Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zot_emtikhan_90_voprosov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать
☆
  1. Білім беруді ізгіліендіру.

Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.

Мақсатты бағыты:

Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру, қабілетін, қызығушылығын дамыту және өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру;

Адам + қоғам мүшесі + тұлға + азамат тізбегін жүзеге асыру;

Азаматтық тәрбие, әлем мәдениетін, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Тұжырымдаманың негізі:

Тәрбиенің ізгіліктік жүйесі;

Тәрбиенің адамгершіліктік және демократиялық сипаты;

Тәрбиенің мақсаты + оқушылар қызметі + ізгіліктік қызметін жүзеге асыру;

Ынтымақтастық – еңбектестік – серіктестік – достық және олардың постулаттары.

Мазмұнының ерекшелігі:

Жанұялық тәрбие беру;

Жалпыадамдық мораль және мәдениетке тәрбиелеу;

Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату;

Азаматтық және ұлттық, әлеуметтік мәдениетке жетелеу;

Өмірге қабілеттендіру.

Әдістемелік ерекшелігі:

Тәрбие негізгі роль атқарады;

Болжаған жетістікке жету жолдарында үздіксіз, тізбекті жұмыс жүргізіледі;

Кез-келген балаға сенімділікпен қарау;

Білім беруді ізгілендіру технологиясы

(Ш.А.Амонашвили бойынша)

Мақсаты:

Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.

Ерекшеліктері:

Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;

Бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;

Әсемдікті , әдемілікті сезіну, қабылдау;

Ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;

Рухани жетілдіру;

Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу.

  1. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологисы.

Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиыньығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге және оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын құнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары – оқыту процесінің тұрақты және қажетті компоненті.

Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүімкіншілігі, безендіру мәдениеті, формалардың әртүрлілігі, сезмдік кұндылығы және т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.

Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.

В.Ф.Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде береді, бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терек түсіну негізінде ғана жемісті болады.

Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сыныпификацияланады (қызыл түспен–ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі және сол сияқты).

  1. Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы.

Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын ортаншылар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау

Оза оқыту технологиясында грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. Тірек сызбалардың проблемаларды шешеу құзіреттілігін қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.