Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_otvety_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235 Кб
Скачать
☆

16. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясындағы ғылым және дін.

Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері: * ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы. * көпұлттылық — араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары. * негізгі философиялық тіл — арабтілі. Араб тілінде философия «фалсафа» деп аталды. * Басты мәселелер — адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері. Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары Қалам (сөз, тіл) — спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам — мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға «исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым» деген анықтама береді. Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер — құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады. Қаламның беделді мектептерінің бірі — мутазилизмде — (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) — рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады. Суфизм — «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын «алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ» қағидасымен алмастырды. Суфизм — ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю. Юсуф ибн Исхак әл Кинди (800-870) — араб философиясының көрнекті өкілі, «фалсафа» терминінің тарихта қалуына бірден-бір себепкер. Ұмыт бола бастаған грек мәдениетін қалпына келтіріп, жарыққа шығарған осы ойшыл деуге әбден болады. Ол зерттемеген ғылым саласы жоқ, логика, математика, этика, музыка салаларынан 240-қа жуық еңбек жазған. Ең бастылары — философия саласындағы зерттеулері- Аристотельдің ірі еңбектерін араб тіліне аударған әл Кинди оның философиясын аса құрметтеп, философияны танып-білгісі келген адам әуелі Афистотельді зерттеуді қолға алғаны жөн дейді: «Әрбір істің басшысы алла, бірақ білім бұлағы — Аристотель». Оның пікірінше, жеке адам, ол керемет қабілетті болған күннің өзінде де ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды, сондықтан бұрынғы заманда өмір сүрген басқа халықтар қол жеткізген білімді міндетті түрде игеру қажет. Даналыққа ие болатын адам -өзіне дейін өмір сүрген адамдардың интеллектуальдік жетістіктерін игерген адам ғана: «Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқат-пен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше — ақиқат кез-келген адамды нұрландырады». Әл Кинди философияны христиан ойшылдары секілді теологияға кегендемейді, керісінше, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байла-ныстырады, философияны энциклопедиялық ғылыми білімді қорытын-дылаушы және оның негізі деп қарастырады. Оның пікірінше философияны игеру үшін математиканы жақсы білу керек. Математиканы ол төрт саладан тұрады деп қарастырады: 1) сан туралы ғылым — арифметика және гармония; 2) қатаң дәлеледерге негізделген, алаңдардың өлшемі туралы ғылым — геометрия; 3) жұлдыздар туралы ғылымдар — астрономия және астрология; 4) гармония — осы үш саланы біріктіретін ғылым. Гармония барлық нәрселерге тән, ол дыбыстарда, әлемде және адамдардың жанында бар. Әл Кинди осы төрт ғылымның негізгісі –ең біріншісі — сандар туралы ғылым деп есептейді: «Сандар болмаса, есептеуге жататын нәрсе де бол-майды». Әл Кинди білімді екі түрге бөледі: сезімдік және ақыл-ой, зерделік. Біріншісі адамға да, жануарға да тән. Екіншісі — адамта ғана, ол математикалық білім, ол нанымға емес, дәлелдерге негізделген. Әл Кинди философияны осылайша рационалистік тұрғыдан түсіндіреді, бірақ оның шыңы — құдайылыққа жету дейді: «Ешқандай философ Мұхаммед уағыздары секілді қысқа, анық, қарапайым, толық жауаптар бере алмайды. Құдайы білімге логика да, математика да қажет емес. Нағыз философия — ақиқатты тану». Әл Киндидің онтологиялыц пайымдаулары да құнды: ол болмысты бес нәрсе сипаттайды дейді: материя, форма, қозғалыс, кеністік және уақыт. Дүниені алла «ештеңеден» жаратты дей отырып, әл Кинди мате-рияны негізгі, анықтаушы мән ретінде түсіндіреді: «Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құралған. Ол ешқашан жойылып кетпейді, өзінде барлық нәрсені ұстап тұрады». Әл Кинди форма дегеніміз мүмкіндік деп түсінеді, материяда ішкі мүмкіндік бар, материядан әр түрлі заттар пайда болады, осы заттар тудыратын мүмкіндік — форма. Мысалы, жылылық пен құрғақтықта — материя болса, екеуі біріккенде материя отқа — формаға айналады. Қозғалысты әл Кинди алты түрге бөледі: пайда болу, жойылу, өзгеру, ұлғаю, бір орыннан екінші орынға ауысу. Ал орын — дененің нақтылы алатын кеңістігі. Уақыт — қозғалысты есептеуші сан, өткен мен болашақты байланыстырып тұрған ойдағы «қазір». Әл Кинди философиясының маңызды бір бөлігі — оның өмір құбылыс-тарына деген философиялық көзқарасы, «философиялық өмір позициясы » теориясы немесе ортагасырлық психотерапевтік кеңестері: …жағымды және жағымсыз заттар табиғатынан солай емес, әрекеттер мен күйлерді жиі қайталап әдеттенгендіктен солай. 1) Қайғы бір нәрсенің, не өзіміздің, не бөтеннің іс-әрекетінің салдары. Ол бізге байланысты болса, онда өзімізге қайғы әкелетін нәрсені жасамауға тырысуымыз керек. Басқа адамға байланысты болса, оларға кедергі жасау-ымыз керек. Ештеңе жасай алмайтын болсақ та, күні бұрын қайғыланудың керегі жоқ: біздің араласуымызсыз-ақ та кедергі жасалынуы әбден мүмкін ғой. Ал бізге қайғы әкелетін әрекет іс жүзінде жасалған жағдайда қайғы-мызды азайтатын қадамдар жөнінде ойланған жөн. Ол үшін: 2) Бізде болған және басқалардың басына түскен қайғылы жағдайларды еске алу керек. Олардың бәрі ұмытылды ғой. 3) Қайғылы болмаған адам жоқ, бірақ адамдардың бөрі де қуанып, көңілденеді. Себебі, қайғы адамның күйі ғана, ол туа біткен, тұрақты нәрсе емес. 4) Қайғы-мұңсыз өмір сүргісі келген адам — өмір сүргісі келмеген адам. Себебі, қайғы-мұң өмірдің ажырамас жағы. 5) Басқа адам біздегі нәрседен молырақ нәрсеге ие болса, көре алма-ушылық, іштарлық көрсетіп, өз өмірімізді әзіміз уламауымыз керек. Біздің жанымыздың рухани байлығы біздің, тек қана біздің меншігіміз. 6) Біздің үлесімізді Жаратушымыз кез-келген уақытта алып, басқаға беруі мүмкін, оған ренжіп керегі жоқ. Жалпы және үнемі қайта-қайта бөлініп отыратын байлықтан алған қарызымызды қайтарғанға қайғылануға болмайды: біз ұсақ-түйекті ғана қайтарамыз, ал оның ұлы сыйы -жанымызды сақтап қаламыз. 7) Нағыз қайғыланатын болсақ, бұл қайғы абсолютті — толық және мәңгілік болуы керек. Бірақ біз қайғыланып керегі жоқ деп шешіп едік ой Адам өзіне қажет емес, өмір сүруін ауырлатып, кедерп келтіретін көптеген нәрселерге ұмтылады. 8) Біз заттардың ақиқат мәнін айыруымыз қажет, нағыз жаман нәрсені гана жек керу керек. Мысалы, өлім. Одан жаман нәрсе жоқ, бірақ ол адам өмірінін ажырмас жағы және адам өлгеннен соң бақытсыздық пен азап жоқ интеллигибелді дүниеге кешеді. 9) Бірдеңені жоғалтқанда адам өзінде қалған материалдық және рухани байлықты есінде сақтаса, осылайша өзін-өзі жұбатады. 10) Бір қайғы бізді күтіп тұрған қайғы-бақытсыздыктардың санын азайтады. Әл Киндидің бұл шығармасында антикалық идеялар көп кездеседі, сондықтан кейбір ойшылдар бұл еңбекті Фемистийдің араб тіліне аудармасы деп қателесті. Әл Кинди адам өмірінің мақсаты — бақытқа жету және оны ақыл-ой дүниесінен, интеллигибелді дүниеден іздеу керек деп түсіндірді (Алям аль Акль, аль Алям аль Акли — Әлем әл Ақыл, әл Әлем Ақыл). Әл Ғазали (1059-1111) — мұсылман дүниесінде беделі мықты, Мұхам-мед пайғамбардан кейінгі екінші мұсылман деген атаққа ие болған ойшыл. Мұсылмандық Шығыс жұртының әлеуметтік-тарихи дамуы Ибн Сина кезеңінен соң құлдырай бастады, бірақ мұсылмандық оқу орындары көбейді. Солардың бірінде, селжүк сұлтаны Мелик шахтың уәзірі Низам әл Мүлік Бағдатта ашқан теологиялық академияда әл Ғазали ұстаздық және басшылық етті. Ол үнемі ізденіс-күдік процесін басынан кешті, ақиқатқа Августин Аврелий секілді қиын жолмен жетті, фикх — мұсылмандық құқықтан дәріс бергенімен, өмірінің соңында таза сопылық жолына түсті. Әл Фараби мен ибн Синаны кеп зерттеген әл Ғазали өзінің пікірлерін «Философтарды терістеу» еңбегінде баяндады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]