Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AHMETOV-KITAP.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

226 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

Эпителийге үқсас жасушалардың түзілген меланома осы ісіктің ең көп кездесегін түрі. Бүл меланома эпителий жасушаларына үқсас, ірі, әр түрлі пішіңцегі, атипиялық пигментке өте бай жасушалардан қүралған. Олардың арасыңца митоздар көп, бірлі-жарымда бір не-месе көпядролы альш жасушалар да кездеседі. Ісік жасушаларының цитоплазмасы кейде көпіршіктеніп түрады.

Меланоманың пигментсіз түрі де кездеседі. Бүл ісіктердің ме-ланомаға тән екендігін ісік метастаздарында меланин пайда бол-ганда ғана дөлелдеуге болады.

Меланома - өте тез гематогендік (73-сурет) жөне лимфогендік метастаз бергендікген, организмде меланин мөлшері көбейіп, тері қараяды (меланодермия) немесе меланин зәрмен шыға бастайды (меланоурия).

8.6. Нерв жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері

Орталық нерв жүйесінің қүрылысы өте күрделі, сондықтан оның қүрамындағы барлық элементтер ісік көзі бола алады. Орта-лык нерв жүйесінің жасушаларынан ісік ете сирек оседі, негізгі ісік көзі — нейроэктодерма.

Нерв жүйесі ісіктерінің ерекшеліктері:

  1. Нерв жүйесінде кездесетін көптеген қатерсіз ісіктер айнала-сындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Экспансивтік өсу тек кейбір ми қарыншаларының ішіне қарай өсетін (эпендимома, хориоид-папиллома) үшін ғана тән.

  2. Белгілі бір көлемге жеткен соң ісіктер қатерсіз, қатерлі екендігіне қарамастан бір типтегі клиникалық белгілер береді.

  3. Нерв жүйесінің қатерлі ісіктері негізінен ми көлемінде ғана метастаздар береді.

  4. Орталық нерв жүйесі ісіктерінің көпшілігі камбиалдық эле-менттерден дамитын дизонтогенездік ісікгер тобына жатады.

Дегенмен, бүл ісіктерді гйстологиялық түргыдан тексергенде олардың қатерсіз немесе қатерлі екендігін анықтау клиника үшін өт маңызды, себебі ісік қатерлі болса операциядан кейін қосымша емдер, мысалы, химиотерапия жүргізу қажет.

Орталық нерв жүйесінің ісіктері: нейроэктодермалық және ми қабықтарының ісіктері деп екі топқа бөлінеді,

Нейроэктодермалық ісіктер Астроциттық ісіктер. Қатерсіз астроцитома ересектерге қара-ғанда жас балаларда көбірек кездеседі. Ол мишықта, ми баганын-

8 Болім. Ісіктер * zz '

да және 3-ші қарыншада жайылмалы немесе түйін түрінде өседі. Ісік арасында кисталар пайда болады. Астроцитоманың фибрил-лярлық, протоплазмалық және фибриллярлық-протоплазмалық (аралас) түрлерін ажыратады. Фибриллярлық астроцитома глиялық талшықтардан қүралған қатты ісік, жасушалары аз. Протоплазма-лық астроцитома негізінен ірі, цитоплазмасы біртекті, көп өскінді жасушалардан түзілген, кейде олардың арасында алып жасушалар да кездеседі. Фибриллярлық-протоплазмалық астроцитомада глия талшықтары мен астроциттер біркелкі орналасқан.

Қатерлі астроцитома (астробластома) жасушалар полиморфйзмімен және митоздар санының көптігімен сипаттала-ды. Ісікте некроз ошақтары да кездеседі.

Олигодендроглиалық ісіктер. Олигодендроглиома сирек кездесетін ісік. Ол негізінен аралары өте жақын, ядросы ірі, домалақ, ал ядро айналасында түссіз аймағы бар жасушалардан түзіледі. Ісік көбінесе мидың ақ затынан, кейде 3-ші немесе капталдағы қарыншалардан өсіп шығады. Қатерлі олигодендроглиома үшін жасуша атипизмі, митоздар төн.

Эпеңцималық ісіктер мен хориоидтық өрім ісіктері. Эпендимома ісігі ми қарыншаларын астарлап жатқан эпендима жасушалары­нан түзілген. Эпендимома негізінен 4-ші қарыншада, өте тыгыз, диаметрі 4-6 см түйін түрінде өседі. Кесіп қараганда ақшыл сүр түсті. Эпендимоманың жасушалы, өскінді және эпителийлі түрлерін ажыратады. Эпендиманың бірінші түрінде жасушалар қан тамыр-ларының кемерін айнала күн сәулесі тәрізді (радиалды) жайгасып, жалган розеткалар түзеді. Эпендимоманың екінші түрі ісік жасу-шаларымен астарланған әр түрлі қуыстар мен өзектер түзуімен сипатталады. Оның қатерлі түрін эпендимобластома деп атайды. Хориоидтық папиллома сыртқы беті бүртіктене өскен цилиндрлік немесе текшелі эпителий жасушаларынан түзілген қатерсіз ісік. Қатерлі хориоидтық папиллома ірі, әр түрлі көріністегі атипиялық эпителий жасушаларынан түзілген, олардьщ арасьшда митоздар көп. Нейрондық ісіктер. Бүл ісіктер өте сирек кездеседі. Оларга ган-глиоцитома, ганглионейробластома жатады.

Ірі жетілген ганглиоздьщ жасушалардан қүрылған қатерсіз ісікті ганглиоцитома (ганглионеврома) деп атайды. Бүл ісік негізінен 3-ші қарынша түбінде орналасады. Ганглионейробластома ганглиоз-дық жасушалардан дамитын қатерлі ісік, жасушалар арасында ати-пизм, полиморфизм басым. Нейробластома балаларда кездесетін өте қатерлі, көптеп метастаз беретін ісік. Ісік жасушалары ірі, яд-ролары көпіршіктенген, митоздар көп.

Өте жетілмеген және эмбриондық ісіктер. Эмбрион кезеңімен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]