Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_zhauaptary.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
471 Кб
Скачать
☆

6. Психологияның зерттеу әдістері туралы талдаңыз

Психология əдiстерi. Ғылым- ең алдымен зерттеуiсi. Сондықтан, ғылым

сипаттамасы тек оның пəнiн анықтау-мен шектелмей, əдiстер аймағын тануды да қамтиды. Əдiстер дегенiмiз ғылымның пəндiк мазмұнын анықтаудың жолдары, тəсiлдерi. Ғылым əдiстерi жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негiзгi заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу əдiстерi ғылымның өзiмен бiрге дамып, өзгерiстерге келiп отырады. Зерттеу əдiстерi қандай да бiр əдiснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми-психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар келесiдей:

1. Құбылыстардың сыртқы көрiнiсi мен олардыңiшкi табиғаты арасындағы толық сəйкестiктi таба бiлу;

2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо-физиоло-гиялық принциптi негiзге алу шарт, бiрақ физиологиялық(биологиялық) бiлiмдер мен факторларды көмекшi құрал ретiнде пайдалану қажет;

3. Психологиялық зерттеулердiң, негiзiнен, адам əрекетiн əлеуметтiк-тарихи талдау нəтижесiне арқа сүйеуi;

4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, iс-əрекетi жəне оларды қозғаушы күштердiң үздiксiз дамуы процесiнде нақтылау. Əрқандай ғылым сияқты психология да қилы əдiстер-дiң тұтас жүйесiн пайдаланады. Қазiргi заман ғылыми психо-логиясында əдiстердiң келесi 4 тобы қолданымын табуда:

Ұйымдастыру əдiстерi өзiшiне салыстыру əдiсi (əрқандай топты жасы, қызметi т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд əдiсi (бiр адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстiк əдiс(зерттеуге əртүрлi ғылымдар өкiлдерi қатысып, бiр объектiнi жан-жақты, əртүрлi құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудiң нəтижесiнде сан қилы құбылыстар мен байланыстар жəне тəуелдi қатынастарды ашу мүмкiндiгi туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық жəне əлеуметтiк тұрғыдан даму байланысы.

Эмпирикалық əдiстер. Бұл топқа енетiндер: бақылау мен өзiндiк бақылау, эксперименталды(лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) əдiстер; психологиялық болжау(психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, əңгiмелесу əдiстерi; шығармашылық, iс-əрекет өнiмдерiн талдау əдiстерi; өмiрбаянымен танысу əдiстерi.

Деректердi өңдеу əдiстерi: сандық(статистикалық) жəне сапалық(алынған материалды топқа жiктеу, талдау) əдiстерi.

Реттеу- түзету əдiстерi: аутотренинг, топ тренингi, психотерапиялық ықпал ету əдiсi, оқу-үйрету əдiсi.

7.Тестерді психологияда қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз

Кез келген салада қызмет ететін психолог психологиялық көмек көрсету барысында этикалық принциптерді қолда-нады. Психологиялық көмек көрсету бары-сындағы «психодиагностика» бағыты елеулі орынға ие. Өйткені, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу барысында этикалық принциптерге арқау артпаса, онда психолог психодиагностикалық жұмысы-ның адекваттылығына ешқандай кепілдік бере алмаймыз.

Сондықтан да психологиялық диаг-ностиканың этикалық-құқықтық аспек-тілері психологтың назарын талап ететін өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Жалпы алғанда, психодиагностика - жеке адамның даралық-психологиялық, даралық-психофизиологиялық ерекшелік-терін тану және бағалаудың жолдары мен тәсілдерін зерттейтін психологияның бір саласы болмақ және психологиялық диаг-ноз қоюдың ғылымы мен практикасы бо-лып табылады.

«Диагноз» термині организімнің қа-лыпты қызмет етудің ретінде немесе даму-дың кез келген ауытқу ретінде тану және нақты обьектінің жағдайын анықтау ретінде түсініле бастады. Диагностикалық жұмыстың мақсаттарына байланысты пси-хологтың қойған диагнозының тағдыры әр түрлі болуы мүмкін. Қойылған диагноз зерттелініп отырған жеке тұлғаның қасиет-тері туралы ақпараттар мен коррекциялық-дамыту нұсқаулары маманадарға (дәрігер, педагог, дефектолог, логопед, психолог) ұсынылып, олар оны зерттелініп отырған жеке тұлғамен жұмыс істеуде қолдана алады Яғни, зерттеу нәтижесінен кейін психолог зерттелушімен коррекциялық-дамыту, консультациялық, психотерапевтік жұмыстарды жүргізеді.

Сонымен бірге педагог психолог тек диагноз қоюмен ғана шектелмейді, жеке тұлғаның дамуын және оқушылардың қабілеттіліктерінің дамуын қамтамасыз ететін бағдарламаны құрып, сол бағдар-ламаның және нұсқаулардың орындалуын қадағалауы қажет.

Психологиялық қызметтегі диагнос-тиканың басты мағынасы - балаларды бір-бірімен салыстыру емес, әрбір баланың ішкі дүниесіне терең үңіле біліп және баланың жан дүниесін түсіну болып табылады.

Психодиагностика көмегімен прак-тик психолог мына негізгі міндеттерді ше-шеді (Немов Р.С., 1995):

- Адамда психологиялық қасиет-тердің немесе мінез-құлық ерекше-ліктерінің болуын анықтау;

- Белгілі қандайда бір қасиеттің даму деңгейін анықтау (сандық және сапалық);

- Адамда диагносталған психоло-гиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін бейнелеу;

- Әртүрлі адамдардың зерттелген қасиеттерінің даму деңгейін салыстыру;

Сонымен бірге психодиагностика адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыдан талдайды.

Психологтың кәсіби іс-әрекеті этика-лық нормалар мен талаптар аясынан шықпауы керек. Яғни, психолог психоло-гиялық зерттеу әдістерін және әдісте-мелерін жақсы білуі қажет және оларды тәжірибеде қолдануда кәсіби-этикалық принциптерді білуі және сақтауы маңызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]