- •1.Психологияның зерттеу пәні туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз
- •2. Психиканы зерттеу объектісі ретінде түсіндіріңіз
- •3. Қазіргі жаңа психологияның бағыттары мен салаларын анықтаңыз.
- •4. Психика және сана ұғымдарын түсіндіріңіз
- •5. Бейсаналық процестерді анықтаңыз
- •6. Психологияның зерттеу әдістері туралы талдаңыз
- •7.Тестерді психологияда қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •8. Психологияда қолданылатын психотерапевтік әдістерді талдаңыз
- •10.Психологиялық мектептер-гуманистік психологияны түсіндіріңіз
- •14. Психологиядағы эксперименттік әдістердің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •15. Психологиядағы жүйелік ықпалдың рөлін анықтаңыз.
- •19. Психиканың қорғаныс механизмдерін талдаңыз (Психоанализ).
- •20. Адам дамуының жас периодизациясын-психологиялық аспектіде талдаңыз.
- •21Э.Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы
- •22.Психологиялық дағдарыстар ұғымын талдап, түсіндіріңіз
- •23.Индивид ретіндегі адамның психологиялық сипаттамасына интерпретациялық негіздемені тұжырымдаңыз
- •26.Мінез типологиясын психологиялық деңгейде бағалаңыз оның мәні мен маңызын ашыңыз және түсіндіріңіз
- •29.Психоанализдегі тұлғаның даму мәселелерінің өзіндік ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз
- •30. Тұлға психодиагностикасын талдап, негіздеме беріңіз
- •31.Тұлға социализациясын психологиялық аспектіде талдап түсіндіріңіз
- •35 «Мен» және әлеуметтік әлем туралы зерттеу тенденцияларын түсіндіріңіз
- •42. Қабілет психологиясының негізгі сұрақтарын түсіндіріп талдаңыз
- •43. Индивидуалдылық және тұлға қабілеттілігі ұғымдарын психологиялық талдаумен негі.
- •44. Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын психологиялық талдаңыз.
- •45. Қарым-қатынастың функц., деңгейлері ұғымдарын псих-қ аспектіде талдап тұжырымд.
- •46. Вербалды емес қарым-қатынасты психологиялық аспектіде негіздеп талдаңыз
- •47. Вербалды қарым-қатынас және сөзді псих-қ талдау жайлы оның псих-қ мәнін түсіндір.
- •48. Эмоция психология-ғы негізгі ұғым баяндай от-п, адам мінез-құлқын рет-гі мәнін ашың
- •49. Тұлғаның эмоциялық әлемін психологиялық деңгейде талдай отырып түсіндіріңіз
- •50. Эмоция псих-ның негізгі ұғымдарын талдап түсіндіріңіз және өз пікіріңізді негіздеңіз
- •54 Топтардың түрлері, даму деңгейлері, топтарды зерттеу әдістеріне психологиялық талдау жасаңыз
- •56, Топтағы қарым-қатынас пен және әлеуметтік қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық аспектіде түсіндіріңіз және талдау беріңіз
56, Топтағы қарым-қатынас пен және әлеуметтік қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық аспектіде түсіндіріңіз және талдау беріңіз
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
М.И.Лисина «Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» — деп көрсетеді.
«Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік – психологялық құбылыс» — дейді өз еңбегінде Б.Д.Парыгин.
Е.В.Руденский бойынша, қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; — адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; — қарым-қатынас субъектілердің өзара іс-әрекеті.
Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» — деп көрсетеді.
Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас — көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
57, Психологияның қолданбалы аспектілері - психологиялық консультация ұғымын талдап түсіндіріңіз Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдеріКеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты – психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы. Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау).Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі — консультативті болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру.Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже. Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу. 1referat.kzҚорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.Психологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.Психологтың кеңес алушымен алғашқы кездесу кезіндегі әңгімесі.10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес алушы адам психологқа өзі туралы, өзін мазалап жүрген мәселесі туралы толық айтуы керек. Психолог зейін қоя тыңдайды. Психологиялық кеңес адамдарға психологиялық көмек берудің ең күрделі түрі. Кеңес алушы адамға өз проблемасын психологтың көмегінсіз шеше алатындай болғанға дейін беріледі.Психологиялық кеңес:1.Туындаған мәселенің күрделілігіне байланысты 1-2 рет немесе оданда да көп кеңес берілуі мүмкін.2.Кеңес алушының бір ғана мәселесі емес жеке жеке кеңесті талап ететін бірнеше мәселелері болуы мүмкін.3.Мәселе бірден шешілуі мүмкін. Тек ғана кеңес алушыға қосымша қолдау, қолпаштау, ерік, жігер қажет болған жағдайда психологиялық кеңес қысқа уақыт мерзімді қамтиды.
58 Психологияның қолданбалы аспектілері-психотерапия жайлы зерттеулерді негіздеп түсіндіріңіз және мысалдар беріңіз Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек. Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді
59 Әлеуметтік-психологиялық тренингтер жайлы түсініктерді негіздеп түсіндіріңіз. Психологияның әлеуметтік-психологиялық тренинг теориясы сияқты саласы өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жыл өткен сайын өзінің жаңа ғылыми жолдары ашылып, мектептер, өзінің жетілген тихникалық моделдері, жаттығулары жетіліп жаңаша бағыт алып отырады. Көптеген авторлар психологиялық тренингтің негізгі мәселелік жағдайы оның ұйымдастырылуының біркелкі еместігіне, топпен жұмыс жасау кезінде топтарды ұйымдастурыды бір жүйеге келмегендігін айтады. Бірақ сонымен қатар, осы айтылған мәселелер тренинг курстарынан кейін адамның теориялық жүйесінде өзін бағалауы артып, методикалық ұстанымдары бір жүйеге келіп жоғарғы деңгейде жұмыс өтілін жинайды.Вочков өзінің еңбегінде – «Жаттығалар, методтар, әдістер, кез келген психологиялық мектептің тренингі болсын ондағы треингтің жоғарғы деңгейде өтуі тренер тренинг инструменттерін қалай қолдана алғанына, шеберлігіне және онымен жұмыс жасаушыларға байланысты» — деп айтқан. Осыдан 20 жыл өтседе осы мәселелер өзінің өзектілігін жоғалтпаған.Г.В. Исурин өзінің 1998 жылғы психологиялық тренинг жайлы мақаласында, жазады:«Практикада, өкінішке қарай, әртүрлі психологиялық интервенциялар профессионалдық талаптарды қанағаттандырмайды. Практикалық психологиялық араласу, әрқашанда өзінің теориялық базаға ие бола бермейді. Қазіргі таңда психологтардың «теориялық өзіндік анықтауы» болуы өте маңызды. Бұл үшін тек дитактикалық жаттығулардың болуы жеткіліксіз. Өзіндік практикаға сүйене отырып тәжірибелі психологтың көмегімен жүргізілген тренинг жұмыстары, қатысушылардың тек өзіндік сана сезімнің жетілуіне ғана емес сонымен қатар өзін топтағы өзге де қатысушылармен бір тұтас сезінуі, және топтағы түсіністіктің арқасында өзіндік сана сезімнің жетілуі, топтағы жеке мәселелердің алдын алуға және психологиялық әсер етудің алдын алады».Осыдан келе, тренинг жұмыстарын жоғарғы деңгейде өткізу мәселесінде, басты рөлде: «дұрыс теория», тренердің өзіндік қасиеттері және дайындық дәрежесі, пайдаланған құрал жабдықтары тұрады.Қазіргі таңда психологиялық тренинг саласын зерттеп жүрген көптеген ғалымдапсихологиялық тренингтің практикалық қолдану аймағын психологиялық көмек, түзету және өізндік сана-сезімнің жетілуін қамтиды. Дәстүрлі психоллгиялық тренинг өзіндік тәжірибені арттыру, өзіндік түсінік, рефлексия, өзіне деген және айналасындағыларға көзқарасының өзгеруі, өзін-өзі басқару дәрежесін көтеру, эмоциялық ойлаудың шапшаңдығын арттыру, қатысушылардың әлеуметтік адаптация деңгейін көтеру үшін қолданылады. Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.
60 Қарым-қатынас психологиясындағы психотехнологиялар мен психодиагностиканы талдап негіздеңіз. Психодиагностика (психо... және гр. diagnostikos - айырып тануға қабілетті) — адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын,сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады. Педагог психотехнолог болуға міндетті. Психотехнология – бұл адамдарды басқаруда психологияның техниканы практикада қолдану жөніндегі ғылым. «Психотехнология» терминін өз құрамында 3 құрамдас бөлігі бар: «психо», «техно», «логия» оны талдағанда «психотехнологияның» мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Грек тілінен аударғанда «психе»- жанды , «техно»- өнер, шеберлік дегенді тура білдіреді, ал «логос» - сөз, оқуды білдіреді Психодиагностика» сөзі – «психологиялық диагноз қою» дегенді немесе, адамның нақты психологиялық жағдайы немесе жекеше психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді. Педагогикалық технология – оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы Технология: techne - өнер, шеберлік жэне logos — ғылым, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген ұғымды білдіретін гректің сөзі. Технология - бұл өнер, шеберлік, іскерлік, белгілі бір қалыпты өндеу, өзгерту эдістерінің жиынтығы ( В.М.Шепель) Дегенмен психодиагностика психологиялык іс-әрекетінің жеке, өз алдына дербес сферасы ретінде қалыптасқан. Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау. Психодиагностика - кез-келген психологиялық - педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістері болжам жасауда көрініс тауып , тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен , ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жағдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің , біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге , үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет. Психологиялық кеңеспен шұғылданушы маман клиентке қандай-да бір кеңес беруден бұрын, дұрыс диагноз қоя білуі тиіс, клиентті толғандыратын психологиялық мәселенің мәнін бағалауы шарт. Маман бұл жағдайда клиентпен болған жеке сұхбат пен оны бақылаудың нәтижелеріне сүйенеді.
1.Психологияның зерттеу пәні туралы өз ойыңызды тұжырымдаңы
2. Психиканы зерттеу объектісі ретінде түсіндіріңіз
3. Қазіргі жаңа психологияның бағыттары мен салаларын анықтаңыз
4.Психика және сана ұғымдарын түсіндіріңіз
5 .Бейсаналық процестерді анықтаңыз
6 Психологияның зерттеу әдістері туралы талдаңыз
7 .Тестерді психологияда қолдану ерекшеліктерін
8 Психологияда қолданылатын психотерапевтік әдістерді талдаңыз
9 Психологиялық мектептер-психоанализді талдаңыз
10. Психологиялық мектептер-гуманистік психологияны түсіндіріңіз
11 Психологиялық мектеп-трансактілік анализді талдап түсіндіріңіз (Э.
12 Психологиялық мектептер-бихевиоризм мектебінің ерекшеліктерін
13 Іс-әрекет психологиясын талдаңыз
14 Психологиядағы эксперименттік әдістердің ерекшеліктерін түсін
15 Психологиядағы жүйелік ықпалдың рөлін анықтаңыз
16 Адамның жас ерекшелігінің психологиялық сипаттамасын талдап тү
17 Психология ғылымының дамуының тарихын түсіндіріп
18 Э. Берн трансактілік анализ бойынша мінез-құлықтың формалары
19 Психиканың қорғаныс механизмдерін талдаңыз (Психоанализ).
20 Адам дамуының жас периодизациясын-психологиялық аспект
21 Э.Эриксонның эпигенетикалық теориясын талдап түсіндіріңіз
22 Психологиялық дағдарыстар ұғымын талдап, түсіндіріңіз
23 Индивид ретіндегі адамның психологиялық сипаттамасына
24 Конституция типтері талдаңыз және негіздеңіз (Кречмер) .
25 Психологиядағы темперамент типтерін талдап, мысалдар келіріңіз
26 Мінез типологиясын психологиялық деңгейде бағалаңыз оның мәні
27 Психологиядағы тұлға мәселесіне тұжырымдама жасаңыз, түс
28 Тұлға психологиясындағы тұлға құрылымдары, тұлға динамикасын анықтап түсіндіріңі
29 Психоанализдегі тұлғаның даму мәселелерінің өзіндік ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз
30 Тұлға психодиагностикасын талдап, негіздеме беріңіз.
31 Тұлға социализациясын психологиялық аспектіде талдап түсіндіріңі
32 Социализация психикалық дамудың механизмі ретінде- п
33 Социализацияның ерекшеліктеріне психологиялық интерпретация
34 Писхологиядағы «Мен» -концепциялар» ұғымын негіздеп, талдаңыз
35 Мен» және әлеуметтік әлем туралы зерттеу тенденцияларын түсі
36 Сана және мінез-құлық ұғымын психологияда қарастырған зертте
37 «Іс-әрекеттің индивидуалды стилі» жайлы түсініктердің пси
38 Адам-белгілер» жүйелеріндегі іс-әрекет түрлерін психологиялық
39 Адам-адам» жүйелеріндегі іс-әрекет түрлері психологиялық асп
40 Тәжірибе индивидуалдылықтың психологиялық сипаттамасы ретінде
41 Тұлғаның индивидуалды-типологиялық ерекшеліктеріне (тем
42 Қабілет психологиясының негізгі сұрақтарын түсіндіріп талдаңыз
43 Индивидуалдылық және тұлға қабілеттілігі ұғымдарын псих
44 Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын
45 Қарым-қатынастың функциялары, деңгейлері ұғымдарын пс
46 Вербалды емес қарым-қатынасты психологиялық аспектіде негіздеп
47 Вербалды қарым-қатынас және сөзді психологиялық талдау жайлы
48 Эмоция психологиясындағы негізгі ұғымдарды баяндай отыры
49 Тұлғаның эмоциялық әлемін психологиялық деңгейде тал
50 Эмоция психологиясының негізгі ұғымдарын талдап түсіндіріңіз ж
51 Эмоция мен сезімдердің психологиялық аспектісін талдай отырып
52 Эмоцияның және сезімнің түрлері және функциялары және адам
53 Топ психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын талдап түсінідіріңіз
54 Топтардың түрлері, даму деңгейлері, топтарды зерттеу әдістеріне
55 Топтағы конфликтілерді шешу психологиясын талдаңыз
56 Топтағы қарым-қатынас пен және әлеуметтік қарым-қатынастың
57 Психологияның қолданбалы аспектілері - психологиялық
58 Психологияның қолданбалы аспектілері-психотерапия жайлы
59 Әлеуметтік-психологиялық тренингтер жайлы түсініктерді негіздеп
60 Қарым-қатынас психологиясындағы психотехноло гиялар мен
