Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_otvety_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235 Кб
Скачать
☆

18Қайта Өрлеу дәуірі мәдениеті қалыптасуның әлеуметтік тарихи, экономикалық алғышарттары

Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет – XІVғ. аяғында XVғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы) қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді.

Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.

Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең – қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: экономика саласында – бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында – тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. “Қайта жаңғыру” термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512-1574) өзінің “Жизне описание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих” (XVІғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы – көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады.

Зайырлы мәденниеттің рөлі артты. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистер деп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы - адам, ал Құдай - барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз куш, қабілетін сезіну ретінде корініс табады.

Сондықтан мұнда "алыптар" аталған ірі тұлғалар: Леонарда да Винчи , Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелло, Эразм, т.б. өмір сүрді. Тән сүлулығына адамға деген қызғушылық қайта жанғырады. Өнерде адамы қуанышы мен бақыты талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антиктік адам идеялы, сұлулықты үйлесімділік пен өлшем ретінде түсіну қайта жанғырды.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель: “Ренессанс идеясын бүкіл адамзаттың “алтын таңы”, жер жүзі мәдениетінің жаңа дәуірі” деп атаған.

Италияандық гуманизмнің философиясы мен мәдениеті

XVІІІғ. бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. Х1У-ХУ ғ. Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет “адам” табиғаты, “адамгершілік” деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, “гуманизм” латынның “адамгершілік” деген сөзінен шыққан. Бұл терминді “жаңа адамдар” (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса Қайта Жаңғыру заманының басты жаңалығы – ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым – гуманист, Леонардо Бруни (1370-1444 ж.) “гуманизмді” адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарды деп есептелді Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала кетсек, олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.

Испанияда Италиядағыдай гуманистік идеялар, алдымен ғалымдар мен ақындарда болды. Содан кейін бейнелеу өнеріне де келіп жетті. Мұнда бостандық соғысы 8 ғасырға созылды. Осындай күрделі күрестен сон испан ұлты және оның өзіне тән қаиеттері қалыптасты. Яғни беріктік. Батылдық, өктемшілдік және өз наысын қорғай білу т.б жатады.

XVІ- XVІІІғ ғ аралығында Испанияда өзгеше суретші жұмыс істеді. Оның есімі-Доменико Теотокопули, бірақ ол ұлты грек, Крит аралында туғанына байланысты Эль Греко аталып кеткен.

Испаниядағы XVІІ ғ көрнекті суретшісі- Франсиско Сурбаран. Ол Севильде оқып, көбіне түрлі шіркеулерде қасиетті діндар адамды салды және негізгі тақырыбы діни сюжеттер болды.

Испан өнерін ең жоғарғы деңгейге көтерген белгілі суретші-Диего Веласкес де Сильва. Шығармалары:”Таңғы ас”, “Мениндер”, “Ханзада” “Бальтазар Карлос портреті”, “Х Иннокенти портреті” т.б Веласкес 25ж бастап 6 Филлип патша қарамағында қызмет етті.

Антропоцентризм – ренессанстың басты идеясы. (Пико дела Мирандола)

Қайта Жаңғыру мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау – басты орынға қойылды. Міне, сондықтан болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қайта Жаңғыру заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда-саттық жасауға ерекше мән берді. Италия қалалары Батыс елдеріменде, мұсылман елдеріменде сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мәдениетінің ықпалымен “жаңа адамдар” қалыптасты. Қайта Жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығындада, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті.

Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да «құдайдың еркімен» болды дегенге сенім азая берді. Адамның күші мен қабілетіне деген сенім қайта жанданды. Жаңа мәдениеттің қайраткерлері көңілдерін ең алдымен адамға және оның ісіне аударды. Сондықтан оларды гуманистер (латынша – «гуманус» – адамгершіл) деп атады. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар – сол дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы адамдар, қауым) – ақындар, философтар, суретшілер, мүсіншілер үлес қосты. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральға сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми зерттеу еркіндігіне жол ашылды. Діннің шаттық өмірден бас тарту керек деген қағидасы дүниеге нақты назар аударумен, табиғатты зерттеумен алмасты. Ғалымдар бақылау жасап, тәжірибелер жүргізіп, табиғат құбылыстарын анықтауға, олардың себептерін түсінуге тырысты. Соның нәтижесінде шынайы ғылым, әдебиет пен өнер туды

Қайта жаңғыру мәдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мұндай түбегейлі өзгерістің — әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде Қайта жаңғыру мөдениетінің ошағы болған — Флоренцияның мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда- саттық жасауға ерекше мөн берді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мөдениетінің ықпалымен «жаңа адамдар» қалыптасты. Бірақ жаңа адамдардың қалыптасуы әлі де болса орта ғасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын, сондықтан да болар адамдар орта ғасырлық шырмаудан шыға алмай аласұрды

Адам санасындағы бұл жылжуды Қайта Өрлеудің маңызды қайраткерлерінің бірі, Мирандола республикасының билеушісі, тарихта Пико делла Мирандола есімімен белгілі болған Пико (1462-1494 ж.ж.) байқады. Ол «Адамның қасиеті туралы» трактатын жазды, онда адамның белсенділігі, адамның өзін-өзі жаратуы туралы ілім баяндалады. Өзін-өзі жасайтын универсальды адамның – іс пен ой титанының бейнесі идеалды болып саналады. Ренессанс эстетикасында бұл құбылыс титанизм деген атауға ие болған. Қайта Өрлеу адамы өзіне бірінші кезекте абсолютті тұлға түріндегі жасаушы және суретші ретінде қарады.

23.  XVII-ғасырда басталған Жаңа дәуір философтары танымдық әрекеттегі тәжірибе мен рационалды ойлаудың ролін әртүрлі бағалады. Ағылшын ойшылы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) тарихқа сезімдік тәжірибені тәжірибеге негізделетін және тәжірибенің арқасында алынған білімдердің басты, тіпті жалғыз қайнар көзі деп танитын философиялық бағыт - эмпиризмнің негізін қалаушы ретінде кірді. Бэкон үшін «бұған дейін сезімдерден өтпеген еш нәрсе жоқ» деген принцип басты принцип болды. Дегенмен Бэкон танымдық әрекеттің негізіне оқшауланған сезімдік қабылдауды емес, тәжірибеге (эксперимент) негізделетін тәжірибені (опыт) қойды.Бэконның пікірінше, ақиқат білімге қол жеткізу үшін төрт адасушылықтан - «пұттан» құтылу қажет. Бұл «рулық пұттар» (адамдардың өз табиғатына байланысты соқыр нанымдары), «үңгір пұттары» (адамдардың кейбір топтарына тән қателесулер), «алаң пұттары» (шындықты нақты бейнелемейтін және жалған түсініктерді тудыратын сөздер), «театр пұттары» (басқалардың көзқарастарын сынға салмастан игеруден пайда болатын қателесулер).

           Туа біткен идеялар теориясына қарсы шыққан ойшыл ағылшын философы Томас Гоббс (1588-1679) болды. Ол идеялардың қайнар көзі тек қоршаған әлемді сезіммен қабылдау ғана бола алады: олар біздің танымымыздың көзі деп есептеді. «Сезіммен қабылдау немесе сезу осылайша,сезуші дененің ішкі бөліктерінің қозғалысы  ғана  болуы   мүкін.   Бұл  қозғалыс   сезу  органдарында жүреді, олардың көмегімен біз заттарды қабылдаймыз. Осылайша, сезінудің субъектісі болып образдарға ие болушы табылады. Сонымен, сезімдік қабылдау немесе сезінудің табиғаты бізбен белгілі бір дәрежеде анықталған — бұл сезінуші денеде жүзеге асып жатқан ішкі қозғалыс», -деп жазды ойшыл.

      Сенсуализм мен эмпиризм бағытын (оның бастауларында Ф.Бэкон тұрды) дамыта келе, Гоббс барлық білімнің көзі - сезімдік тәжірибе деген пікірді қорғады.

     Философ денелердің қозғалысы тек механика заңдары бойынша жүзеге асады деп тұжырымдады. Қозғалыс бір денеден екінші денеге тек соққы арқылы беріле алады.

      Гоббстың мемлекет пен заңға деген көзқарастары әлеуметтік концепциялардың даму тарихында айтарлықтай елеулі із қалдырды. Ойшыл ұсынған билік туралы ілімде мемлекет құдайы емес, табиғи белгілену деп қарастырылады. Гоббс қоғамдық келісім-шарт теориясын жасап шығарды, оған сәйкес, мемлекет пен заңның пайда болуы адамдар арасындағы саналы келісім-шарт жасасудың нәтижесі болып табылады.

       Берклидің замандасы ағылшын философы Давид Юм (1711-1776) оның көзқарастарының ықпалында болды, бірақ олардан скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді. Бұдан шығатыны - бұл мәселені шешу тіптен мүмкін емес, оны тіпті осылайша қоюға да болмайды. Юм, оның алдындағы ойшылдардың эмпирикалық көзқарастарын зерттеуді мұқият сараптауға салып, себептілік түсінігі қосымша зерттеп, талдауды қажет етеді деген қорытындыға келді. Оның пікірінше, тәжірибемен орнатылатын қатынастардың негізгілерінің бірі ретіндегі себептілік пен әрекет қатынасын не интуициямен, не логикалық дәлелдеу жолымен толық танып-білу мүмкін емес. Дегенмен, бір құбылыс келесісінің алдында болғандықтан, біріншісі-келесісінің себебі болатындығын дәлелдеу мүмкін емес. Осының негізінде Юм себептіліктің объективті сипатын жоққа шығарады. Дегенмен, ол скептицизм және агностицизм рухындағы ескертулер жасайды: егер одан әрі себептілік байланысы болса да, ол танып-түсінуге жатпайды. Юм адамдардың мінез-құлқының шынайы бағдары себеп-салдық қатынастарды білу емес, дағды болып табылатындығына шүбәсіз сенді. Осы дағды - тәжірибеден туындайтын барлық қорытындылардың негіздемесі, жасалатын іс-әрекеттердің нұсқауы. Дағды, Юмның айтуынша, жеке идеяларды синтездейді және үйлестіреді, ал олардан біздің болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды қабылауымыз қалыптасады.

24. Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.

Неміс философиясы мынадай көрнекті философтарды жарыққа шығарды;  Иммануил Кант, Иоганн Готлиб Фихте, Фридрих Вильгельм Шеллинг, Георг Вильгельм Фридрих Гегель, Людвиг Фейербах. Бұл ойшылдар философияны одан әрі дамытты.

Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.

Немістің классикалық философиясының дамуында маңызды рөлді Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 жж.) атқарды. Фихтенің субективтік идеализм атты философиясы Д. Беркли философиясына ұқсас. Субъектінің басты рөлі ретінде субъект және объект бірлігі, онда алғашқы болып табылады. Бүкіл әлем субъективтік қызметтің нәтижесінде қаралады. Я.И. Гете И.Г. Фихтенің субъективті идеалистік философиясын   мысқыл   түрінде   былай   деп жазды. "Өмірдің жазғаны осы: әлем меннен бұрын болған жоқ, оны мен құрдым".

Вильгельм Фридрих Йозеф Шеллинг (1775 – 1854)  Фихте мен Гегельдің арасында аралық болып есептеледі. Табиғи және рухани тепе-теңдік оның философиясында маңызды орын алады. Бірақ, ол абсолютті түрде тепе-тең мәңгілік болса, ал табиғат бөлек, уақыт бойынша дамиды. Табиғаттың әртүрлі жағдайларында объект немесе субъект басым. Табиғатта даму орынды.

Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.

25. Иммануил Кант (1724-1804 жж.) – неміс классикалық идеализмінің негізін салушы, «Таза ақыл-ойға сын», «Практикалық ақыл-ойға сын», «Пайымдау қабілетіне сын» және т.б. шығармалардың авторы.

Кант өзінің шығармашылығының алғашқы кезеңінде сол кез үшін жаңа натурфилософиялық идеяларды ұстанған болатын. «Аспанның жалпы және жаратылыс теориясы» атты трактатында ол Күн жүйесінің газ іспетті тұманнын пайда болуының табиғи себептері туралы болжамды ұсынды. Шығармашылығының екінші кезеңінде Кант трансцендентальды философияны ойлап шығарды, яғни нәрсені априорлық (тәжірибеден тыс) тану туралы ұғымдар жүйесін жасап, оны сыни идеализм деп атады. Ол мән-мағынаны, ғылыми танымның шегін, оның жүзеге асу шарттарын зерттеді.

«Таза ақыл-ойға сын» еңбегі біздің танымдық мүмкіншіліктерімізге сыни тұрғыдан баға беруге құрылған. Канттың ойынша, таным екі деңгейлі болады: эмпирикалық білімдер (тәжірибе арқылы алынған білімдер) және тәжірибеден тыс алынған білімдер. Априорлық білімдер – категориялар мен ұғымдар, жалпы түсініктер – сезім арқылы келетін тәжірибеге негіз болады, тәжірибе арқылы келген мәліметтерді реттеуге қатысып, эмпирикалық білімдерді уақыт пен кеңістік шеңберіне біріктіру арқылы оларға белгілі бір мағына «береді».

«Мен не біле аламын?» деген сұраққа жауап бере отырып, сезіммен келген білімдер уақыт пен кеңістік ішіндегі пайымдаулармен түсіндірілмейінше тәжірибе де, ғылым да мүмкін емес деген пікір айтады. Себебі «тәжірибе арқылы келген білім жеке әрі кездейсоқ, ал априорлық білім жалпы әрі қажетті».

Теориялық танымға сыни тұрғыдан баға бере отырып, Кант оның шектеулі әрі қайшылықты екенін алға тартады. Әлем біз үшін теориялық біліммен танылатын «құбылыстарға» (феномендерге) және танылмайтын «тұйық құбылыстарға» (ноумендерге) бөлінеді, танымның қайшылығы осымен түсіндіріледі. Танымның бұл деңгейінің қайшылықты болуы ойлаудың табиғатынан көрінеді, себебі ойлау «сезім түйсіктеріне сүйенбей, әлемді түгел қамтып» түсіндіре алмайды.

Канттың ойынша, «Жаңа» философия «таза» ақылды (теориялық танымды) ғана емес, «практикалық» ақыл-ойды да (мораль, адамгершілік, жүріп-тұру) сынға алуы керек. Бұл философия әлем бейнесін жасамауы керек. Дәлелденген білімнің экстенсивтілігі мен шекарасын анықтау үшін сынмен ғана айналысуы тиіс.

Кант адамның ішкі әлемін сана арқылы тануға тырысады. Әлемдегі заттар мен әлем санадан тыс және оған тәуелсіз, сондықтан өзімен-өзі өмір сүре береді. Ал олар біздің өмірімізге «араласқан» кезде оны санамен түсінуде алынған нәтижелер адамнан ажырағысыз болады.

26.Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831 жж.) өзінің зерттеулерінде философия ілімінің барлық саласында – диалектика, логика, гносеология, тарих пен құқық, тарих философиясы салаларында қалам тербеп, өзінің пайымдауларын жасады. Ең бастысы – диалектиканы дүниедегі барлық мәнді нәрсенің даму теориясы және объективтік шындықты философиялық танудың әдісі ретінде қарастырды. Гегельдің философиялық жүйесін объективті диалектикалық идеализм жүйесі деп те атайды.

Гегельдің Канттың философиялық ілімі мен танымындағы агностицизмді сынауы философия тарихы үшін өте маңызды. Гегельдің ойынша, дамуды тануға және оған жетуге деген талпыныс әлемнің дамуына қозғау салады. Дүниедегі барлық нәрсенің негізінде «ұғым» бар. Ол ұғым – болашақта болуы мүмкін заттардың бейнесі, яғни рухани қалыптасатын абсолюттік нәрсе. «Абсолюттік рух» дегеніміздің өзі дамитын таным. Гегельдің көзқарасы бойынша, танымды зерттеудің өзі таным процесі барысында жүзеге асады. Сол себепті де Канттың «мән» (сущность) мен «құбылысты» (явление) қарама-қарсы қарастырған субъективтік ойларына сын айтады.

«Логика ғылымында» Гегель мәннің (сущность) «құбылатынын», ал құбылыстың «мәнділігін» көрсетті. Олардың арасында ешқандай шек жоқ. Канттың «жасырын дүниені» тану мүмкін еместігін жоққа шығара отырып, Гегель танылмайтын дүние жоқ дегенді айтады. Ол Фихтенің философиясына (ғылыми іліміне) да үзілді-кесілді қарсы шықты: табиғат пен қоғам адамзаттың «Мен»-інен (өзіндік санасынан) тұрмайды, сол сияқты «Мен» де табиғат пен адамзатты білдірмейді.

Канттың агностицизмі мен Фихтенің субъективтік идеализмін сынай отырып, таным процесін зерттеуге ерекше назар аударды. Ол ғылыми категориялар тек бір адамның игілігі емес, сондықтан да олар субъективті емес дегенді айтты. Ол объективті болатындығы – субъектіге тәуелді емес заттарға іштей тәуелді болады да, барлық материалдық нәрсенің рухани негізін құрайды.

«Логика ғылымы» еңбегінде Гегель идеалистік диалектиканың негізгі үш заңын, «болмыс», «мәнсіздік», «сапа», «өлшем», «мәнділік», «тепе-теңдік», «айырмашылық», «қайшылық», «қажеттілік пен кездейсоқтық», «мүмкіндік пен шындық» ұғымдарын (категорияларын) қарастырады. Категориялардың дамуын түсіндіре отырып, олардың бірінен-бірі туындайтынын, бірімен-бірі байланысты болатынын және олар танымның мәні мен болмысқа тән жалпы байланыстарды білдіреді дейді. Гегельше ұғымдар ақиқаттың және «ойды анықтаудың» негізі, ал табиғат одан төмен, органикалық әлем, «абсолюттік идеяның» «соңғы» нәтижесі (басқа болмысқа ие болуы, өзін-өзі жоққа шығаруы). Табиғаттағының барлығы рухани әлемдегі идеялардың туындысы, оның объективті көрінісі болып табылады.

27. И.Фихте (1762-1814 жж.) Канттың трансцендентальды философиясының негіздерін әрі қарай жалғастырды және оған тән қайшылықтардан арылтуға тырысты. Өзінің философиялық жүйесін құрып, оны Жаңа дәуірдегі механистік детерменизммен салыстырды. Механистік детерменизм болмыстың табиғи және қоғамдық салаларын ажыратпады, «Мен»-нің «дербестігін» ескермеді.

Фихте идеалдық бастаудың болмысын анықтауға тырысты, ол үшін «Менді» «үздіксіз рухани әрекет» ретінде cипаттай келіп, «Мен» және «Мен-еместі» (сыртқы өмір, табиғат) салыстырады. «Меннің» қызметінің мәні, оның ойынша, өзін-өзі санамен түсінуге тырысуында және сол себепті ол сырттай ықпал ететін «Мен-еместен» «қашықтайды». «Мен» және «Мен-емес», бұлардың бірі – субъекті болса, екіншісі – объекті. Олар бірін-бірі толықтырып, анықтайды, сондай-ақ біріне бірі қарама-қайшы болады.

Фихте үшін «объектінің субъектіге қалай айналатынын, болмысты қалайша анықтауға болатынын» білу маңызды, оны білу кез келген философияның басты мәселесі деп біледі. Субъективтік идеализм тұрғысынан ол мынадай тұжырымдар жасайды: «затты тану, білу туралы айтқанда да біз өзімізді-өзіміз танып, біліп жатқанымыз; біз санамызбен тек өзімізді және өзіміздің берген анықтамаларымызды ғана ұға аламыз». Оның философиялық жүйесінде «Мен» «Мен-емес» арқылы, ал «Мен-емес» «Мен» арқылы түсіндіріледі. Түптеп келгенде, Фихте бұл жерде «Мен»-сіз «Мен-емес» те болмайды деген ой айтады. Басқалай айтқанда, «мен жоқ жерде маған керекті «әлем» де жоқ».

Өзінің ілімінің мәнін Фихте былайша түсіндіреді: «Мен»-ге «Мен-емес»-ті, ал жеке «Мен»-ге жеке «Мен-емес»-ті қарсы қоя аламын. Одан арғысына ешбір философия бара алмайды, әрбір тиянақталған, негізделген философия оның тереңіне жетуге тырысуы керек; солай еткендіктен де ол ғылыми ілімге айналады (яғни философияға айналады).

«Мен»-нің (ойлау, сана) ақиқаттылығын, жалғыз екендігін мойындай отырып, «Жалпы ғылыми ілім негіздері» еңбегінде Фихте «белсенділік оның табиғатына тән болып келеді» дейді. «Мен»-нің қызметі өзіндік санаға (өзін-өзі тануға) бағытталады. «Мен»-нің ақиқаттылығына шек келтіруге болмайды: «Мен дегеніміз – мен», бұл – ойлаудың басты заңдылығы». «Мен»-ді тану сыртқы «эмпирикалық» тәжірибемен келеді: «Мен-емес» «Мен»-ге ықпал етеді, оның қызметін шектейді. «Мен» табиғи ортаны да, қоғамдық ортаны да «адамиландырып» өзіне бейімдеп, қолайлы етіп алады. Осыдан кейін Фихте табиғатты «Мен»-нен ажыратылған туынды деп есептейді.

Фихтенің ойынша, әлем біз оны қалай елестетсек, сондай болып көрінеді, себебі «Мен»-нің практикалық қатынасы оны бізге осылай «көрсетеді». Өзін-өзі түйсінген кезінде «таза Мен» субъекті мен объектінің арасындағы қайшылықтарды шешеді. Фихтенің ойынша, адамдардың ойлау әрекеті әлемді интуитивтік деңгейде белсенді әрі мақсатты түрде өзгертеді. Демек, «Мен-емес», яғни сыртқы орта дегеніміздің өзі «Мен»-нің шығармашылық процесс барысында санасыз объективтенуі болып саналады. Бұл жердегі «Мен» таным жолындағы ойлаудың белсенді әрі шығармашылық қызметі – оның шынайы болмысы осы. Канттың «заттардың ішкі байланысына» негізделген пайымдаударынан басты айырмашылығы да осында.

Фихтенің «ғылыми ілімін» бағалай келіп, орыс ғалымы П.Таранов оған «... мәдениет философы, яғни адамға дейінгі емес (себебі оған дейінгі философтардың пайымдауларында ол объекті ретінде қарастырылған болатын), адамнан кейінгі ақиқатты айтқан аналитик. Адамды және оның рөлін басшылыққа алған әлем туралы философия Фихтеге дейін болмаған еді» деп ерекше баға береді.

28. Позитивизм - XIX ғ. 40 ж-да О. Конттың бастаумен пайда болған философиялықбағыт. Философияның классикалықкөзқарасына позитивизм жаңакөзқарастықарсықояды: философия жаңа бастамалартуралығылымнанметодологияғаауысуыкерек. О. Конттың ойынша, бұрыңы философия метафизиканы, яғнижоқжақтартуралыспекулятивтіжәнеобъективтіемесбілімдікөрсетеді. Позитивті философия метафизикалықтыңбарлықтүрінеарналғанәдістуралығылымғаайналуыкерек. Ешқандайфилософиялықзаңдарәлемдежоқ.О. Конттыңойынша, қоршағаншындықөмірді философия жекетаниалмайды, себебіметафизиканыңалғашқыжәнесоңғыізденістерімүлдемпайдасызжәнемағынасызжұмыспозитивтіфилософияныңміндетіжаратылыстануғылымдардыңмәліметтерінжинастыру. Ғылымөз–өзінефилософия - бұлпозитивизмныңнегізгітезисі. Кезкелгенғылым, оныңішіндекоғам мен адамтуралысы да, жаратылыстануүлгісіндеқұрылуыкерек, себебі дел жаратылыстануғылымыәлемтуралыобъективтібілімніңқайнарыболыптабылады. О. Конт адамзатрухыныңтарихын 3 кезеңгебөледі:

- Теологиялық, ондаадамәлемдіжаратылыстантысмәндердінөзаракелісімментүсіндіреді.

- Метафизиқалық, мұндаәлемдітүсіңірудіойданшығарылғанабстракцияларментүсіндіреді.

- Позитивті, мұндаәлемдітабиғиортада бар объективті, ғылымитүсінігі бар зандылықтарментүсіндіреді.

Позитивизм барлықбілімді тек жаратылысты - ғылымитүріменғанатеңестіреді. Сонысыменфилософиялықзерттеулераясынтарылтты. Бірақфилософияныоныңәлемтанушылықөмірмаңыздылықмазмұныменжоққашығарады. Позитивизм парадигмасында философия адамныңруханибелсінділігіретіндежекеформасынанайырылады. Позитивизм ХХ ғ. неопозитивизм мен постпозитивизмконцепцияларындажалғасынтапты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]