Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zot_emtikhan_90_voprosov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать
☆
  1. Компьютерлік технологиялардың дидактикалық мүмкіншіліктері.

Компьютерлік ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып мазмұны өзгеріп отыр. Осыған орай тиімді тәсілдерді іэдестіру жұмыстар ыжүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелігі бірнеше оқу әдістемелік, психологиялық- педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

  • Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми әдістемелік жолын анықтау

  • Оқушылардың тәжірибелік іс әрекетнде компьютерлік технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау

  • Мұғалімдердң компьютерлік технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру

  • Оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін компьютерлік технологияларды пайдалануға үйрету

  1. Компьютерлік технологиялардың мәні

  • Компьютерлік немесе ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуымызға болады. Компьютерлік сауаттылық алудың қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелеріді білуді көздейді

  • Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етугеде елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді , мұндай жаңашыл өзгерістерді оқулықтардан бастауға болады

  • Модельдеу . модельдеу пікірі оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді.

  1. Компьютерлік технологиялардың негізінде қалыптасқан бүгінгі таңдағы педагогика ғылымы саласында жүзеге асырылу жолдары.

  • Білім беретін бағдарламалық құралдар, ал оладың әдістемелік қызметі төмендегідей болып келеді : игерілген білім мөлшерінен хабардар ету , оқушылардың білім алу немесе тәжірибелік қызмет тәжірибелері мен өзіндік қабілеттерін қалыптастыру

  • Оқу материалын игерудің дәрежесін бақылауға арналған бағдарламалар

  • Оқушылардың хабарларды белгілі бір жүйеге келтіру қабілеті мен тәжірибесін қалыптастыруға арналған ақпараттық-ізденістік бағдарламалар жүйесі мен ақпараттық- анықтамалық бағдарламалы құралдар

  • Құрылымдық және функционалдық сипаттамаларын оқып білу нақтылығының белгілі бір аспектісін қамтитын имитациялық бағдарламалық құралдар

  • Обьектінің , құбылыстардың, процестің немесе белгілі бір жағдайдың үлгілерін жасауға арналған модельдік бағдарламалық құралдар

  • Оқу материалдарын көрнекілік жағынан беруді қамтамасыз ететін көрсетілетін оқу құралдары

  • Түрлі оқу жағдайларына арналған ойын түріндегі бағдарламалық құралдар

  1. Электрондық оқулық дегеніміз- мультимедиялық оқулық , сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді оқу материалдарын әздеп отырмай өтілген және оқушының ұмытып қалған материалын еске түсіруге мүмкіндік береді

  1. Компьютер теориясын дамытқан шетелдік және қазақстандық ғалымдар.

  • Профессор Б.Б.Баймұхановтың еңбектерінде оқыту үрдісінде компьтерлік технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды, осының негізінде оқыту үрдісінде әртүрлі бағдарламалық құралдардың әдістемесі жасалған.

  • Профессор Б.Б.Бидайбековтың еңбектерінде студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және информатик мамандарды дайындау мәселелерімен айналысқан.

  • Профессор Ж.А. Қараевтың еңбектерінде ақпараттық -қатынастық технологияны жалпы орта мектептің оқу үрдісінде пайдалану, орта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мәселелері қарастырылған

  • Профессор Г.Қ. Нұрғалиевтың еңбектерінде білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды дайындаудың педагогикалық негіздері мен түрлері оқыту мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау мәселелері қарастырылған