Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_otvety_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235 Кб
Скачать
☆
  1. Көне шығыстық космология және заттар табиғаты жайлы түсініктер.

  1. Логос, эйдос, космос-антик философиясының ұғымдары ретінде.

логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді.

  1. Пифагор және Пифагорлық ұғым

Пифагор шамамен б.з.д. 580-520 жж-көнегрек философы, діни және саяси қайраткер, пифогаризм негізін салушы. Математикалық қатынастарды терең зерттеп пропорция теориясының негізін салуға арқау болды. Заттардың мәнін және табиғатын тануға ұмтылған ол сандарға және сапаларына ерекше көңіл бөлді. Сандардың көмегі арқылы өлім, тұрақтылық, еркек, әйел, т.б болмыстың мәңгі категорияларын түсінуге ұмтылды. Пифагорлықтар барлық денелер әр түрлі үйлесімдікте әр түрлі геометриялық пішіндерге сай келетін кішкентай бөлшектерден болмыс бірліктерінен деп ойлаған. Пифагор үшін сан материя. «барлық заттар» сандардың мәні . сандар барлық заттардың негізін құрағандықтан, табиғаттың құбылыстарын тек солардың арқасында түсіндіру керек болды. Пифагор және оның ізбасарлары өз еңбектерімен математикадағы жаңа бөлік-сандар теориясының негізін салды. Пифагордың тұжырымдарының бірі. Тұтас бастама өзінің көрінбейтін мəнінде – ноль болады, ал – абсолюттің көрінісі ретінде – бірлікке тең. Бірлікті екіге айналдыру: тұтас реалдықты материя мен рухқа; «бір нəрсе туралы» біліммен «басқа туралы» білімге. Пифагор «сфералардың үйлесімділігі» туралы ойында ғарышты реттелген жəне симметриялық біртұтастықғы деген.

  1. Антиканың ғылыми жүйелері (Евклид геометриясы, Геродот тарихы, Гиппократ медицинасы)

Евклидтің ізбасарларын және замандастарын мағлұматтардың логикалылығы, жүйелілігі қызықтырды. «бастаулар» бірегей логикалық кесте бойынша құралған 13 кітаптан тұрды. . Евклид Геометрияның өзіне дейінгі табыстарын жинап, талдап, қорытып, бір ізге түсіріп, біздің заманымыздан бұрын 300 жылы шамасында “Негіздер” атты, 13 бөлімнен құралған шығарма жазды. Онда Геометрия аксиомалар мен қағидалар (постулаттар) негізінде логикалық жолмен құрылған жүйелі дедуктивтік ғылым (кеңістіктік пішіндер мен қатынастар туралы ғы-лым) дәрежесінде баяндалды. “Негіздерде” 121 анықтама, 5 қағида, 9 аксиома, 373 теорема келтірілген. Осы күнгі элементар Геометрия, жалпы алғанда, Евклид қалыбынан шыққан. Евклидтің қарапайым геометриялық обьектісі нүкте, ал оны бөлшекке ие емес деп анықтайды. Геродот Галикарнастық (б.з.д 484-42ғжж) көне грек тарихшысы. « тарих» атты бірінші кең ауқымды тарихи трактаттың авторы, онда грек-персидтік соғыс және сол кездегі көптеген халықтардың салттары сипатталды. Антика мәдениеті үшін үлкен мағынаға ие болды. Геродоттың еңбегі қазіргі мағынадағы тікелей тарих сөзі емес. Оның негізгі желісі грек-парсы соғысы жайлы болғанымен сонымен қатар географиялық, этнографиялық тарихи және әдеби мәліметтер жинақталған нағыз энцоклопедияны жасады. Алғашқы бөлімінде парсы патшалығының өрістеуі, вавилония, ассирия Египетт.б жайында әңгімелеген. Негізінен ауызша дәстүрге сүйенгеннен ол жиі-жиі нақты дәйектерге жете алмады, әсіресе көне заманға қатысты болғанда. Геродоттың «Тарихы» көлемі және баяндалған мәліметтеріне қарай б.з.д. 6-5 ғғОйкумена тарихындағы ең үздік қайнар көз болып табылады. Медицина атасы Гиппократ б.з.д 460 ж қос аралығында дүниеге келді. . Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді. Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]