Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AHMETOV-KITAP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Жалпы бөлім

1 Бөлім. Патологиялық анатомиянық зерттеу әдістері

Патологиялық анатомияның зерттеу әдістеріне аутопсия, био­псия жөне эксперимент арқылы тексеру кіреді.

Аутопсия (грекше autopsia - өз көзімен көру) деп өлу себептерін анықтау үшін мәйітті ашьш көру әдісі аталады. Аутопсия кепке дейін патологиялық анатомияның негізгі өдісі болып келді. Мөйітті ашып көру арқылы көптеген патологаялық өзгерістерді анықтауға болады. Қазіргі таңда ауруханада өлген өрбір науқас осы өдіспен тексеріліп, клиникада қойылған диагноздың дүрыс не қателігі, қолданылған емнің қаншалықты пайдалы және уақытылы болған-дыгы, аурудың асқыну белгілері, өлу себептері анықталады. Аутоп­сия кезінде ауру белгілерін тек көзбен көріп қана қоймастан, алы-нған материалды жан-жақты гистологиялық, гистохимиялық, им-муноморфологиялық, керек болғанда, электронды микроскоптық тексеру мүмкіндігі бар. Кейде ауру диагнозьш анықтау үшін бак-териологиялық, вирусологиялық зерттеулер де қолданылады.

Егер де ашып көру нәтижесінде ауру диагнозы уақытылы қой-ылмағаны не қолданылған ем дүрыс еместігі анықталса, ол жіберілген қателердің бәрі де клинико-анатомиялық конференци-ада жан-жақты талқыналады.

Міне, осы жолмен патологоанатом клиника жүмысына, диаг­ноз қою, емдеу үрдістеріңе тікелей қатыса алады.

Биопсия (bios - өмір, opsis — көру) деп ауру сипатын анықтау мақсатында науқастың зақымданған тінінен кесіп алып, тексеруді түсінеді. Демек, биопсия — тірі адамды морфологиялық әдіспен тексеру деген сөз. Биопсиялық тексеру үшін материалдар эр түрлі жолдармен алынады. Мысалы, асқазан-ішек және тыныс жолда-рынан биопсия аспирация өдісімен алынса, бауырдан, бүйректен пункция арқылы алуға болады. Сүйектерді өдейі тесу арқылы алы-натын биопсияны трепанобиопсия деп атайды. Биопсия — негізінен

1 Бөлім. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері - 2 3

ауру диагнозын, өсіресе қатерлі ісіктерді уақытылы анықтау үшін қажет әдіс.

Биопсия аурудың алғашқы морфологиялық белгілерін көруге, оның кейінгі даму үрдісін зерттеуге, қолданылган емнің қанша-лықты пайдалылығын анықтауға мүмкіншілік тудырады. Биопсия әдісінің клиникада өлі өзін жан-жақты хөрсете қоймаган, өте күрделі ауруларды тексеріп білуге жөрдемі зор. Клиника жагдай-ында науқастан операция жолымен не әдейі диагнозды анықтау үшін алынған барлық тіндер, қырындылар толық тексеріледі. Қазіргі уақытта биопсия патологоанатомдардың тексеру өдістерінің негізгі түрі болып, оның саны жыл сайын тоқтаусыз артуда.

Эксперимент арқылы тексеру өдісі де патологиялық анатоми-яда кеңінен қолданылады. Себебі, кейбір аурулардың шығу механизмін адамда зерттеу мүмкін емес, сол үшін эксперимент жасалады. Мысалы, көптеген қатерлі ісік тудырушы (канцероген) заттардың, аса улы химиялық қосьшдыларының әсерін тек осы жолмен гана үйрену мүмкін. Қазіргі уақытта қоршаган ортаның организмге әсерін білу үшін де эксперименттер кеңінен қолданы-

лады.

Адам ауруының әр түрлі модельдерін эксперимент арқылы тексеру, көптеген аурулардың патогенезін тереңірек түсінуге, оның морфогенезін анықтауға, ei^zjey өдістерін жан-жақты жетілдіре түсу-ге мүмкіншілік тудырады. Дегенмен, экспериментте алынган зер­ттеу қорытындыларын адам патологиясьша тікелей көшіруге бол-майды, эксперимент нәтижесі және де үзақ уақыт клиникалық сьшақтан өтуі керек.

Қазіргі кезенде патологшшық анатомияда электрондық мик-роскопты, цитохимия, радиоавтография жөне т.б. жаңа өдістерді кеңінен қолдануға байланысты патологиялық үрдістерді ультра-қүрылымдар деңгейінде, тіпті молекула деңгейінде тексеру мүмкіндігі бар.

Молекулалық деңгейдегі зерттеулер патологиялық анатомия-ның биохимиямен жақындай түсуіне, көптеген биохимиялық үрдістердің қүрылымдық негізін анықтауға алып келуі созсіз.

1.1. ӨЛІМ БЕЛГЫЕРІ ЖӘНЕ ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Табиғаттагы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, ягни мөйітке айналады. "Өмір сүру - өлу деген сөз" деп Ф.Энгельс бекерге айтпаган.

24

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]