Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_otvety_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235 Кб
Скачать
☆
  1. Буддизм- философиялық жүйе және әлемдік дін

Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. Негізгі еңбегі «трипитака». Ен басты бағыты хинаяна (кіші күйме) және махаяна (улкен күйме) «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.

1.Азаптану.

2.Азаптанудың себебі.

3.Азаптанудан босану.

4.Азаптанудан босануға апаратын жол.

Будда ілімі бойынша адамдар бес топ элементтер-драхмалардан құралған, олар барлық тәндік және психикалық құбылыстарды құрайды. Бұл драхмалар тудырушы: 1) тән үлгісі,2) сезімдер; 3) түсініктер; 4) кармалық іздер; 5) сана.

Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:

1.Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, он ы тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;

2.Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;

3.Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;

4.Дұрыс істер.Теріс ниетті,  қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;

5.Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;

6.Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;

7.Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;

8.Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]