Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zot_emtikhan_90_voprosov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать
☆
  1. Проблемалық және дәстүрлі оқытудың ерекшеліктері

Проблемалық және дәстүрлі оқытудың ерекшеліктері  Проблемалық оқытудың мән мағынасын ашу үшін дәстүрлі оқыту әдісі мен проблемалық оқыту әдісін салыстырып өткен жөн. 

      Басқа  оқыту әдісінен проблемалық оқытудың екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі – оқытудың мақсаты жөнінен, екіншісі – педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы жөнінен. Біріншісі бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде материал дайын күйінде беріледі, оқытушы ең алдымен бағдарламаға мән береді. Проблемалық оқытуда мұнда әдебиеттерде көрсетілген дайын білімді қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Керісінше, сол оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, жаңа ұғымдарды оқушылардың өз беттерімен іздестіру мақсаты қойылады. Жаңа ақпаратты оқушы теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу барысында алады. Мұнда оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру көзделеді. Екінші   айырмашылық бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде оқушыда әр түрлі қиындықтар мен кедергілер туындайды, ол қиындықтарды жеңе алмайды, себебі   оқушы үшін мұғалім жұмыс жасайды, оқушының ізденуіне, тығырықтан шығудың жолдарын іздестіруге мұғалім мүмкіндік бермейді. Проблемалық оқыту әдісінде оқытушы оқу материалын баяндай отырып, оған байланысты бірнеше сұрақтарды оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды. Қойылған мәселені шешу барысында барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңіп шығады, себебі оқушы өз бетімен белсенді жұмыс жасайды. Яғни, проблемаларды оқушылардың өздерінің шешуіне жол ашылады.

       Проблемелық оқытудың негізгі ерекшеліктері.

       Проблемалық оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – теориялық мәселелерден туындайтын жаңа ұғымдар мен пікірлерді оқушылардың өз беттерімен іздестіруі.

      Проблемалық оқытудың екінші ерекшелігі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыра отырып,   өзіндік көзқарастарын қалыптастыру болса, үшінші ерекшелігі теориялық және тәжірибелік мәселелер арасындағы байланыс заңдылықтарынан келіп шығады да, дидактиканың оқыту мен өмір тәжірибесі арасындағы байланыс ұстанымымен анықталады. Яғни оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады.

       Проблемалық оқытудың төртінші ерекшелігі оқушылардың әр түрлі үлгідегі өздік жұмыстарын тиімді орындауы болып табылады.

      Оқушылар өздік жұмыстарын орындай отырып, бұрыннан қалыптасқан білім қорларын пайдаланады, жаңа білім, білік, дағды меңгереді.

      Бесінші ерекшелігі дидактиканың жеке бағдарлы оқыту ұстанымымен анықталады. Әр түрлі қиындық деңгейіндегі оқу проблемаларын әр оқушы әрқалай қабылдайды және оның шешімін әркім әрқалай шешеді. Осыған сай бірнеше ғылыми болжам, дәлел, түсінік беріледі де, оқушылар оны салыстыра отырып, өз ой-пікірлерін, болжамдарын дәлелдейді.

      Проблемалық   оқытудың алтыншы ерекшелігі  -    “ойлауды  белсендіру”.     Бұл жерде оқушылардың ойлау  әрекетін  үнемі  белсендіріп  отыру көзделеді.

      Проблемалық оқытудың жетінші ерекшелігі бойынша, оқушылардың  “шығармашылық  ойлауын”  жетілдіру  арқылы   олардың   шығармашылық   қабілетін  шыңдау,  өзіндік  ойлауы  мен  көзқарасын  қалыптастыру   көзделеді.

      Проблемалық оқыту технологиясы ерекшеліктерінің ішіндегі алғашқы үшеуі ең маңызды болып есептеледі, өйткені біріншісі – білімнің беріктігін, екіншісі - өз көзқарасын қалыптастыру мен қорғауды, үшіншісі – меңгерген теориялық білімді өмірде қолдана білуді қамтамасыз етеді. Ал қалған ерекшеліктер осы үш ерекшеліктің тиімділігін арттырып, жетілдіре, толықтыра түседі.

  1. Проблемалық ситуацияны туғызу тәсілдері

Проблемалық ситуация тудырудың дидактикалық мақсаттары: қойылған сұраққа, мәселе т.б оқушының назарын аударту, таным қызығушылығын ояту. Оқушының ойлау қабілетін белсендіруге ықпал ететін күрделі танымдық тапсырмалар беру. Оқушыға берілшег танымдық тапсырманың, мәселенің негізгі түсінуге шешуге, қиындықтан шығу жолдарын іздестіруге көмектесу.

  1. Проблемалық ситуацияны құру ережелері

Проблемалық жағдайларға қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады: ақпараттағы қайшылықтар немесе шындықты танудың дидактикалық және жағдайда емес қайшылықтар түрінде көрінуі. Студенттердің танымдық әрекетімен дербестікті дамытуға бағытталуы. Оқу ақпаратының сәйкестігі. Проблеманың күрделі болуы. Жаңа жағдайда талдауда қайшылықтардың кездесуі.

  1. Проблемалық оқыту деңгейлері

  2. Пәндік-бағдарлық технологиялар.

Оқушы мен мұғалім тұлғасын, оның субъектісі ретінде танылатн білім беру үрдісінің ерекше типі. Әрбір оқушы қабілеті мен бейіміне, қызығушылықтарына, құндылықтарына сүйене отырып, өнімді іс әрекет арқылы таным саласында, оқу іс әрекетінде өзінің тәрбие күш жігерін пайдаланады.

  1. Философиялық негіз бойынша педагогикалық технологиялардың жіктелуі.

  2. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі.

Пед тех жіктелуі Г.К.Селевконың еңбектерінде толықтай келтірілген. Қолдану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық, жеке әдістемелік, логикалық. Философиялық деңгейі бойынша: материалистік және идеалистік, метафизикалық және диалектикалық, ғылыми, гуманистік және антигуманистік. Тұлғалық құрылымына байланысты: ақпараттық, операциялық, эмоционалдық, өзін өзі дамыту тех, эврестикалық, қолданбалы.