, ең терең жері – 11 м. Румыния және Болгария Румыния ӛзендері Карпат тауларынан бастау алып, аз сулылығымен ерекшеленеді. Елдің барынша ірі ӛзендерінде Молдовамен шекараласатын шығысында Прут ӛзені, оңтүстігінде Болгариямен шекараласатын Дунай ӛзені жатады. Дунай ӛзенінің оң жақ болгарлық жағалауы 50-100 м жететін едәуір биік. Болгарияның қалған ӛзендерінің суы аз және әркелкі ағынды мӛлшерімен ерекшеленеді, оның максимумы кӛктемде, минимумы жаздың екінші жартысында байқалады. Дунай ӛзенінің румындық жағалауы тӛмен және су тасқындары кезінде су астында қалады. Ӛзеннің сағалық бӛлігі 1000 км дейін созылатын кең жайылма мен атырау арқылы ерекшеленеді. Қара теңізге құярдан бұрын Дунай ӛзені үш тармаққа (Гирла) бӛлінеді. Солардың ішіндегі ендісі, әрі суы молы Килий тармағы, ол арқылы Украинамен шекара ӛтеді. Дунай ӛзенінің жалпы ұзындығы 2850 км тең. Бұл ұзындығы бойынша Еуропадағы Волгадан кейінгі екінші ӛзен. Ӛзен алабының ауданы 817 мың км2, ал сағасындағы жылдық орташа су ӛтімі 64300 м3/с (203 км3 жылына) тең. Ӛзеннің тӛменгі бӛлігіндегі ең жоғарғы су ӛтімі 20 мың м3/с жуық. Бұрынғы Югославия аумағы Босния мен Герцеговина (Сараево), Македония (Скопье), Сербия (Белград) және Черногория (Подгорица), Косово (Приштина), Словения (Любляна), Хорватия (Загреб). Қарастырылып отырған елдер аумағында Альпі тауын қоса алғанда бес тау жүйесі орналасқан.
9.Шығыс Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі (бұрынғы КСРО елдері).
Шығыс Еуропа (бұрынғы КСРО елдері) Балтық маңы елдері – Эстония, Латвия, Литва. Эстонияда кіші ӛзендер кӛп, тек тоғыз ӛзеннің ғана ұзындығы 100 км асады. Ең суы мол ӛзен – Нарва (Нарова) ӛзені. Салыстырмалы суы мол ӛзендер қатарына Суур - Эмайыги, Пярну, Казари ӛзендерін жатқызуға болады. Эстония ӛзендері, әсіресе, солтүстік облыстар ӛзендері түптік тау жыныстарына - әктастарға, доломиттерге, құмдақтарға сұғына ене отырып, кӛптеген сарқырамалар түзеді. Кӛктемгі су басу кӛктемгі қар еруі кезінде байқалады, ал күзгі жауындар кейде су тасқындарын қалыптастырады. Эстонияда шығу тегі мұздықтық кӛптеген кӛлдер бар. Ең ірі су қоймаларға – Чудский кӛлі (эстониялық атауы Пейиси), оның айдынының ауданы 3,5 мың км2, Ресеймен шекарада орналасқан және Выртсъяра кӛлі (F – 270 км2) жатады. Шығу тегі бойынша бірегей болып саналатын Сааремаа аралындағы метеоритті қазаншұңқырда кішігірім Каали кӛлі бар. Латвия да су ресурстарына бай, оның аумағының 3,5% беттік сулар алып жатыр. Оның ӛзендерінің барлығы Балтық теңізі алабына жатады. Рига шығанағына Рига қаласы маңындағы Даугава, Лислупе, Гауя ӛзендер келіп құяды, олардың сулармен бірге ағып келген тасындылардың кӛп мӛлшері есебінен құмды дюналар түзіледі. Республиканың батысындағы ең ірі ӛзенге Вента ӛзені жатады. Даугава ӛзені (Батыс Двина) Валдай қыратындағы (Ресей) кішігірім Двинец кӛлінен бастау алады. Ӛзеннің ұзындығы 1020 км, ӛзен алабының ауданы 87,9 км2. Ӛзен Ресей, Белорусь және Латвия аумақтарынан ағып ӛтеді. Жылдық орташа су ӛтімі 680 м3/с (21,4 км3 жылына) құрайды. Ӛзен сағалық бӛлігінде кӛптеген тармақтарға бӛлініп, ені 1500 м жететін атырау түзеді. Латвия ӛзендерінің қоректену типі аралас – 50% жуығы қар суымен және қалғаны жаңбыр мен жер асты суымен қоректенеді. Ӛзен режимі мұз жүруі кезеңінде ең жоғары су деңгейі кӛрініс беретін айқын кӛктемгі су басумен сипатталады. Күзгі жаңбыр нәтижесінде су деңгейінің кӛтерілуі кӛктемгі су басудың ең жоғарғы деңгейінен асып түсуі мүмкін. Республика аумағына ірі кӛлдер жоқ, дегенмен күрделі, тілімденген мұздықтық бедердегі ойылымдарды толтырып тұрған кішігірім кӛлдер айтарлықтай кӛп. Литвада ұзындығы 10 км асатын 722 ӛзен бар. Олардың айтарлықтай бӛлігі 71,5 % Нямунас (Неман) ӛзені су жинау алабына жатады. Қалғандары Лиелупе, Вянте, Даугава ӛзендеріне құяды, ал ӛзендердің 4,1% тікелей Балтық теңізіне құяды. Нямунас (Неман) ӛзені Миск қаласынан оңтүстік-батысқа 45 км жерден бастау алып, Балтық теңізінің Куршск шығанағына құяды. Ӛзен ұзындығы 937 км, ӛзен алабының ауданы 98,2 км2. Орташа жылдық су ӛтімі 685 м3/с тең, жылдық ағынды кӛлемі 21,6 км3. Ӛзен желтоқсан айында қатып наурыз айында мұздан айығады. Нямунас ӛзенінің су режимі кӛктемгі су басумен, кейде кӛктемгі су басудың ең жоғарғы мәнінен асып түсетін жаздық, күздік және қыстық су тасқындармен сипатталады. Литва ӛзендерінің ең жоғарғы ағындысы еріген қар суы есебінен кӛктемде байқалады және күзде кӛрініс береді. Қыста ӛзендер үш ай бойы мұз астында жатады. Бұл барлық Балтық маңы аймағындағы елдерге тән құбылыс. Литва кӛлдері ел ауданының 1,5% құрайды. Дегенмен ірі кӛлдер жоқ.
