Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_zhauaptary.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
471 Кб
Скачать
☆

10.Психологиялық мектептер-гуманистік психологияны түсіндіріңіз

Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт. Гуманистік психологияның мынадай негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады:[1]

  • адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;

  • әрбір адам қайталанбас тұлға;

  • адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;

  • адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;

  • адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;

  • өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;

  • адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.

Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын тірі жан ретінде қарастырады

11. Психологиялық мектеп-трансактілік анализді талдап түсіндіріңіз (Э. Берн). Трансактілік анализ – Эрик Берн жасаған топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдіс. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдауына негізделіп жасалған. ТА басты мақсаты тұлғалық өзгерістерге бағытталған. Бірақ жеке адамды түсіну мәселесі қарастырылмайды. Керісінше, ұғыну жеке адамның өзгеруіне негіз болды. өзгеру басқаша шешімдер қабылдап, оларды белсенді жүзеге асыруға бағытталған. Сондықтан мәселенің негізін шешу мерзімі, уақыты ТА теориясына сай жүргізіледі. Негізгі мақсат: адамның мінез-құлқы, ойлары мен сезімдерінің арасындағы байланыстылықты анықтау. ТА теориясының негізінде бірнеше басты ойлар жатыр. «Эго» – қалпы моделі. ТА негізі эго – қалпы модельі болып табылады. «Эго» – қалпы – бұл қазіргі уақыттағы біздің тұлғамыздың көріну тәсілі, ал бұл тәсіл қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің тәсілдерінің бір-бірімен байланысып бірігуі. Бұл модель үш әртүрлі эго – қалпын сипаттайды. Егер мен «қазір және осында» деген принцип ұстансам, бүкіл ересек адам потенциялын қолдансам, онда мен Ересек эго – қалпында болғаным. Кейде мен өзімді ата-анамды немесе ата-анамдай қабылдайтын басқа адамдар тәрізді ұстаймын, ойлаймын. Бұл жағдайда мен Ата-ана эго – қалпында боламын. Кейде мен балалық шақтағы сезімдерге, ойларға, қылық-әрекеттке ораламын. Бұл жағдайда мен Бала эго – қалпында боламын. Осылай біз тұлғаның үшмүшелі эго – қалпын аламыз. Бұл модель тұлғаның қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің арасындағы нақты байланысты анықтауға көмектеседі. Функционалды модель көріп тұрған қылық-әрекет тәсілдерді классификациялайды, ал құрылымдық модель – есте қалғандылық пен стратегиялар. Эрик Берн эго – қалпын танудың төрт тәсілін келтіреді: қылық-әрекет диагнозы, әлеуметтік диагноз, тарихи диагноз,феноменалогиялық диагноз. Қылық-әрекеттік диагнозда адамның қылық- әрекетін бақылау арқылы біз оның қандай эго – қалпында тұрғаны туралы қорытынды жасаймыз. Бақылау кезінде сөздерді, дауыс ырғағын, қимылдарды, дене тұрысын, бет әлпетін естіп-көре аламыз. Әлеуеметтік диагнозда мен өзімнің қандай эго – қалпында тұрғанымды басқа адамның қандай эго – қалпында тұрып менімен байланыс жасап тұрғаны арқылы біле аламын. Тарихи диагнозда біз адамның бала кезнде қандай болғаны туралы сұрақ қоямыз. Біз оның ата-анасы және парентальді тұлғалар жайлы сұраймыз. Осы барлық төрт диагноз түрінде қолдану керек. Кейде эго – қалыптарды қате қабылдауымыз мүмкін: бала эго – қалпын ата-ана эго – қалпы деп, ата-ана эго – қалпын ересек деп т.с.с. бұл жағдайды контоминдалған(«ластанған») дейді. Берн бойынша адамдар бірнеше эго – қалыптарын қоса алады. Трансакциялар. Коммуникация болғанда трансакцияда болады. Коммуникацияның бастамасын стимул, ал жауапты – реакция. Берн бойынша, трансакция «әлеуеметтік өзара әрекет етудің негізгі бірлігі».Параллельді (толықтырушы) трансакциялар – трансакционды векторлар бір-біріне параллель, ал олар реакция көзі болып табылатын эго – қалпына бағытталғанды білдіреді. Коммуникацияның бірінші заңы.Параллельдітрансакцияда күту элементі бар.кез келген әңгіменің соңы бар. Бірақта трансакция параллельді болып қалғанға шейін комммуникация процессінде стимул және реакция кезегі бітпейді. Коммуникацияның екінші ережесі бойынша қиылысатын трансакциялар кезінде коммуниказияның үзілуі болады, оны қалпына келтіру үшін біреуіне немесе екеуіне де өзінің эго – қалпын өзгерту керек.Коммуникацияның үшінші ережесі бойынша жасырылған трансакцияның қылық-әрекеттік нәтижесі әлеуемметтік емес, психологиялық деңгейде анықталады. 12. Психологиялық мектептер-бихевиоризм мектебінің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бихевиоризм - ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, əрекет-қылықты зерттеу деп бiлдi. Бихевиоризм теориясы негiзiнде адам мен хайуанаттардың əрекет-қылығы сыртқы орта əсерiне(стимул) болған организмнiң керi (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсiнiк жатыр. ХIХ-ХХ ғ.ғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттiк талдауға салу нəтижесiнде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзiн-өзi бақылау тəсiлiн пайдалану мүмкiн болмағандықтан, эксперимент жасау əдiсi iске қосылды. Бұл əдiстi бихевиористер адам психикасын зерттеуге де қолданды. Бихевиоризмнiң жалпы əдiснамалық алғы шарты позитивизмнiң философиялық принциптерiнен шығады. Осы принцип-терге сəйкес ғылым тек бақылау жүргiзiп отырған затын баяндауы тиiс, ал бақылауға тiкелей берiлмеген мəлiметтермен iшкi механизмдердi талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, əрекет-қылықты зерттеуi керек деген негiзгi тезис тұжырымдады. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективтi мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниенi бейнелейтiн мидың нақты қызметi екенiн олар мойындамайды, сөйтедi де психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихеворизм теориясын қалаушы - Э. Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, "бихевиоризм" терминiн енгiзген Дж. Уотсон. Бихевиоризм тағлиматының кризистiк халге жетуi - сана, ойлау, ерiк сияқты негiзгi ұғымдарды психо-логиядан шығарып тастап, психиканың əлеуметтiк жағын ескермеуiнде.

13. Іс-әрекет психологиясын талдаңыз. Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.

Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.

А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді.

Психикалық іс-әрекет - субъектінің объектімен өзара әрекет ету функциясын сипаттайтын ұғымАдам іс-әрекеті өзге тіршілік иелерімен ерекшеленеді.Жануар белсенділігі жаратылыстық қажеттілікке байланысты болса, адам іс-әрекеті адамзаттың бұрын-соңғы жасалған мәдени- тарихи жетістіктеріне сүйеніп оны қажеттіліктерінде сүйене жалғастырады.

Адам іс-әрекеті күрделі қимыл қозғалыстық біліктілік пен дағдыға байланысты.

Адам іс-әрекетінің басқа тіршілік иелері мен айырмашылығын белгілеп көрейік.

  1. Адам іс-әрекеті жемісті шығармашылықты, жасампаздыққа ие.

  2. Ал жануарлар белсенділігі тұтынукшылық негізде болады.

  3. Адам іс-әрекеті заттық материалдық, рухани мәдениетпен

Бұларды өз дамуы үшін пайдаланады. Ал жануарлар өз биалогиялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайды.

Заттық іс-әрекет дегеніміз – ол белгілі бір іске тікелей байланысты болады. Мысалы танымдық іс-әрекет пәні түрлі мәлімет оқу іс-әрекетінің пәні- білім, білік дағды болса іс-әрекетінің пәні- жасамдал материалдық жеміс (нәтижесі) болады.

Кез келген іс-әректтің құрылымы болады. Олардың құрылымына: Әрекет пен операция жатады.Әрекет – іс-әрекеттің бір бөлшегі ол адамның саналы мақсаты мен дербестігі мен жүзеге асады.Мысалы: Танымдық іс-әрекеттегі әрекетте кітапты алу, оны оқу, ол бойынша дайындалу сияқты әрекеттер бар.

Операция — әрекетті жүзеге асыруда болатын тәсілді айтамыз.

Іс-әрекетті жүзеге асыру құралы – ол әрекет пен операцияны жүзеге асыру үшін пайдаланатын құрал , инструменттер жатады.

Кез келген адам іс-әрекетінің ішкі және сыртқы компоненттері болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]